Қорытынды
Бұл ереже мағлұм етілген соң, барша билерге, сьездерге, болыстарға, старшындарға жаңадан ереже жасалғанға шейін, осы ережелер жасалмай тұрып жасалған көшірмелер 67-ші бапта айтылған рәуіш бойынша сыйымды болады. Лекин оның үшін осы 73 бапты ережені біздер жасадық. Қазақ рәсімінше таза көңіліміз һәм әділетімізбен уа һәм растығына сендіреміз. Павлодар облысының биі Жүсіп Бәтішұлы, би Иса Бердәліұлы, би Молдабай Сәрсенұлы, би Мұқатай Келдібекұлы, би Санияз Бабайұлы, би Смағұл Шоқпарұлы қолдарын қойды.
Би Серғазы Тайсарыұлы, би Жалалиддин Рамазанқлы мөрлерін басты.
Қарқаралы оязының биі Хакім Құдаймендеұлы, би Абай Майқыұлы, би Бөкеш Сыбанұлы, би Елеубай Қашқынбайұлы, би Билебай Тұманбайұлы, Абралы болысының кандидаты Шәкірұлы мөрлерін басты.
Би Оспан Атақозыұлы, би Баймұхамед Алдабергенұлы қолдарын қойды.
Би Иса Шонтыұлы таңбасын басты.
Семиполат оязының құрметті қазақтары Ибрагим Құнанбайұлы, Құдайберген Тастанбекұлы, Ибрагим Нүркенұлы,билер Бектоғай Ботбайұлы, Иса Сұтжанұлы, Айтқазы Бейсембайұлы, би Жұмахан Жарқынбайұлы қолдарын қойды.
Би Сүйіндік Шақабайқлы, би Әлжан Назарқлы мөрлерін басты. Өскемен оязының болысы хорунжа Сіләм Әлжанұлы, құрметті қазақ Құрманғали Жақыпұлы, би Жанкөдей Қотайоғлы,би Ережеп Ноқайұлы қолдарын қойды. Болыс Иса Көнбасұлы, болыс Қабанбай Қошқарұлы, би Үсен Қалабайұлы мөрларін басты. Құрметті қазақ Қалматай Есенқожаұлы таңбасын басты. Би Қаумен Аманұлы қолын қойды. Зайсан дуанының баласы Бөкеш Шаянбайұлы болыс Билеуші Босқынбайұлы, би Жұмақан Қисықұлы, би Қоқаш Есенкелдіұлы қолдарын қойды. Болыс Ақшал Қожабергенұлы, болыс Тәркімбай Жақсыбайұлы, би Жайсаңбай Елемісұлы, би Батбақбай Тәлеуліұлы, би Қайранбай Құлындұлы мөрлерін басты. Сьез бастығы Өскемен оязы Маевский қолын қойды. Семей оязының лауазымын ада қылушы Казанцев Зайсан приставының помещигі Нарбут, Қарқаралы оязының старщий помощнигінің лауазымын ада қылушы Атбақин қолдарын қойды, һәм военный губернатор Шиклинский қолын қойды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |