Реферат тақырыбы: Дәннің ылғалы, ылғалмен байланысы. Пән: Астықты кептіру және сақтау технологиясы



бет2/6
Дата30.11.2022
өлшемі247.85 Kb.
#466142
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
срсп сушки 9

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Астықты кептіру техникасы

1.1 Тұрақты орнатылған және жылжымалы кептіргіштердің құрылымы

Астық кептіргіштерді падалану түрі бойынша тұрақты орналасқан және жылжымалы болып екіге бөлінеді.


Құрылым белгілері бойынша кептіргіштер шахталы, жалюзді, барабанды, рецеркуляциялы және арнайы (жүгеріні собығымен кептіру) түрлері кең таралған.
Тұрақты кептіргіштерді астықты қабылдау пунктерінің жұмыс мұнарасы жанына немесе элеваторлардың арнайы орындарына және механикаландырылған астықты өңдеу желілері бойына жобалайды, ал ашық типті кептіргіштерді ғимаратсыз немесе қалқасы бар орындарға орналастырады.
Жылжымалы кептіргіштерді көлемі аз ылғал астықты кептіру үшін, арнайы дайындалған алаңдарда және ұжымдардың қырмандарында пайдаланады. Осындай кептіргіштерді кесінді бойына буксирлеп, қозғауға болады.



    1. Шахталы кептіргіштер

Тұрақты орнатылған астық кептіргіштері бір немесе екі тік бұрышты вертикал орналасқан камералардан (шахта) құралған. Камералар төбесіне дейін астықпен толтырылады.
Шахта, астықты кептіруге арналған кептіру агентін беретін және әрекет еткен агентті сыртқа шығаратын, коробалармен қамтамасыз етілген, оларда беретін және шығаратын каналдар жасалған. Шахталы кептіргіштердің қабырғалары болат беттен немесе құралмалы темір бетон панелдерден жасалған.



Шахтаның жоғарғы бөлімі кептіру камерасын құрайды, ол бір немесе екі, кейбір жағдайда, одан көп кептіру зонасынан тұрады, ал шахтаның төменгі бөлімінде суыту камерасы орналасқан.
Шахтаның үстінде қорап қарастырылған, ол жоғары орналасқан коробаларды астықпен толтырады және кептіру агентінің сыртқы ауаға ұшпауын қамтамасыз етеді.
Шахтаның астына кепкен және салқындатылған астықты жіберу механизмі орналасқан, ол астықтың шығуын реттейтін құрылғылармен жабдықталған.Шахтадағы астық, кебу барысында, өз салмағы әсерінен жоғарыдан төмен қозғалады.
Кебу зонасында кептіру агентімен желдетіліп, ылғалы алынады, ал келесі зонада сыртқы ауа әсерінен салқындайды.
Астықтың жоғарыдан төмен қозғалуында, тиімді араласуы үшін, коробаларды шахматты түрде орналастырады. Екі параллел шахтасы бар қондырғыларда жалпы камера орындалған, оның көмегімен кептіру агенті коробаларға тиімді беріледі.
Коробалардың санын есептеуде, әрекет еткен агенттің сыртқа берілу жылдамдығы 6 м/сек болуы қажет, ал кейбір коробалардан шығатын ауаның жылдамдығы 8-9 м/сек болса, онда ауамен бірге жеңіл астықтың ұшуы мүмкін.
Ауаны беретін және сыртқа беретін коробалар саны бірдей болады. Шахталы кептіргіштерде коробалар бес қырлы келеді, ұш бұрышты коробалар болуы мүмкін.
Коробалардың төменгі қыры болмайды. Бес қырлы коробалардың шахтадағы биіктігі мен ені бірдей келеді және астық өтетін саңылау аралығы минимальді жағдайда кептіру агентін беретін және әрекет еткен агентті шығаруға арналған орын, үш қырлы коробалармен салыстырғанда, көбірек келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет