Реферат Тақырыбы: «Халықаралық құқықтың субъектілері, тану және мемлекеттік құқық қабылдаушылық. Халықаралық шарттар құқығы.»



бет5/8
Дата15.09.2022
өлшемі25.81 Kb.
#460795
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
3 такырып ХЖК

Халықаралық ұйымдар – бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады. Оның құқық субъектілігі мемлекеттердің құқық субъектілігіне ұқсамайды,өйткені олардың мүшелері-мемлекеттер, сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субьектісіне жатады. Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебап ұйымдар болып БҰҰ саналады.
Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды.Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдар субъект болады, егер оның қатысушы – мемлекеттері халықаралық құқықтар мен міндеттерімен қамтамасыз етсе. Егер мемлекет халықаралық құқықтың қағидаларының нормаларына сәйкес барлық құқытық қатынастардың субъектісі болса, ал халықаралық ұйымдар тек оның қызметімен анықталып және құрылтай құжатына сәкес келетін құқықтық қатынастардың субъектісі бола алады. Бірақ құқытар мен міндеттердің көлеміндегі айырмашылықтарға қарамастан ұйымдар халықаралық құқық ішінде қызмет істейді және халықаралық құқық субъектілігімен қамтамасыз ететін белгілері болады. Халықаралық ұйымдар “мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау” қағидасын ұстануға міндетті. Сонымен қатар мемлекеттердің өзара теңдігі “халықаралық міндеттерді орындау” қағидаларын да ұстанады. Халықаралық ұйымдардың дауларда мәжбүрлеу құралдары мен шешу құралдарын таңдауда құқықтары шектеулі. Халықаралық ұйымдар БҰҰ-ның Халықаралық сотының отырысында тарап бола алмайды,олар тек кеңес ала алады. Халықаралық ұйымдар сонымен қатар халықаралық жеке құқықтың немесе ұлттық құқықтың субъектісі бола алады.
Егер халықаралық ұйымдар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Кез келген халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің бастамасымен өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мысалы, Ұлттар Лигасы негізіде өз жұмысын 1939-жылы тоқтатты. Бұл тақырыпқазіргі кездің өзекті мәселесі болып отыр.Өйткені Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып,егеменді мемлекет болғалы бері сыртқы саясатын нығайтып,көптеген мемлекеттердің тануымен қолдауын алып,БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болды.Мемлекеттердің қолдауы және көпжақты немесе екіжақты келісім шарттарға отыру-Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде дамуының маңызды,қажетті факторы.
Қазақстан Республикасының қазір 117 мемлекет танып отыр және олардың 105-імен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған.Қазақстан БҰҰ мен Халықаралық қайта құру және Даму банкі,сондай-ақ Халықаралық валюталық қор,ЮНЕСКО,МАГАТЭ,ИКАО-ны қоса алғанда,51халықаралық ұйымға мүше болды.Сондықтан да Қазақстан Республикасын халықаралық құқықтың толық субьектісі қатарына жатқызуға болады.
Халықаралық құқықтың субьектілері.
-негізгі субьектілерге мемлекеттер,тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан халықтар мен ұлттар,азаматтар(бірақ бұл даулы мәселе)жатады.
-туынды субьектілерге мемлекетке ұқсас құрылымдар,еркін қалалар,халықаралық ұйымдар жатады.
Халықаралық субъектілерінің бірқатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл- саяси биліктік сипаттағы күделі ұйым. Жалпы, мемлекеттің өмір сүруі үшін келесі төрт жағдайлардың болуы қажет
Біріншіден, мемлекеттің халқы, яғни нәсіліне, тіліне және діни көзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан, қоғамда бірге өмір сүретін 2 жынысты адамдар тобының болу қажеттігін айтамыз.
Екіншіден, осы халықтың өмір сүруі үшін жері, аумақтың болуы.
Үшіншіден, мемлекетте үкімет, яғни елді басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет.
Төртіншіден, сол үкіметтің егемендігі. Егемендік- бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз, ең жоғарғы билік. Үкіметтің егемендігі өз мемлекеті шегінде немесе одан да тыс қандай да билікке тәуелсіз болуы. Егемендік- мемлекеттің өз аумақ шегіндегі жоғарғы билігі. Сондықтанда мемлекеттің қазіргі қауымның саяси ұйымы болып табылады. Мемлекет үстінен оған бұйрық беретін жоғарғы билік жоқ. Мемлекеттер бір-біріне бағынбайды. Осы жерден біз мемлекеттің егемендігін көре аламыз. Егемендік – мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі
Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:

  1. Біртұтас мемлекет

  2. Конфедерация.

  3. Федерация



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет