Реферат тақырыбы: исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері


Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО)



бет2/6
Дата29.11.2022
өлшемі35.5 Kb.
#465975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ИСО халықаралық ұйымы

1 Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО)


Ұлттық стандарттар өздерi әзiрлеген және қолданылатын елдердiң ерекшелiктерiн және ғылыми және техникалық даму деңгейiн көрсетедi. Сондықтан әр елдердiң бiркелкi бұйымдарға арналған стандарттары бiр-бiрiнен өзгеше болуы мүмкiн. Ал бұл жағдай халықаралық сауданың дамуына әжептеуiр кедергi болуда, себебi тауардың сипаттамасын тауарды сатып алушы елдiң стандартымен үйлестiру қажеттiгi туындайды. Халықаралық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың ұлттық стандарттарды үйлестiру, сонымен қатар халықаралық (аймақтық) стандарттарды әзiрлеу және кеңiнен қолдау қажеттiлiгiне әкелiп отыр.


Әр елдердiң тiкелей ынтымақтастығының басталуы 1921 жылға жатады. Сол кезде жетi ұлттық стандарттау комитеттерiнiң бiрiншi конференциясы өткен болатын. Осы конференцияның дайындаған ұйымдастыру принциптерiнiң негiзiнде 1926 жылы Халықаралық стандарттау жөнiндегi ұлттық қауымдастықтарының федерациясы (ИСА) құрылды. Бұның құрамында 20 ұлттық ұйымдар кiрдi. ИСА 180 астам стандарттау жөнiндегi халықаралық ұсынымдар әзiрледi, бiрақ екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезiнде оның жұмысы тоқтатылған едi.
Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым ұлттық стандарттау органдарының әлемдiк федерациясы ретiнде БҰҰ-ның шешiмiмен 1947 жылы құрамына 25 ұлттық ұйымдар енiп, Лондонда құрылған.
Оның атын таңдаған кезде грек сөзiнен шыққан ISOS – "тең" деген сөздi пайдалануға келiсiлген. Сондықтан бұл ұйым барлық елдердiң тiлiнде қысқа аты ISO (ИСО) болып аталынады.Бұл Үкiметтiк емес ұйымның қызмет саласы бүкiл стандарттау жағын, электротехника мен электроникадан басқасын, қамтиды. Бұл екi сала Халықаралық электротехникалық комиссияның құзырына жатады (МЭК). Стандарттаудан басқа ИСО стандарттау мәселелерiмен де айналысады.
ИСО-ның негiзгi мақсаты стандарттаудың және қызметтердiң ұштасқан түрiн бүкiл дүние жүзiнде дамуын ынталандыру. Бұл iс-әрекет тауарлармен, қызметтермен халықаралық алмасу процесiнiң және интеллектуалдық меншiктiң, ғылыми-техникалық, технологиялық және экономикалық салаларының қызметтерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
ИСО-ның қызметiнiң тәжiрибелiк нәтижесi деп әр түрлi салалардың халықаралық стандарттарын қабылдауды және жариялауды дайындау арқылы халықаралық келiсiмге келудi айтады. Оларды әзiрлеу кезiнде ИСО барлық мүдделi жақтардың күтетiн мақсаттарын ескередi – өнiм (қызмет) өндiрушiлердiң, тұтынушылардың, ғылыми-техникалық өкiметтiк және қоғамдық ұйымдардың.
Бүгiнде ИСО-ның жұмысына дүние жүзiнiң елдерiнiң 169-ның ұлттық стандарттау ұйымдарымен қатысады, оның iшiнде 94 ИСО-ның мүшесi, 37-корреспондент мүшесi және 15 – қол қойған мүшелерi (2003 жыл бойынша).
ИСО-ның мүшелерi ИСО-ның кез келген техникалық комитетiнiң жұмысына қатыса алады, стандарт жобасы бойынша дауыс беруге құқылы, ИСО-ның Кеңесiнiң мүшелiгiне сайланады және Бас ассамблеяның отырыстарына қатысады.
ИСО-ның корреспондент – мүшелерi ондай белсендi жұмыс жүргiзбейдi, бiрақ әзiрленiп жатқан стандарттар туралы толық ақпарат ала алады. Корреспондент – мүшесi болып негiзiнен дамып келе жатқан елдердiң ұйымдары болады.
ИСО-ның қол қойған мүшелерi жарнасын төлейдi және халықаралық стандарттау туралы ақпарат алып отырады. "Қол қойған мүше" категориясы дамып келе жатқан елдер үшiн енгiзiлген.
Қазақстан 1994 жылдан берi өзiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетiмен ИСО-ның толық мүшесi.
Ұлттық стандарттау жөнiндегi ұйымдар өз елдерiнде ИСО-ның жетiстiктерiн жүзеге асырып отырады.
ИСО-ның ақша қоры мүше елдердiң жарнасынан, стандарттарды сатудан және басылымдардан және т.б. тұрады.
ИСО-ның ұйымдастырушылық құрылымы басқарушы және жұмыс органдарынан тұрады.
Басқарушы органына Бас ассамблея, ИСО-ның Кеңесi және оның комитеттерi, жұмыс органына – техникалық комитеттер (ТК), кiшi комитеттер және техникалық кеңестiк топтар жатады.
ИСО-ның жоғарғы орган Бас ассамблея болады, ол – лауазымды адамдардың және мүше болып сайланған делегаттардың жиналысы. Әрбiр мүше үш делегатты представлять етуге құқығы бар. Мүше – корреспонденттер мен қол қойған мүшелер бақылаушы ретiнде ғана қатыса алады.
Бас ассамблеяның сессияларының арасындағы үзiлiсте ИСО-ның жұмысын ИСО-ның Президентi басқаратын Кеңес жүргiзедi. Кеңес он сегiз мүшеден тұрады – үш жылға сайланатын стандарттау жөнiндегi ұлттық ұйымдардың өкiлдерi. Кеңес Бас ассамблеяны шақырмай-ақ ИСО-ның мүшелерiнен кеңес алу үшiн сұрақтарды жiбере алады немесе мүшелерге Кеңестiң шешiмiн жiберуге құқылы. Кеңестiң отырысында шешiм көпшiлiгiнiң даусымен қабылдана бередi. Қажет болғанда отырыстардың арасындағы мерзiмде кеңес шешiмдi хат алмасу жолымен де қабылдайды. Кеңес техникалық комитеттердi басқаратын Атқарушы бюро құрылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет