Реферат тақырыбы: исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері


ИСО халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері



бет5/6
Дата29.11.2022
өлшемі35.5 Kb.
#465975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ИСО халықаралық ұйымы

3 ИСО халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері



ИСО халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтерін – ИСО халықаралық стандарттау ұйымының жоғарыда айтылып кеткен шағын 7 комитеті атқарады.


СТАКО – ИСО кеңесінің стандарттау бойынша іргелі мәселелерді қарайтын комитеті. Барлық жұмыстары жұмыс тобының шеңберінде жүргізіледі. Мысалы стандарттау принциптері, стандарттаудың тиімділігі, мемлекеттерде халықаралық стандарттарды қолдану т.б. мәселелерді қарастырады.
Сондай-ақ СТАКО-ның терминология жөніндегі тобы үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл комитеттен дайындап шығарған терминология мен анықтамалар стандарттау, сертификаттау және сынақ жүргізу бойынша қолданылатын терминдерді бір үлгіге келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде СТАКО-ның негізгі іс қызметі стандарттау саласында мемлекетаралық тәжрибе алмасу мақсатымен семинарлар өткізу болып отыр.
ПЛАКО – ИСО-ның жұмысын жоспарлау жөнінен ұсыныстар дайындайды, техникалық жұмыстарды үйлестіріп, ұйымдастырады. Сондай-ақ техникалық комитеттерді құру, тарату жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
КАСКО – өнімді сертификаттаудың стандарт талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Негізгі жұмыс саласы сертификаттаудың ұлттық және аймақтық жүйесін өзара тану (ұйғару), қабылдауына жәрдем жасау.
ИНФКО – ИСО-ның ақпараттық жүйесін құрады (қалыптастырады). Стандарт НҚТ-дың автоматтырылған тізімін жүргізу, стандарттар жөніндегі ақпарат алмасу мүмкіндігін жасау.

  • Стандарттау орталықтарының жұмысын үйлестіреді.

  • Стандарт, НТҚ-ды жіктеу, индекстеу жөнінен нұсқаулар беру.

НТҚ жөніндегі ақпараттық жүйесінің халықаралық стандартының қолданылуына жәрдем жасайды.
ДЕВКО – стандарттау саласы бойынша дамып келе жатқан елдердің сұранысын (қажеттілігін) зерттейді. Дамыған елдермен тәжірибе алмасу, мамандар дайындау, оқулықтар әзірлеу, дамыған елдермен стандарттау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады.
КОПОЛКО – тұтынушылар үшін өнімді стандарттаудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттейді, стандарттау жұмысына тұтынушылардың қатынасуына жағдай туғызады. Тұтынушылар мәселесі бойынша ИСО ұйымдарымен байланыс жасайды.
РЕМКО – стандарттың үлгі, эталондарға қатысты жетекшілік құжаттар әзірлеуіне ИСО-ға әдістемелік көмек көрсетеді.
ИСО-ның халықаралық стандартты әзірлеу, келісу жұмыстарын ИСО-ның қызмет органдары ТК-тер, қосымша комитеттер, жұмыс топтары жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет