Барабанды астық кептіргіштер
Барабанды кептіргіштердің негізгі жұмыс органы бос қуысты цилиндр, ол барабан. Ішкі айналымы бойынша майысқан қалақтар бекітілген, барабан айналғанда табанындағы астықты қауышып, жоғары көтереді. Қалақтар көтерген астық, белгілі бір биіктіктік жағдайға жеткенде, ішкі формасы әр- түрлі сәкелерге шашырайды және бөлінеді. Барабан айналғанда астық сәкелерден сәкеге төгіледі, нәтижесінде астық цилиндрдің бүкіл қиындысы бойынша бірқалыпты бөлініп, кептіру агентімен барабанның ұзындығы бойынша әрекеттеседі.
Сөрелердің құрылым ерекшелігі мен орналасуына байланысты барабанның көлемі 20 – 25 % астықпен толады. Астықтың сыртқа шығуын жазықтыққа ылди орналасқан барабан қамтамасыз етеді. Кептіру агенті астықтың бағытымен қозғалып, процесті жылдамдатады.
Барабанды кептіргіштер, кептіру агенті сыртқа ұшпауы үшін, қысымсыз кеңістіктегі (разреженный) режимменәрекет етеді.
Барабанға астықтың түсетін және астықтың шығатын жағынан барабанның айналуына және ауаның ішке өтуіне кедергі келтірмейтін сусымалы лабиринтті нығыздағыш орнатылған.
Барабан айналғанда астық бірнеше рет сөреден сөреге түсуі кезінде жақсы араласып бірқалыпты кебеді. Астық барабанда қопсыған жағдайда болып, шахталы кептіргіштермен салыстырғанда, жылдам кебеді (2-3 есе), бірақ, бір рет кептіруде алынатын ылғал мөлшері 4 – 5 % аспайды.
Жоғарыда айтылғандай, барабан 20 – 25 % астықпен толады, температурасы 150 – 2000 аралығындағы кептіру агенті құрамындағы ылғал мөлшері (ылғал кернеуі) 30 – 40 кг/м3 сағ. Бұл көрсеткіш, шахталы кептіргіштермен салыстырғанда, едәуір аз.
Кемістігі: металл шығымы жоғары, қуаты аз, орынды көп алады, алынатын ылғал мөлшері 4 – 5 % көп емес, кептіруді қайталау керек. Кептіргіш ауыл шаруашылығында аз көлемді және жоғары ылғалды астықты кептіруде өте тиімді.
Барабанды кептіргіш ВИСХОМ СЗСБ-8.
Қазіргі кезде, заманауи талаптарына байланысты, ауыл шаруашылығында жоспарлы қуаты 8 т/сағ, салқындатқышы жеке орындалған ВИСХОМ СЗСБ-8 астық кептіргішін кеңінен қолдануда.
Барабанды кептіргіш ВИСХОМ СЗСБ-8:
1-ылғал астыққа арналған қырғышты транспортер; 2-құбыр; 3-барабан; 4-желдеткіш; 5- шығаратын камера; 6-құрғақ астыққа арналған қырғышты транспортер; 7-шнек; 8-салқын ауа беретін желдеткіш; 9-суытқыш колонка; 10-шлюзді затвор.
Ылғалды астық қабылдау қорабынан қырнауыш транспортермен көтеріліп, құбыр арқылы диаметрі 1600 мм ұзындығы 8000 мм барабанға түседі, барабан қос төрт роликке сүйеніп, минутына 8 рет айналады. Барабанның айналу әсерінен астық секторлар мен сөрелерге бір қалыпты бөлінеді. Кептіру агенті араластырғыш камерадан сорылып, барабандағы сапырылысқан астықпен араласып, желдеткіш 4-тің көмегімен сыртқа беріледі. Кепкен астық барабаннан шығару камерасына (циклонға) түседі, одан шлюзді затвор, қырнауыш транспортер және шнек арқылы суытқыш камерасына беріледі. Суытқыш камера, қабырғалары перфорацияланған, екі тік цилиндрден құралған. Цилиндрдің ішкі диаметрі - 760 мм, сыртқы - 1260 мм, биіктігі - 2750 мм. Цилиндрлер аралығы кепкен астықпен толтырылады. Атмосфералық ауа сыртқы цилиндр қабырғасындағы саңылаумен ішке сорылып, астық қабатын желдетеді, одан ішкі цилиндрге түседі, желдеткіш 8 көмегімен сыртқа айдалады. Суыған астықты шлюзді затвор шығарады. Ол екі цилиндрден тұрады, ішкі бөлімі жану камерасы рөлін атқарады. Оның астыңғы бөлігінде инелі форсунка орнатылған. Отын форсункаға насостың іс-әрекетімен тозаңдалып, қысымы жоғары желдеткішпен жану камерасына беріледі. Камераның үстіне шағылдырғыш орнатылған.
Жану камерасының қабырғасын суытатын салқын ауа цилиндр аралығындағы қуыс арқылы астынан беріліп, оттық газбен араласады. Кептіру агентінің температурасын төмендету үшін, қажет болса, сыртқы ауа үрленеді. Жылуды үнемдеу және астық қызбауы үшін цилиндрді арнайы материалмен қаптайды.
Ошақ үстіне араластырғыш қорап орындалған және отынның қосымша жануы үшін ауаны реттегіш есік орнатылған және қосымша құбыр қарастырылған. Заслонка 10 агентті кептіргішке беру қызметін атқарады, сонымен қатар қосымша жанғыш құбырдағы заслонка 8-дің біреуі ашылса немесе жабылса екіншісі жабылады немесе ашылады.
Сұйық отынның шығыны 65 кг/сағ. Кептіргіштің электр қозғалтқыштарының қуаты 27,2 квт.
Достарыңызбен бөлісу: |