ШҚО құрылыс басқармасының 2008 жылғы жұмысы туралы есеп «ШҚО құрылыс басқармасы»



жүктеу 50.07 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі50.07 Kb.
ШҚО құрылыс басқармасының 2008 жылғы жұмысы туралы есеп

«ШҚО құрылыс басқармасы» ММ облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 22 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. 2008 жылғы қаржыландырудың жалпы көлемі 14662,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджеттен 11362,3 млн.теңге, облыстық бюджеттен 3300,5 млн. теңге.

2008 жылы білім беру саласындағы объектілерідің құрылысына және қайта жаңартуға республикалық және облыстық бюджеттен 4698 млн. теңге сомасында қаржы бөлінген, 4595 мың теңге сомасындағы қаражат игерілген. Мемлекеттік сатып алулар жөнінен 23 конкурс өткізілді, соның ішінде: құрылыс және қайта жаңартулар бойынша 14 конкурс және ЖСҚ дайындау бойынша 9 конкурс.

2008 жылы  білім беру саласының 10 объектісі пайдалануға берілген, соның  ішінде: жергілікті бюджет қаражатының есебінен: Жарма ауданының Шар қ. 264 оқушыға арналған мектеп; Тарбағатай ауданының Шорға а. 80 оқушыға арналған мектеп; Ұлан ауданының Бестерек а. 80 оқушыға арналған мектеп; Серебрянск қ. құрылысы аяқталмаған ғимараттың асхана ретінде қайта жаңартылуы; «Ауытқушылықтары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» ММ үшін акт залының жапсаржайы; Ұлан ауданының Митрофановка а. 132 орынға арналған аудандық мектеп; Катонқарағай ауданының Жаңа Үлгі а. 80 орынға арналған мектеп; Күршім ауданының Аманат а. 80 орынға арналған мектеп; Абай ауданының Кеңгірбай би ауылындағы кәсіби-техникалық мектеп.

Республикалық бюджет есебінен: Тарбағатай ауданының Үштөбе ауылындағы 180 орынға арналған мектеп. Білім беру саласындағы 5 объекті бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізілді, соның ішінде: Абай ауданының Орда ауылындағы 132 оқушыға арналған шағын жасақталған мектеп; Бесқарағай ауданының Беген ауылындағы 360 орынға арналған мектеп; Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы 600 орынға арналған мектеп; Семей қаласындағы 1200 орынға арналған мектеп; Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылындағы 150 орынға арналған бала бақша.

Денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына 2008 жылы 2986 млн.теңге қаржы бөлінген, соның ішінде республикалық бюджеттен – 2886,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 99,9 млн. теңге. 2984 мың теңге сомадағы қаржы игерілді. Мемлекеттік сатып алулар жөнінен 6 конкурс өткізілді, соның ішінде: құрылыс бойынша 3 конкурс және ЖСҚ дайындауға - 3 конкурс.

Ағымды жылы «Бесқарағай ауданының Үлкен Владимировка ауылындағы аудандық орталық аурухананың 50 төсек орынға арналған стационарлық корпусы» объектісі пайдалануға берілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 2008 жылы 42 988 мың теңге қаржы бөлініп, оның 38517 мың теңгесі игерілген. Мемлекеттік сатып алулар бойынша 4 конкурс өткізілді, соның ішінде: ЖСҚ дайындауға - 3 және құрылысты аяқтауға - 1.

Өскемен қ. Металлург кентіндегі отбасылық типтегі «Үміт» балалар үйі» объектісі пайдалануға берілді. 2 Поз. – 100 орындық асхана.

Мәдениет объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 60660 мың теңге сомасында қаржы бөлінген. 40158 мың теңге сомасындағы қаржы игерілген. Мемлекеттік сатып алулар жөнінен 4 конкурс өткізілді, соның ішінде: 2 конкурс құрылыс пен қайта жаңарту бойынша және 2 конкурс ЖСҚ дайындау бойынша.

Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 666898 мың теңге сомасында қаржы бөлініп, 573546 мың теңге сомадағы қаржы игерілген. Мемлекеттік сатып алулар жөнінен 6 конкурс өткізілген, оның ішінде: 3 конкурс құрылыс бойынша және ЖСҚ дайындау бойынша 3 конкурс.

Ішкі істер объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 120587 мың теңге сомасында қаржы бөлініп, оның 117384 мың теңге сомасы игерілген.

«Жол полициясы басқармасының бекетін қайта жаңарту («Рубеж-Наркотики»)» объектісінің құрылысы аяқталды және пайдалануға берілді.
Ауылшаруашылығы объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 3 000 мың теңге сомасындағы қаржы Тарбағатай ауданының Қандысу өзеніндегі су қоймасының имаратын қайта жаңарту бойынша ЖСҚ-ны түзетуге бөлінген. Жобалаушылар 2700 мың теңге сомасындағы қаржыны игерген.
Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға 2008 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден  570763 мың теңге бөлінген, оның ішінде 291700 мың теңге республикалық бюджеттен және 279063 мың теңге облыстық бюджеттен. 417909 мың теңге игерілген, соның ішінде: 148373 мың теңге - республикалық бюджет  және 269536 мың теңге - облыстық бюджет. Мемлекеттік сатып алулар жөнінен 6 конкурс өткізілген, оның ішінде: 3 конкурс құрылыс және қайта жаңартулар бойынша және ЖСҚ дайындау бойынша 3 конкурс.

«Халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи және апатты жағдайлардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу» бағдарламасына облыстық бюджеттен 68169 мың теңге сомасындағы қаржы Үржар ауданының Қабанбай ауылы маңындағы Алакөл көлінің тынысжай аймағы жағасын бекітуге бөлінген.  48472 мың теңге сомасындағы қаржы игерілген.


2008 жылы республикалық бюджеттен 574 000 мың теңге сомасындағы трансферттер Өскемен, Семей, Риддер, Зайсан ауданының Зайсан қалаларындағы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, 1 198 000 мың теңге сомасындағы трансферттер Өскемен, Семей қалаларындағы және Бородулиха, Үржар, Абай, Бесқарағай аудандарындағы инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымдарды дамыту мен жайластыруға және 1 123 000 теңге сомасындағы кредиттер Өскемен, Семей қалаларындағы тұрғын үйлердің құрылысына және  сатып алуға  бөлінген.

Бородулиха, Аягөз, Жарма, Ұлан, Үржар, Зырян, Тарбағатай аудандарында және Риддер қаласында сумен жабдықтау объектілерін дамытуға республикалық бюджеттен 2008 жылы 1253602 мың теңге сомасындағы қаржы бөлінген. Трансферттер мен кредиттер республикалық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне толық көлемде аударылды.


Басқарма 48 объектінің құрылысына және 58 жобаға тапсырыс берді. Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен қаржыландырылатын 19 объекті, соның ішінде білім саласының 15 объектісі пайдалануға берілді, 28 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң тұжырымдамасы алынды.
Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы қалалық және аудандық әкімдермен бірлесе отырып 2008 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылатын 17 объектіні пайдалануға берді. 2 объекті бойынша мемлекеттік комиссия өткізіліп, актілер бекітілуге берілді.

2008 жылдың наурыз-сәуір айларында 2 объекті пайдалануға берілген: «Жәрдем» муниципалдық базарын қайта жаңарту», «Жол полициясы басқармасының Алматы-Өскемен автокөлік жолындағы Аягөз қаласы аумағында орналасқан  бекетін қайта жаңарту («Рубеж-Наркотики» қоршау жүйесі)».



2008 жылдың тамызында білім саласындағы 3 объектінің: Жарма ауданы Шар қаласындағы 264 оқушыға арналған мектептің, Ұлан ауданы Бестерек аулындағы 80 оқушыға арналған мектептің және Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылындағы 180 орынға лайықталған мектептің құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жоғарыда аталған объектілер бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы өткізілді.

2008 жылдың қыркүйегінде білім беру саласының 4 объектісі пайдалануға берілді: Серебрянск қаласындағы түзету мектеп-интернатының құрылысы аяқталмаған асханасын, Катонқарағай ауданының Жаңа Үлгі а. 80 орынға арналған мектебін; Күршім ауданының Аманат а. 80 орынға арналған мектебін; Ұлан ауданының Митрофановка а. 132 орынға арналған аудандық мектебін қайта жаңарту. Аталмыш объектілер бойынша мемлекеттік комиссия өткізілді. 2008 жылдың желтоқсан айында түрлі мақсаттағы 6 объекті пайдалануға қабылданды, атап айтқанда: Абай ауданының Кеңгірбай би ауылындағы кәсіби-техникалық мектеп, Зырян ауданы Серебрянск қ. арнайы мектеп-интернаты үшін гараж, монша, қоймажайлар құрылысы және акт залының жапсаржайы, Өскемен қ. Металлург кентіндегі отбасылық типтегі  «Үміт» балалар үйінің асханасы, Бесқарағай ауданы Беген ауылындағы 360 орынға арналған мектеп, Бесқарағай ауданы Беген ауылындағы 150 орынға арналған бала бақша, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы 150 орынға арналған бала бақша, Бесқарағай ауданы Үлкен Владимировка ауылындағы аудандық  орталық аурухананың 50 төсек орынға арналған стационарлық корпус.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет