2.2Еуропа елдеріндегі қ азіргі заманғы әлеуметтік жұмыс.
Германиядағы әлеуметтік жұмыс.ХIХғасыр Германияда әлеуметтік жұмыстың бастау ғасыры болып табылады.Германияда әлеуметтік жұмыстың дамуы мен қалыптасуы мемлекеттің индустриализация әсерін тигізді.1880 жылы Герман конгресі бойынша кедейлерге қамқорлық жасауға бағытталған герман қайырымдылық одағы құрылды.Бұл орталық кеңес өз ішіне мемлекеттік,жеке меншіктік,қоғамдық әлеуметтік жұмыскерлерді біріктірді.Германия кеңесі әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік көмек сферасындағы адамдар мен жастарға денсаулық жөнінен қызмет көрсетті.1919 жылы оның атауы Қамқорлыққа алудың жеке меншік және мемлекеттік герман одағы деп өзгертілді.Бұл одақ жұмысына практиканың әлеуметтік жұмыс оқу орындарына зерттеу институттары халыққа қызмет көрсету мекемелері қатысады.Одақта өзінің орынбасарлары бар,оны тқреайым басқарады.Бұл одақ эксперттері келесі бағыттауда жұмыс істейді.
-әлеуметтік көмек және әлеуметтік саясат
-жастарға көмек көрсету
-денсаулық сауықтыру саласы бойынша
-қарттарға көмек көрсету
-туа пайда болған мүгедектерге көмек көрсету
-жүре пайда болған мүгедек балаларға көмек көрсету
-әлеуметтік жұмыс саласын жоспарлау бағытында
Осы салалар бойынша кадрлар қажет болғандықтан Германияда әлеуметтік мектептер ашыла бастады.1905 жылы алғашқы христиандық әйелдерге арналған әлеуметтік мектеп ашылды.1926 жылы Алиса Саломон Германияда әлеуметтік диагноз атты өзінің әлеуметтік жұмысқа байланысты еңдегін жариялады.Оның идеялары АҚШ- тағы Мэри Ричмондтың 1917 жылы шыққан еңбегіне ұқсас .Сол жылдары Германияда әлеуметік жұмыс және әлеуметтік педагогика мамандықтары пайда болды.Германияда әлеуметтік жұмыс іс әрекеті ретінде жақсы көзге түсті,көмек керек жандарға күшті мүмкіндік болды.Қазіргі кезде жұмысқа тұрғандарға тамақпен қамтамасыз етіп,айлықтарды жоғары ақшамен төлеп отыр.
Швециядағы әлеуметтік жұмыс.Шамамен1851жылы әлеуметтік жұмыстың іргетасы қалана бастады.Швециядағы әлеуметтік қызметкерлерді дайындайтын алғашқы диакон шведтік қоғамы болды.Сонымен қатар Стокголъмде алғам мектептер пайда болды.Бұл мектептердің оқыту бағдарламасында ертедегі христиандар қоғамында қолданылған әлеуметтік жұмыс тәжірибелерімен әдістері пайдаланылды.1908 жылы Швед кедейлер қоғамы бастамасымен қарттар үйінде,балалар үйінде жұмыс істейтін әлеуметтік менеджерлерді дайындауды бастады.30 жылдары бұл қоғамның аты –Шведтік әлеуметтік қүтім қоғамы болып өзгертілді.Осыдан бастап Швецияда әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогиканы жоғары әлеуметтік курстар арқылы дайындау басталды.Бұл курстар оқытуға губерниялар қаржы көмегін көрсетті.1921 жылы Стокголъмде әлеуметтік қыметкерлерді даярлаумен айналысатын алғашқы институт ашылды.1944 жылы Гейтимбург қаласында әлеуметтік институт құрылды.1947 жылы Лунде қаласында әлеуметтік саламен дайындайтын оқу орталығы ашылды.1964жылы аталған әлеуметтік институттар мемлекеттің қол астына беріліп.жоғарғы мектеп деңгейін алды.1977 жылы институттардың бір бөлігі университеттерге айналды.Әлеуметтік жұмыстың прфессорлары келесідей міндеттерді орындады.
-Әлеуметтік мәселелерді зерделеу және оның шешімдерін зерттеу
-Әртүрлі мәселелердің шешімдеріне талдау жасау,теориялық білімді практикада қолдану
-Өзекті мәселені шешуде әлуметтік жұмыскердің барлық технологияларын қолдану.
Әлеуметтік жұмыс оқу бағдарламасы Швецияның6 қаласында қолға алынған.( Cтокголъм,Гетеборг,Лунда,Эрабру,Умео, Эстерфунд).Алғашында бұл мектептер тек жартылай академиялық деңгейге ие болды.Ал1964 жылы оалрдың оқу бағдарламасы қайта қараоып университет статусын алды.1977 жылы Шведтік білім беру заңына сәйкес әлеуметтік жұмыс барлық мектептерін ұлттық кеңес басшылық етті.Мемлекеттік әулеуметтік қызметкерлер клиентпен жұмыс жасау барысында өзін –өзі басқаруды,шын ниетпен көмектесуді көздеді .Швецияда әлеуметтік жұмыскерлердің статусы жоғары және қоғамдық керекті болып табылады.Әлеуметтік жұмыскерлер ең бірінші мақсатары адамдарға көмектесу,қиын жағдайдағы ситуациялардан шығу жолдарын іздестіруді қарастырады.Әлеуметтік жұмыстағы универсалды дисциплиналарын Швецияда жоспарлап,оның макро,мезо,микро деңгейлерін анықтады.Швецияда әлеуметтік жұмыскерлердің арнайы өз штаттарын құрғанОл жерде көбінесе жастармен,қарттармен,алкоголик нашақорлармен,реаблитациондық орталықтармен тығыз байланысты.Тек Швецияда ғана әлеуметтік жұмыстың қоғамдық методтарымен жұмыс жасайды.
Исландиядағы әлеуметтік жұмыс.Исландиядағы әлеуметтік қамсыздандырудың жүйесін қарастырғанда 4 маңызды элементті атап кету керек:Білім,әлеуметтік қорғау,баспанамен қамтамасыз ету,денсаулық сақтау.Қоғамда бұларға оншалықты көп емес шығын жұмсалады.Қалған шығындар әлеуметтік институттардың бас түрлеріне жұмсалады.Маңызды әлеуметтік қамту жұмыстары жергілікті басқару органдары жүргізеді.Әлеуметтік қызметтер 1991 жылы Исландия Парламентінде қабылданған арнайы акттермен жүргізіледі.
Исландиядағы әлеуметтік қызмет түрлері
-Консулътация
-қаржылық қолдау
-үйге әлеуметтік қолдау
-ересектермен балаларды әлуметтік қамсыздандыру
-ересектермен жұмыс
-қаттармен жұмыс
-қуатсыздармен жұмыс
-баспанамен қамту
-алкоголик,нашақорларға көмек
-халық санын реттеу мәселесі
Жеке адаммен жұмыс барысындағы жалпы ережелер
-Көмек алып отырған тұлғаға ерекше ықылас бөлу
-егер тұлға өзін көмек алуға лайық жағдайда сезінсе,онда ол заң жүзінде шешім қабылдауы
-клиен туралы мағлұмат алынғаннан кейын мәселе қандай жағдай болмасын шешілуі керек
-Әлеуметтік қызмет көрсету комитеті мүшелері клиеттер туралы жеке мәліметтерді құпия түрде ұстауы керек
-Іске қатысушы кез келген жақ әлеуметтік комитетке апеляцияға бере алады.исландиядағы әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі 4 элементі қамтылған-білім,әлеуметтік қорғау,тұрғын үймен және денсаулық сақтау саласында.
Достарыңызбен бөлісу: |