Жылжымалы барабанды кептіргіш ВИСХОМ СЗПБ-2.
Кептіргіштің жоспарлы қуаты 2 т/сағ, кептіргіш және суытқыш екі барабаннан тұрады. Кептіргіш барабанның диаметрі 1000 мм, ұзындығы 5000мм, минутына 10 айналым жасайды. Барабан төрт пар роликтерге сүйенген, олардың екеуі резинамен қапталған, барабанды айналдырады. Барабанның ішкі бөлігі, астық тиімді араласуы және қиындысы бойынша бөлінуі үшін, 6 секцияға бөлінген. Барабан алдыңғы және бүйір камералардан құралған: кептіру және агентті сыртқа шығаратын. Қабырғалары, газдың сыртқа берілмеуі үшін, лабиринтті типті келеді.
Суытқыш барабанның диаметрі 550 мм, ұзындығы 2300 мм, минутына 27 айналым жасайды. Кептіру барабанының кепкен астық шығатын жағынан 8 орнатылған шөміш астықты салқындатқыш барабанға береді. Салқын астық айналымы бойынша иілген қалақтар арқылы сыртқа беріледі.
Ылғал астық қабылдау қорабынан транспортер, құбыр және бұрандаға ұқсас жолмен барабан секторларына жылжиды. Астық бұрандалы жолға түседі де шнекпен салқындатқыш барабанға беріледі. Салқын астық шлюзді затвор және қозғалмалы транспортер арқылы қоймаға жеткізіледі.
Кептіргіштің ошағы көмірге лайықталған. Ошақ қабырғасы болатты материал және жылуға төзімді кірпішпен қаланған. Колосникті тордың үстінде, 700 мм биіктікте, қосымша жандыру орны қаралған.
Оттықтың (ошақтың) үстіне сыртқы ауаны тұрақты беретін құбырша және агентті реттейтін есігі бар араластырғыш қорап орналасқан. Осы қорапта оттық газды ауамен араластырып кептіру агентін алады. Араластырғыш қорапқа түтін шығаратын құбыр кигізілген. Түтін құбырына және құбыршада блоктанған заслонкалар орнатылған, олардың біреуін рычагпен жапқанда екіншісі ашылып, түтінді сыртқа береді немесе кептіру барабанына.
Кептіру барысында ылғалы жоғары астық ылди орналасқан шнектің жоғары бетіне нығыздалып қалуы мүмкін, осы астықты төтенше түсіру керек. Ол үшін шнектің үстіңгі беті ашуға ыңғайлы орындалуы қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанда астық кептіру мәселесі жайында деректер жоқтың қасы, сондықтан революция алдындағы Ресей мен СССР дәуіріндегі жағдайлар арқылы сипатталады.
Қазақстанның басым көпшілік аймақтарында, жақын және шалғай елдерде кептіру астықты орудан кейінгі технологиялық операцияның негізі. Кептіру процесі ертеректен келе жатқан амал. Алғашқы кезде астықты қолмен орып, қырмандарға жайып кептірген немесе баулап күн көзінде ұстаған. Астық бастырғыштарды қолданудан соң дәнді кептіруге бейімдейді.
Осыдан кейін ошақ түтіні жүретін құбыршалар үстінде кептіру. Құбыр арқылы қозғалатын түтін құбыр қызып үстіне төгілген астықты (бауды немесе дәнді) кептіреді. Осы каналдың 1 м2 бетіне 0,5 т астықты тәулік бойы ұстап ылғалын 3% - ға төмендетеді. Осыдан кейін, өнімділігі жоғары, елек немесе астауша беттерінде кептіру әдісі қолданды. Саңылауы бар қаңылтыр бетке астықты жайған соң, жылы ауа беріледі. Кептіргіштің қуаты 0,5-0,7 тонна тәулігіне, ылғалы 3%-ға төмендейді.
Ресейде 19 ғасырда механикаландырылған астық кептіргіштері пайда болды. 1832 ж. тері мес үрлегіш көмегімен күштеп ыстық ауа беретін Майер астық кептіргіші салына басталды. Осы кезде, алғашқы рет оттық газды ауамен араластырып кептіру агентін құрау ұсынылды, ол отынды үнемдеуге әсерін тигізді. Ресейде капитализмнің дамуына байланысты жеке дара кептіргіштер пайда бола бастады. Мысалы, 1841 жылы Войцеховский-Ауторницкий армия үшін астық кептіргішті ойлап-тауып, орнатты.
Революция алдындағы Ресей және Совет үкіметі ғалымдары кептіру мен астық кептіргіштердің техникасы мен технологиясын жасауда елеулі үлестерін қосты.
19 ғасырдың ортасынан бастап Гудим-Левковичтің, Энгельманның, Фрибе, Часловскийдің астықты кептіру және сақтау бойынша данышпандық еңбектері жарияланды, ал 20 ғ. басында К.Д. Зворикин және В. П. Горячкиннің еңбектерінде кептіру процесінің теориялық негіздері және астық кептіргіштердің жылылық есебін жасады.
1917 жылдан бастап астықты кептіру теориясы мен техникасына аса көп көңіл бөлінді. Осы тұрғыда А.В. Лыковтың, М. Ю. Юрье, П.А. Ребиндрдің еңбектері маңыздылығын, өзінің құндылығын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ. Осы ғалымдардың еңбектерінің нәтижелерін негіз тұтып астық кептіргіштері жобаланып, шығарыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |