Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін құруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағыт¬талған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десек те, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғылымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт-насихатта да, публицистикада да көп қолданылады.
Қазақстан әлеуметтік прогресс рейтингінде 69-орынға жайғасыпты. 2019 жылы бұл тізімде 90,95 балл көрсеткішпен Норвегия көш бастаған. Үздік үштікке Дания (90,09 балл) мен Швейцария да (89,89 балл) кіріпті. Алғашқы ондыққа Финляндия, Швеция, Исландия, Жаңа Зеландия, Германия, Канада мен Жапония енген.
Зайырлы мемлекет
Зайырлы мемлекет дін мәселелерінде ресми түрде бейтараптық танытатын ел. Мұндай мемлекеттік құрылым дінді де, дінсіздікті де қолдамайды. Бірақ, кейбір елдердің ресми діні болмағанымен рәміздерінде діни символ болуы мүмкін. Тіпті, жергілікті ұлттың дінінің дамуына жанама септесетін заңдар да шығара береді. Яғни, бұған қарап, зайырлылық деген дінсіздік деген ұғымды туғызбайтынын көреміз. Ал, зайырлы емес мемлекеттер өз діндерін мемлекеттің ресми діні ретінде заңына кіргізеді. Оны мемлекеттік дін ретінде насихаттап, қолдайды.
Бұл туралы Заңгер Қазыбек Дәуітәлі: «Қандай мемлекет болмасын, оның қайнар көзі халық болып саналатынын түсініп алуымыз керек. Діни мемлекетте сол халықтың жаппай ұстанатын дініне басымдық беріліп, мемлекет құрылымы дін қағидалары негізінде құралады. Мәселен, Ватикан, Иран, Араб мемлекеттерін алыңыз... Ондай діни мемлекетте Конституцияның орнына Құран, заңның орына Шариғаттың жүруі қалыпты жағдай болуы мүмкін. Ал, зайырлы мемлекет дегеніміз ешбір дінге басымдық бермейді. Сайлау құқығы бар азаматтардың бәрі тең құқылы саналады. Жынысына қарап, ер - әйел, сеніміне қарап мұсылман - кәпір, нәсіліне қарап ақ - қара деп ешкім-ешкімді бөлмейді. Қазір Қазақстанда сайлау құқығы бар он екі миллион адам бар болса, соның бәрінің құқығы бірдей деген сөз. Яғни, зайырлы мемлекетіміз діни салт бойынша емес, азаматтық құқық негізінде қалыптасып отыр. Сайлау кезінде азаматтарымыз нәсіліне, ұлтына, дініне қарамай дауыс бере де, өздерінің кандидатурасын ұсынып сайлана да алады. Мұның бәрі біздің елдің шын мәнінде зайырлы мемлекеттің жолын ұстанып отырғанын байқатады», - дейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанға түрлі діни ұйымдар ағылды. Олардың арасында қауіпті ағымдар да аз емес. Осының салдарынан қазақтілді қоғамның өзі бірнеше ағымға, мазхабқа, діни ұстанымға бөлініп, бір-бірімен қырықпышақ болып керісіп жататын болды. Діни наным-сенімге еркіндіктің берілуі посткеңестік кеңістікте қарама-қайшы көзқарастардың өсіп-жетілуіне жағдай туғызды. Сондықтан да, ұлттық қауіпсіздік мәселесі көтерілген жағдайда мемлекет теріс пиғылды діниағымның мүшелері күш алып кетпеуі үшін ресми діни ұйымдармен бірлесе алдын алу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды
Достарыңызбен бөлісу: |