Сыр өңірінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл барлық қаржыландырудың есебінен 692 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сәйкесінше, 6 айдың ішінде 318 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Жалпы облыста 27 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Оның тоғызы аудандарда салынып жатыр. Ал қалған 17 тұрғын үй Қызылорда қаласында орналасқан. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында БАҚ өкілдері құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмысымен танысты.
– Қазіргі таңда шаһарымыздың сол жағалауында 16 тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр. Оның ішінде 6 тұрғын үй жеті қабатты болса, қалғаны 5 қабатты үйлер. Бұл тұрғын үйлердің барлығы заманауи бағытта және жаңа технологиялардың көмегімен салынуда. Құрылысы жүріп жатқан 7 қабатты тұрғын үй – 84 пәтерлі болса, 5 қабатты үйлерде – 470 пәтер қамтылмақ. Осы тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен мың пәтер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілетін болады, – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәди Әліп.
Қаланың сол жақ жағалауында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 37 284 шаршы метр болса, бір тұрғын үйдің ауданы – 6 213,9 шаршы метрді құрайды.
3-сурет. Қызылорда қаласының тұрғын үйлері
Сонымен қатар, аймақта барлық қаражат көздерінен 4 108 пәтерден тұратын 300 тұрғын үй және 73 жоба бойынша инженерлік желілер салынып жатыр
Әкімдік тарапынан жасалған қолдаудың арқасында жергілікті құрылыс компаниялары тұрғын үй салуда белсенділік танытып, өңірде 30-дан астам көпқабатты тұрғын үй бой көтереді.
Ерекше айта кететін жайт, Қызылорда облысы республика бойынша бірінші болып аудан орталықтарынан пәтер сатып алуды жүзеге асырып отыр.
Бұған қоса, қазіргі таңда республикалық бюджеттен қосымша 2,7 млрд. теңгеге қаржы бөлініп, оған 286 пәтерді жыл соңына дейін сатып алынады.
Қорытынды
Құрылыс – материалдық өндіріс саласы. Негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары(машиналар мен механизмдер), еңбек заттары(материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі:
•”Архитектура”- Н.О.Іңкәрбеков
•”Сәулет-1” -Қ.Қ.Арынов, Ш.Ж.Сұранқұлов
•Азаматтық ғимараттардың құрылыстық сәулеттік конструкциялары” -А.С.Турашев
•Ғимараттар мен Имараттар құрылымы”- Ә.Ш.Тәттіқұлов
•Архитектура мен жобалау” -И.О.Инкарбетов
Азаматтық және өндіріс сәулеті”- М.Розаков
https://inbusiness.kz/kz/news/kyzylordada-salynyp-zhatkan-top-5-kurylys-kandaj
Достарыңызбен бөлісу: |