Реферат тақырыбы: исо халықаралық ұйымы атқару жүйесінің қызметтері



бет3/6
Дата29.11.2022
өлшемі35.5 Kb.
#465975
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ИСО халықаралық ұйымы



2 ИСО шағын комитеттер


Бас ассамблея төрт жылда бір шақырылады, сессия аралығында ИСО жұмысына стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың өкілдері кіретін Кеңес жетекшілік етеді.
Халықаралық стандарттардың жобалары тікелей техникалық комитет аясында қызмет ететін жұмыс топтарымен даярланады. Қазіргі кезде 14251 халықаралық стандарт даярланған. ИСО құрылымына 2981 техникалық орган кіреді, оларды 188 техникалық комитеттер (ТК), 546 шағын комитеттер (ШК), 2224 жұмыс тобы және нақты мәселелер бойынша жедел оқыту үшін арнайы құрылған 23 топ құрайды.
Атқарушы бюро (АТКОМ) – ТК және ШК секретариаттарын әкімшілік және техникалық қолдауларды 36 бөлімшелерде жұмыс істейтін 500 адам іске асырады.
Орталық секретариат – Женевада ИСО Орталық секретариатында дүние жүзіндегі ИСО қызметін үйлестіретін 24 мемлекеттен 151 қызметкер үнемі болады.
Техникалық комитеттер – ИСО Кеңесіне 188 техникалық комитеттер бағынады, жеті негізгі комитеттер және олардың айналысатын мәселелерін қарастырайық:
Шағын комитеттер:
1) ПЛАКО (техникалық бюро) – ИСО жұмысын жоспарлайды, жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша ұсыныстарды дайындайды. ПЛАКО жұмысының аясына техникалық комитеттерді құру және тарату бойынша ұсыныстарды қарастыру, комитеттер айналысуға тиісті стандарттау салаларын анықтау кіреді.
2) СТАКО (стандарттаудың ғылыми қағидаларын зерттеу бойынша комитет) –халықаралық стандарттардың қағидалары және даярлау әдістемесі бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуге міндетті. Комитеттің күшімен стандарттаудың негізге алынатын қағидаларын зерделеу және берілген салада оңтайлы нәтижелерге жету бойынша ұсынымдарды дайындау жүргізіледі. СТАКО сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттарды қолдану бойынша семинарлар ұйымдастыру мен және терминологиямен шұғылданады.
3) КАСКО (сәйкестікті бағалау бойынша комитет) 70-ші жылдардың басында, әлемнің барлық елдерінде сертификаттаудың қарқынды дамуына байланысты құрылды, ол өнім, қызмет көрсету, процесстер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін растау мәселелерімен шұғылданады, осы қызметтің тәжірибесін зерттейді және ақпараттарды талдайды. Комитет сынау және өнім, қызмет көрсету, сапа жүйелерінің сәйкестігін бағалау (сертификаттау), сынау зертханалары мен сертификаттау бойынша ұйымдардың құзыреттілігін растау бойынша нұсқаулар даярлайды. КАСКО-ның маңызды жұмыс саласы – ұлттық және аймақтық сертификаттау жүйесін өзара мойындау және қабылдауға, сонымен қатар сынау және сәйкестігін растау саласында халықаралық стандарттарды пайдалануға көмектесу. КАСКО МЭК-пен бірге ИСО және МЭК мүшелері – мемлекеттерде кеңінен қолданылатын сертификаттаудың әртүрлі аспекттері бойынша бірнеше нұсқаулар дайындады. Бұл құжаттарда берілген қағидалар сертификаттаудың ұлттық жүйелерінде ескерілген, сонымен қатар әртүрлі аймақтағы елдердің сауда-экономикалық байланысында өзара жеткізілетін өнімдердің сәйкестігін бағалау бойынша келісім жасауға негіз болып табылады. КАСКО сонымен бірге аккредиттеу органдарының жұмыс сапасын бағалау және сынау зертханаларын аккредиттеу бойынша аудиторларға жалпы талаптар құрастыру, сапа жүйелері және өнім сәйкестігінің сертификаттарын өзара мойындау мәселелерімен шұғылданады.
4) ИНФКО (ғылыми-техникалық ақпарат бойынша комитет) –ИНФКО құзыреттігіне ақпараттық қызмет көрсету саласында, маркетингтің мәліметтер базасы, стандарттар және техникалық регламенттер сатуда; стандарттарды және т.б. үндестіру саясатын даярлау бойынша ИСО Бас Ассамблеясына кеңестер беруде; ИСО (ИСОНЕТ) ақпараттық желі қызметін бақылауда және жетекшілік етуде ИСО және ұйым мүшелерінің қызметін байланыстыру мен үндестіру кіреді.
Осы негізгі міндеттерінен басқа ИНФКО ақпараттық қызметке байланысты зор жұмыс атқарады:

  • стандарттау бойынша ақпараттық орталықтар ұйымдастырудың және

олардың жұмыстарының нұсқауларын даярлайды;

  • ақпараттық және маркетингтік қызмет көрсету нарықтарын зерттейді

және талдайды;

  • ақпараттарды жинау, сақтау, іздеу, алмастырдыңу жалпы қағидалары

бойынша ұсынымдар құрастырады және таратады және т.б.
ИНФКО жақын арада стандарттар туралы халықаралық электрондық ақпараттық қызмет құру бойынша ұсынымдар даярлауды, ақпараттарды қағаз және электронды тасымалдағышта авторлық құқықты қорғау бойынша жалпы жетекші қағидалар даярлауды, халықаралық стандарттау саласында маркетингті стратегиялық жоспарлау, соның ішінде комитеттің өз қызметін жетілдіруге байланысты міндеттерді шешуді көздеп отыр.
5) ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету бойынша комитет)– дамып келе жатқан елдердің стандарттау саласындағы сұрауларын зерттейді және берілген салада осы елдерге көмек беру бойынша ұсынымдар даярлайды.
ДЕВКО-ның басты функциялары:
1. дамып келе жатқан елдердегі стандарттаудың барлық аспекттерін кең ауқымда талқылауды ұйымастыру, дамыған елдермен іс-тәжірибе алмасу үшін жағдай туғызу;
2. дамыған елдердің әртүрлі білім орталықтары базасында стандарттау бойынша мамандар дайындау;
3. дамып келе жатқан елдерде стандарттаумен шұғылданатын ұйымдар мамандарының танысу сапарларына жәрдемдесу;
3. дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау бойынша оқу құралдарын дайындау;
4. стандарттау және метрология саласында өнеркәсібі дамыған мен дамып келе жатқан мемлекеттердің екі жақты дамуын ынталандыру. Осы бағыттарды ДЕВКО БҰҰ-мен бірігіп қызмет етеді. Бірлесе жұмыс істеу нәтижесінің бірі халықаралық білім орталықтарының құрылуы мен жұмыс істеуі болды.
6) КОПОЛКО (тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша комитет)– 1. тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін және
осыған стандарттау арқылы көмек көрсету мүмкіндіктерін қарастырады;
2. стандарттау саласында тұтынушыларды оқыту бойынша бағдарламаларды құрастырғанда және стандарттарды құрастырғанда тұтынушылардың қатысу тәжірибесін жинақтап қорытады, оларға халықаралық стандарттар туралы қажетті ақпараттарды жеткізеді.
Бұған мерзімді басылымдар, халықаралық және ұлттық стандарттар тізімі, сондай-ақ тұтынушыларға пайдалы нұсқаулар: «Тұтыну тауарларын салыстырмалы сынау», «Тұтынушылар үшін тауарлар туралы ақпаратар», «Тұтыну тауарларының пайдалану сипаттамаларын стандартты өлшеу әдістерін даярлау» және т.б. септігін тигізеді.
КОПОЛКО қауіпсіздік стандарттарын дайындау бойынша ИСО\ХЭК нұсқауын даярлауға қатысты.
7) РЕМКО (стандарттық үлгілер бойынша комитет) – стандарттық үлгілерге (эталондарға) тиісті мәселелер бойынша сәйкес нұсқаулар даярлау жолымен ИСО-ға әдістемелік көмек көрсетеді. Стандарттық үлгілер бойынша анықтама және бірнеше нұсқаулықтар дайындалған, олар «Халықаралық стандарттардағы стандарттық үлгілерге сілтеме», «Стандарттық үлгілерді аттестаттау. Жалпы және статистикалық қағидалар» және т.б.
Бұдан басқа РЕМКО – халықаралық метрологиялық ұйымдармен, бөліп айтқанда, заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымымен (ЗМХҰ), стандарттау үлгілері бойынша ИСО қызметін үйлестіруші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет