Реферат тақырыбы: Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамдағы орнығуы Орындаған: Сарсенгалиев Мейрамбек



бет2/7
Дата18.03.2024
өлшемі259.85 Kb.
#495999
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
СӨЖ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет дамуының негізі оның халқының әлеуметтік жағдайының жоғары болуымен бағаланады. Ал әлеуметтік даму тікелей қайырымдылық қызметтеріне жататындықтан, оның мемлекеттік жүйесін қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты -қоғамдағы қайырымдылықтың мемлекетте қалыптасуы мен Еуропа мемлекеттерінде қауымдық көмектің ұйымдасу деңгейін ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-қайырымдылықтың қоғамдық мәнін ашу
-зерттеудің теориялық-әдіснамаларын қарастыру
-мемлекеттердегі қайырымдылық пен қауымдық көмектің қандай дәрежеде
болғанын білу.
-ертедегі қауымдық және әлеуметтік көмектің адамдарға таралу жолдарымен
көмектердің ұйымдастырылу деңгейін анықтау.
Курстық жұмыстың пәні.Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамда орнығуы.
Курстық жұмыстың объектісі. Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесі мен Еуропа елдеріндегі қауымдық көмек.


I.Қайырымдылықтың мемлекеттік жүйесінде қалыптасуы.
1.1Қайырымдылықтың даму алғы шарттары.
Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлықжандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау).
Екіншісі — іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге үмтылу).
Қайырымдылық іс-әрекет – ерікті іс-әрекет. Оған ақысыз-пұлсыз көмек көрсетудің түрлері жатады. Мысалы, ғылымның белгілі – бір саласын дамыту мақсатында, жекелеген өнер адамдарына көмек көрсету үшін өз қалтасынан көмек көрсету жатады сол сияқты өз қаражатына ауруханалар, түрлі интернат үйлерін ашып, ақысыз-пұлсыз көмек көрсету.
Қайырымдылық іс-әрекеттің мақсаты - әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халықты, түрлі саяси т.б. Шиеленістердің зардап шегушілерді қорғау, ана
құбылыс – мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасы рөлінің маңыздылығын қалыптастыру.
Қайырымдылық құбылысы – социология ғылымының бір саласы. Ол қала өмірімен де, бос уақытты тиімді пайдаланумен де, қылмыстық істермен де тығыз байланысты. Социология ғылымының негізгі объектісі – қайырымдылықтың қоғамдағы дамуы, орны, рөлі, мәні мен мазмұны және өзінің актуалдығын жоймаған құбылыс – қайырымдылық. Яғни, қайырымдылық қоғамның, әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мінез-құлық нормасына айналу процессін зерттейді.Қайырымдылық проблемасының өзіндік тарихы,зерттелу принциптері мен теориялары бар..Ертедегі ғалымдар Платон ,Аристотелъ қайырымдылықты қоғамдық пайда контекстінде қарастырған.Олардың айтуынша қайырымдылық бұл-жеке адамның емес ,мемлекеттің ісі болып табылады.Қайрымдылықтың теориясы мен практикасының болашақта дамуын Римдік католик шіркеулер қолға алған. XVII ғасырда шіркеудің позициясы жойыла бастады,қайрымдылық қайтадан мемлекеттің құрамына енді.Азаматтық қоғам өзінің міндеттеріне барлық адамдарға көмек көрсетуді мойнына алды.Қайрымдылық әлеуметтік феномен ретінде әртүрлі нысандарға қайыр садақа беруден қоғамдағы адамдарға қамқор болуға ,әрі қарай әлеуметтік қорғаудың ұйымдастырылған мемлекеттік жүйесін қамтыды.Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады. Ол кейде кедейкепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен, қайырсадақа берумен де корініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.-қайырымдылық - ауқатсыз азаматтарға немесе заңи тұлғаларға мүлік, соның ішінде ақшалай қаражат нысанында, сондай-ақ бейкоммерциялық ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен тегін әлеуметтік қолдау (көмек) көрсету.Біреуге жақсылық жасау,жан-жануарларға,табиғатқа қамқорлық жасау-қайырымдылқтың көрінісі.Рақымды мейірімді жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейміз.Қайырымдылықты-мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады.Ол кедей көпшік,жарлы жақыбай жандарға көмектесумен,қайыр садақа берумен де көрініс табады.
Қайырымдылықтың дамуына Ресейдің христиан дінін қабылдауы игі әсер етті. Өйткені христиан дінінің басты тағылымы жақын адамға жақсылық жасау. Шіркеулердің маңында қайыршылар мен кедейлерге арнап тұрғылықты жерлер ұйымдастырылып отырды. Оларға баспана, азық-түлік және медициналық көмек көрсетілді. Жүзжылдықтар бойы орыс халқының қайырымды істері шіркеуер маңында орын алып, христиандықтардың рақымшылығына байланысты болды.
Уақыт өте келе кедейшілік одан әрі ұлғая берді. Соғыстың, көшпенділер шапқыншылығының, су тасқындарының, эпидемиялардың құрбандары ірі қалаларға ағылып, қайыршылар мен панасыздардың қатарын толтырып отырды. Соның салдарынан қайыршылардың қатары кеңейіп, олардың қоныстанған жерлері қылмыс, ауру, маскүнемдіктің ортасына айналды. Олар жұмысқа жарамды бола тұрып, өзінің қайыршылығын тек тіршілік көзіне ғана емес, сонымен бірге табысқа айналдырып алды.
ХVІІ ғасырда кедейшілікпен күрес бірқатар алға жылжыды – оған мемлекет араласа бастады.
Қайырымдылық әлеуметтік жұмыстың алғы шарты ретінде-Кедейлерге көмек көрсету-ежелгі тарихқа ие дүние.Әлеуметтік қамту процесіндегі идеялар мен бағалаулар бүгінде қолданылады.Бұрынғы кезде религиялық дактринада келісе отырып әртүрлі дәстүрлерді ұстана отырып бай болсын,кедей болсын тең дәрежеде қолдан келгенше қорқытып емес ,махаббатпен көмек беруді үйренді.Рақымшылдық парызы-барлық уидеохристиан өкілдерінің тұрақты принципі болып табылады.Олардың түсінігінше Алла жаратқан әрбір адамға рақым көрсету парыз.Бұл түсінік батыс адамдарына адамгершілікті ұйымдастыру мен негіздеуге себепші болды.Қайрымдылық ұйымдарында бірінші мәселе тұрғын үй мәселесі,содан соң жұмыс орын шарттары негізде болды.Қайырымдылық бір мезгілдік қана саясат болып отырған жоқ, ол мақсатты саясатқа айналуда. Оған кәсіпкерлер мен бизнесмендер өз үлестерін қосуда. Қоғамымызда қайырымдылықтың кең етек алуы нәтижесінде тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың қоғамның әлеуметтік саясатына сенімі молая түсуде. Қайырымдылық қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі қызметтер атқарады. Олар:
1.Байланыс қызметі (коммуникативтік). Елімізде құрылған қайырымдылық ұйымдары мен қорларының қоғамның әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына, зейнеткерлерге, мүгедектерге, тағы басқа көрсеткен көмектері арқасында олармен байланыста болуы.
2.Қоғамдағы әлеуметтік сананы қалыптастыру қызметі. Қайырымдылық ұйымдары мен қорлары мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, еліміздегі білім, ғылым, мәдени орталықтарын, дарынды балаларды қолдап, жеке өнер адамдарының көрмелерін ұйымдастырып өткізуге көмектесу арқылы қоғамда беделге ие болуы.
3.Қайырымдылықтың әлеуметтік «есте сақтау» қызметі. Қазақ халқының тереңде жатқан тарихынан тағылым алып, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге шақырып, аталар дәстүрін үйренуге баулу, ұлтаралық үйлесімділік пен жарасымдылықты насихаттау, халықтық мәдениетті жаңғыртуға көмектесу т.б. Қайырымдылық әлеуметтік проблемаларды түгелдей шешіп тастайды деуге болмайды. Бірақ, ол белгілі бір мәселелерді шешуге, адамдардың қоғамның саясатына деген сенімінің артуына, өмірге тез қарқынмен бейімделуіне, жастардың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде қайырымдылық сияқты ұлы қасиеттің қоғамда алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет