Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»


Бейтараптау туралы акт және оның шарты



бет7/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК

Бейтараптау туралы акт және оның шарты.Негізінде,кез-келген мемлекет бейтарап мемлекет болмай-ақ басқа мемлекетпен,егер сол мемлекет өзіне қарсы соғыс ашқан жағдайда өзінің бейтараптылығына міндеттеме алып ,сол мемлекетпен келісім –шарт жасаса алады..Ал мемлекеттің әрқашан да бейтарап болып қалуын дәлелдейтін бейтараптау туралы акт жасалады.Мемлекетті бейтарап деп танитын бұл акті-сол мемлекетпен ірі державалардың өзара келісімімен жасалатын халықаралық келісім-шарты болып табылады .Сондықтан да осы халықаралық келісім –шартта тиісті ірі державалар сол мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне және аумағының біртұтастығына ешкімнің ешқашан қол сұқпайтындығына алқалы түрде кепілдік береді. Ал егер ,кейбір державалар бұл келісімге қатыспаса ,онда қатыспағандары тиісті мемлекеттің бейтарап болуына кепілдік бермесе де,өздерінің қарсы еместіктерін үндемей-ақ білдіре алады. Бейтарап мемлекетке кепілдік берген ұлы державалар берген уәделерін ешқашан бұзбайтындықтарына,сондай-ақ басқа мемлекет тарапынан бұл кепілдіктің бұзылуына жол бермейтіндігіне өз тараптарынан міндеттеме алады .Алайда бейтарап мемлекет кепіл берген бұл ірі державаларға қандай да болсын тәуелді болмайды. Ал кепіл берген державалар бұл бейтарап мемлекетке, кепілдікке байланыссыз, қандайда болсын өз тарапынан өктемдік жүргізе алмайды. Бейтараптылықтың ең негізгі шарты бейтарапталған мемлекетті еш уақытта өз жағынан бірінші болып басқа мемлекетке қару көтермеу, әскери жанжал немесе соғыстың өршуіне әсер ететін, яғни бастауына жағдай тудыратын қандайда болсын әрекеттерден алшақ болу.
Бейтараптылыққа айта кететін шарт, бейтарап мемлекет өзіне кепіл берген ұлы державалардың келісімісіз өз аумағын басқа мемлекеттерге бере алмайды, не ала алмайды.
Бейтарап мемлекеттердің халықаралық жағдайы. Бейтарап мемлекеттер өз тарапынан басқа мемлекетке қарсы қандай да бір әскери жанжал не соғыс жүргізбеуі міндеттігі салдарынан мұндай мемлекетті толық егеменді мемлекет емес, жартылай тәуелді мемлекет деген пікірлер бар. Бірақ мемлекетті бейтараптау фактілерімен шарттарына назар аударып қарасақ бұл көзқарастар негізсіз болып табылар еді. Өйткені алдында атап кеткендей бейтарап мемлекетке кепіл берген ірі державалар бұл мемлекеттің егемендігімен тәуелсіздігіне қатысты ешбір өктемдік әрекет жасай алмайды. Мемлекеттің егемендігінің, яғни жоғары билігінің шектелмеуі –бұл мемлекет басқа кез-келген мемлекеттер сияқты егеменді мемлекет болып табылады.
Егер бейтарап мемлекет өз мойнына алған міндеттемені бұзса ,онда ол өзіне қатысты қорғау кепілінен айрылады. Бейтарап мемлекет халықаралық келісім-шарттарға отырып ,сондай ақ өз әскерімен әскери флотын құруға құқылы.Мемлекеттің бейтарап болуы оның атақ дәрежесіне де әсер етпейді.
Қазіргі кезде бұл мәртебеге Швейцария, Австрия,Лаос, Камбоджа ,Мальта,Түркіменстан т.б мемлекеттер ие.Швейцарияның бейтарап мемлекет деп танылуы 1815ж.8 қарашада Австрия, Ұлыбритания ,Франция, Ресей мемлекеттерінің келісімімен қол қойылып , 1919 жылы Версаль бейбіт келісім шартымен расталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет