2.1Қазақстандағы қайырымдылықтың қалыптасуы.
Бүгінгі күні Қазақстанда қайырымдылық қорларының, ұйымдарының,ассоциациялардың жүйесі белсенді қалыптасуда, және халықты әлеуметтік қорғау шараларына олардың қатысуының активизациясы көрініс табуда. Республикада қайырымдылық ұйымдары туралы заң әлі де жоқ, алайда қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының белсенді әрекетіне арналған ұйымдастырушылық- құқықтық алғы шарттар бар.Қайырымдылық ұйымдырының, қоғамдық ұйымдарының қайырымдылық әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясымен және мемлекеттің « Қоғамдық бірлестіктер туралы « (1996 ж.), «Коммерциялық емес ұйымдар туралы« (2001 ж.) заңдары реттеледі. Бұл құжаттарда қоғамдық ұйымдардың әрекет формалары мен олардың мемлекетпен арақатынасы анықталады. Осылайша Қазақстан Республикасының Конституциясының 28 статьясында, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша формаларын және қайырымдылықтың формаларын құруды қолдайды.
Қазақстан Республикасы «Қоғамдық бірлестіктер туралы« заңына сәйкес қоғамдық ұйымдарға саяси партиялар, кәсіби одақтар және басқа да республика азаматтарының бірлестіктері жатады. Олар қоғамдық ұйымдардың коммерциялық емес бірлестіктері болып табылады және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, патриоттық және гуманистік тәрбиелеу, қайырымдылық әрекетінде қатысу мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасы « Коммерциялық емес ұйымдар туралы« заңы, әлеуметтік және қайырымдылық мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың әрекетімен байланыста пайда болатын қатынастарды реттейді. Заң коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдастырушылық құқықтық формаларын, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен мекемелердің және т.с.с. формаларын бекітеді. Мекеме – коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік – мәдени және т.б. функцияларды жүзеге асыруға арналған демеушінің қаржыландыруымен құрылған ұйым. Қор - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа мақсаттарды көздейтін, еркін мүліктік салымдар негізінде азаматтармен немесе жеке тұлғалармен қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдардың қалыптасуы мен белсенді әрекетін қолдайды.Оларға салықтық және кедендік льготалар берілуі мүмкін.Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей,Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет.Яғни мемлекет өзінің бар мүмкіндігін,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге міндетті.Бүгінге дейінгі қол жеткізген табыстарымыз-егемендік,тәуелсіздік бізге тек қана ілгерілеуге және өркениетке қарай жол ашты.Дербес мемлекетке айналған тұста біздің Республика аграрлық ел еды.Енді халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегі ұжымшарлар мен кеншарларға қажетті қаржы тауып беруге жас мемлекеттің шамасы келмеген.Содан үкімет амалсыздан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендірді.Нәтижесінде жұмыссыздық басталды.Халық әсіресе,жастар үлкен қалаларға кқше бастады.Қазақ халқында қайрымдылық қанына сіңген .Арғы тегі сақтардан бастау алып ,түркі тілдес тайпалардан бөлініп,қазіргі замаңғы рулы ел,ұялы ұлт болғанша қазақ халқы ең кем дегенде бес-алты мың жылдық тарих талқысынан өткен халық.Қайрымдылық қазақ тіршілігіне түрліше іске асырылып отырған.Әлеуметтік қолдау ең алдымен халықтың онсыз өмір сүре алмайтын тобына мақсатты әрі нысаналы сипатта көрсетілуде.Оған дәлел Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы шілдеде Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңын 1997 жылы маусымда Мүгедектігі бойынша асырауынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңы осы жылдың 20 шы маусымында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы және 1997 жылдың 10 шы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентінің Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қор құру туралы жарлығы қабылданып,онда Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде, яғни әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қаралған.Қазақстан экономикасы баяу дамығанымен дұрыс жолмен келеді,оған қолдан келгенше үлес қосып жатқан қайырымдылық қорлары,шетелдік компаниялар.Ғасырлар бойы ауыл-ауыл,ата-ана,ру-ру болып қауымдаса тіршілік кешкен қазақ қоғамындағы әр ауыл,әр ру белгілі батырлардың беделді билердің маңында топтасқан.Сол дара тұлға өзіне паналаған елді жауға алдырмай,аштыққа ұшыратпай,аман есен өсіріп өрбітуді парызы деп санаған.Тәуелсіз қазақ мемлекетінің жүріп өткен жолын зерттесек,соңғы жылдар ішінде қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып,күш жігерді нақты экономикалық және қоғамдық өмірді жақсаруға бағыттау бет бұрысын байқауға болады.Қазақ халқының өткені бай.Соңғы жылдары халқымыздың өміріндегі шарықтау мен құлдырауы қуанышы мен жеңісі тарихтың жарқын беттерінен орын алған тарихи құнарға бай топырақтан өнікі дәнді баба білу-жалпы өркениеттің дамуында жаңа белестерге жетудің алғышарттарын құрары белгілі.[3]Қазақстандағы қайырымдылық және әлеуметтік бағдарламалар- тек қана экономикалық ынтымақтасу саласында ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саладағы түрлі мемлекеттер арасындағы интеграцияның қажеттілігін растайды. Осы секілді бейресми кездесулер ресми іс-шараларға қарағанда анағұрлым маңыздырақ болатыны бізге мәлім. Біздің елімізде де қайырымдылық жасау қазақ қоғамының тұтасқан бір бөлшегіне айналуы керек. Қазіргі заманда қайрымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға үлкен күш-жігер қажет. Кәсіпкерлерге қайырымдылық іс-әрекеттерінің қоғам үшін маңызы зор екенін түсіндіру өте қиын. Дамағын елдерде кәсіпкерлердің өздері қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға мүдделі болып тұрады. Өйткені, оларда қайырымдылықпен айналысқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Жалпы мұндай үрдіс біздеде де бар. Мәселен Қазақстанда игілікті шараларға атсалысқан компаниялардың мемлекетке төлейтін салығының 3 пайызы шегеріледі, мөлшерлемені бұданда азайту керек. Айталық, Америкада қайырымдылық істерін қаржыландырған компания жалпы төлейтін салығының 10 пайызынан босатылады. 3 пайыз ғана салықтан босатылу ірі компаниялар үшін қомақты қаржы болып саналады. Ал шағын және орта бизнес үшін бұл соншалықты қомақты сомма емес. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдері мұндай жеңілдікке қызыға бермейді. Ал 10 пайыздық жеңілдік болса, олар қайырымдылық істерімен айналысатына сенімдімін. Болашақта біздің билік орындары да осындай деңгейге жетуі керек. Біздің қауымдастық алдағы уақытта осы мәселе бойынша тиісті орындарға өз ұсынысын жасайды.Қазіргі таңда еліміздегі қоғамдық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар халықаралық гранттар мен мемлекеттік тарсырысын алуға күш салып жүр. Қауымдастық құрылғанда Алматы қаласындағы 18 қайырымыдық қоры мүше болды. Алдағы уақытта мүшелеріміздің санын арттыруға күш салмақ ойымыз бар. Бұл үшін біздер мүшелікке қабылданған қорлар мен үкіметтік емес ұйымдарға заңдық және бухгалтерлік қызметтерімізді ұсынып, қатарымызға тартатын боламыз. Қоғамдық қорларда көптеген адамдар жұмыс істмейтіні белгілі. Өйткені, олардың көптеген мамандарды ұстап отыруына мүмкіншілігі жоқ. Дәл осындай кезеңде қорлар мен үкіметтік емес ұйымдардың насиахат, заң мен есеп-қисап жұмыстарымен айналысатын қауымдастықтың қажеттігі туындайтыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |