Бейтарап мемлекеттер
Бейтарап мемлекеттердің түсінігі.Бейтарап мемлекет-бұл осы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне ешқашан,ешкімнің қол сұқпайтындығына ірі мемлекеттердің (державалардың) халықаралық келісімімен кепілдік беруі, яғни осындай кепілдік берілген мемлекетті айтамыз. Мұндай кепілдік беріледі сол жағдайда, егер осы мемлекет,өзіне қарсы шабуыл жасағанда өзін-өзі қорғауды қоспағанда, ешқашан басқа мемлекетке қарсы қаруды көтермеуге және қашан да жанама түрде болсын соғыстың болуына ықпал ететін қандай да бір әрекеттер жасамауға міндеттенген жағдайда ғана беріледі. Мемлекеттердің мұндай міндеттемелерді мойнына алуы, яғни бейтарап болуларына негізгі себеп - бұл мемлекеттер әлсіз, әлі жас болуы және халықаралық саясатқа белсенді қатыспай, өзін бейбіт жолмен дамуын қалайтындығы болып табылады.
Бейтараптау туралы акт және оның шарты. Негізінде,кез келген мемлекет бейтарап мемлекет болмай-ақ басқа мемлекетпен, егер сол мемлекет өзіне қарсы соғыс ашқан жағдайда өзінің бейтараптылығына міндеттеме алып,сол мемлекетпен келісім шарт жасаса алады. Ал мемлекеттің әрқашан да бейтарап болып қалуына дәлелдейтін бейтараптау туралы акт жасалады. Мемлекетті бейтарап деп танитын бұл акті-сол мемлекетпен ірі державалардың өзара келісімімен жасалатын халықаралық келісім шарты болып табылады.Сондықтан да осы халықаралық келісім шартта тиісті ірі державалар сол мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігіне және территориясының біртұтастығына ешкімнің ешқашан қол сұқпайтындығына алқалы түрде кепілдік береді. Ал егер, кейбір державалар бұл келісімге қатыспаса, онда қатыспағандары тиісті мемлекеттің бейтарап болуына кепілдік бермесе де, өздерінің қарсы еместіктерін үндемей-ақ білдіре алады.Бейтарап мемлекетке кепілдік берген ұлы державалар берген уәделерін ешқашан бұзбайтын-дықтарына, сондай-ақ басқа мемлекет тарапынан бұл кепілдіктің бұзылуына жол берілмейтіндігіне өз тараптарынан міндеттеме алады. Алайда бейтарап мемлекет кепіл берген бұл ірі державаларға қандай да болсын тәуелді болмайды. Ал кепіл берген державалар бұл бейтарап мемлекетке, кепілдікке байланыссыз, қандай да болсын өз тарапынан өктемдік жүргізе алмайды. Бейтараптылықтың ең негізгі шарты бейтарапталған мемлекеттің еш уақытта өз жағынан бірінші болып басқа мемлекетке қару көтермеу, әскери жанжал немесе соғыстың өршігуіне әсер ететін, яғни басталуына жағдай тудыратын қандай да болсын әрекеттерден алшақ болу.
Бейтараптылықта айта кететін шарт, бейтарап мемлекет өзіне кепіл берген ұлы державалардың келісімінсіз өз территориясын басқа мемлекеткеттерге не бере алмайды, не ала алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |