Реферат тақырыбы: Философияның пәні және әдісі Орындаған: Берікбаева Дина Жетекші: Рахметуллин



бет2/4
Дата21.09.2023
өлшемі40.65 Kb.
#478173
түріРеферат
1   2   3   4
Берікбаева Д.Е реферат

алғанда да, рухани тұрғыдан алғанда да өзіндік меннен өзге нәрсе. Тіпті, ішкі идеалды меннің өзі де физикалық тәннің өмір сүруінен өзгешеленеді. Бұл пәнилік өмірдің шектеулі екендігі белгілі. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінін шектеулі шенберінен шығарып, өзгеге құштарлықпен ұмтылуга мәжбүрлейтін құдіреттін бар екендігін ескерсек, онын жалғыз тәсілі - бұл рухани күш-жігер болып табылады. Адам - акқыл-ойы бар әлеуметтік мақұлык. Онын іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа бағынады. Күрделі қазіргі әлемде мақсатқа сай қимылдау үшін кеп біліп қана қоймай, сонымен қатар адамның түбірлі мүддесі мен заман талабына сай дұрыс шешімдер қабылдап, дұрыс мақсаттар таңдай білу қажет. Ол үшін ең алдымен әлемді терең жеңе дұрыс түсіну, яғни жалпы жане жеке мақсаттарды және оларға жету әрекетінің тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін дүниетанымның қажеттілігі шарт. Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз- білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам» - деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халық «білім - ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып. ерекшеленіп, жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі, сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Философиялық білімнің құрылымы (кесте)

Философияның пәні



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет