Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»


Бейтарап мемлекеттердің халықаралық жағдайы



бет4/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК

Бейтарап мемлекеттердің халықаралық жағдайы. Бейтарап мемлекеттер өз тарапынан басқа мемлекетке қарсы қандай да бір әскери жанжал не соғыс жүргізбеуге міндеттенгендігі салдарынан мұндай мемлекетті толық егеменді мемлекет емес, жартылай тәуелді мемлекет деген пікірлер бар. Бірақ мемлекетті бейтараптау фактілері мен шарттарына назар аударып қарасақ бұл көзқарастар негізсіз болып табылар еді. Өйткені алдында атап кеткендей бейтарап мемлекетке кепіл берген ірі державалар бұл мемлкеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне қатысты ешбір өктемдік әрекет жасай алмайды. Мемлекеттің егемендігінің, яғни жоғарғы билігінің шектелмеуі – бұл мемлекет басқа кез келген мемлекеттер сияқты егеменді мемлекет болып табылады. Бұл мемлекеттер өз шекаралары шегінде де, одан тыс та тәуелсіз, егеменді болып табылады. Егер бейтарап мемлекет өз мойнына алған міндеттемені бұзса, онда ол өзіне қатысты қорғау кепілінен айырылады. Бейтарап мемлекет халықралық келісім шарттарға отырып, сондай-ақ өз әскерімен әскери флотын құруға құқылы. Мемлекеттің бейтарап болуын оның атақ дәрежесіне де әскер етпейді.
Қазіргі кезде бұл мәртебеге Швейцария, Австрия, Лаос, Камбоджа, Мальта, Туркменистан т.б мемлекеттер ие. Швейцарияның бейтарап мемлекет деп тануы 1815 жылы 8 қарашада Австрия, Ұлыбритания, Франция, Ресей мемлекеттің келісімімен қол қойылып, 1919 жылы Версальдық бейбітшілік келісім шартымен расталды. Бұл келісім шартта қол қойылған державалар Швейцарияның “әрқашан”бейтараптылығын танып, оның территориясы мен егемендігіне қол сұғылмайтындығына кепіл берді.
1955 ж. сәуірдегі совет-австрия меморандумына сәйкес Австрия өзін бейтарап мемлекет мәртебесін қабылдауға міндеттеме алды. 1955 жылы 15 мамырда демократиялық және тәуелсіз Австрияның қайта құруы туралы мемлекеттің келісім шарт қабылданып, бұл келісім шартқа ІІ-Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Ұлы Державалар атап айтқанда ССРО, АҚШ,Франция,Англия . Австрияның тәуелсіздігі мен территориялық біртұтастығына сыйлайтын-дықтарын жариялады. Ал 1955 жылы 26 желтоқсанда Австрияның парламенті Австрияның бейтараптылығы туралы Федералды Конституциялық заң қабылдады. Бұл заңның 1-бабында өзінің сыртқы тәуелсіздігі мен территориясына қол соқпаушылығы мақсатында Австрия өз еркімен тұрақты бейтараптылығын жариялады. Австрияның бұл мәртебесі аталған державалармен танылғанымен, Швейцариядан ерекшелігі бұл державалар кепіл берген жоқ.
1962 жылы 23 шілдеде Женевада халықаралық кеңесте Лаостық мәселені реттеу бойынша 14 мемлекет бірігіп Лаостық Үкіметтің өтінішімен Лаосты бейтараптау туралы Декларация қабылдады.
1995 жылы 12 желтоқсанда Түркменстан “Түркменстанның конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ” заңында қабылданып, “Түркменстанның тұрақты бейтараптылығы ”туралы конституциялық заң жарияланды. Бұл заң БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1995 жылы 12 желтоқсанда танылды. Түркменстан бұл конституцияның 1-бабында “Түркменстан бейтарап деп тану оның ішкі және сыртқы саясатының негізі”делінген.
Қорыта келгенде құқықтың тек толық субъектісі-мемлекет- ғана тұрақты бейтарап мәртебесіне ие бола алады. Тұрақты бейтарап болу негізінде пайда болған міндеттемелер бұл мемлекеттердің егемендігін шектемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет