Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы


Рөлдік ойын: «Менің балам өте агрессияшыл» проблемасын жою жолдарында



бет12/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

Рөлдік ойын: «Менің балам өте агрессияшыл» проблемасын жою жолдарында

Агрессия – қоршаған ортадағы адамдарға зиян келтіру, тұрақты жағдайларға қарсы тұратын мінез, адамдарға психологиялық немесе физиологиялық тұрғыдан зиян келтіруші күш. Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала-ата-ананың ғана емес, педагогтар мен психологтардың, ең бастысы бүкіл қоғамның көкейтесті мәселесі.


Агрессиялықты жою үшін келесі кеңестерді ұстану қажет:
— Отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын талдаңыз.
— Отбасылық қарым-қатынасты қалыпқа түсіріңіз.
Балаңыз қандай болса, сондай түрінде көріңіз және оны кез келген кемшіліктерімен қоса жақсы көріңіз.
— Баладан бір нәрсені талап еткен кезде, оның жас мөлшерлік және жеке ерекшеліктерін есепке алыңыз.
— Жағдайды алдын ала болжай білуге және баланың қызығушылығын басқа арнаға жіберуге тырысыңыз.
— Оны ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
— Өз балаңызды түсінуге үйретіңіз.
Агрессивті бала – ол бақытсыз, өйткені оны ешкім түсінбейді, аямайды және аяламайды. Агрессивті балалармен әрқашан өзара жылы қарым-қатынас түзеу және агрессия түрлерін ойын арқылы шығару керек.
«Сыбызғы» ойыны
Мақсаты: баланың ішкі агрессиясын шығару, беттің бұлшық еттерін, әсіресе ерін маңы еттерін босаңсыту арқылы «Бүгін біз сыбызғы тартуға үйренеміз. Демді ішке тартып, сыбызғыны ернімізге жақындатайық. Ақырындап, ауа еріннен шығатындай етіп, үрлейміз. Қане, тағы қайталайық. Неткен керемет оркестр!» Бұл жаттығуларды топта кілемде отырып та, түрегеп тұрып та орындауға болады.
«Домалақ» ойыны
Мақсаты: баланы өзін-өзі қалыпқа түсіруге амалдарының бірі, ішкі агрессияны жеңуге шақыру. Әрі бері не істерін білмей жүрген баланың қолына, ашық түсті тоқыманы ұстатып, домалақтап жинау керектігін тапсыру керек. Әр ұсынған сайын домалақтың мөлшері ұлғая береді. Ересек адам балаға домалақтың қарапайым емес сиқырлы екендігін айтады. Жіпті домалақтап жинай бастаса, мейлі қыз бала немесе ер бала болсын тыныштала бастайды. Осындай ойындар бала үшін әдетке айнала бастағанда, бірдеңеге ренжігенде немесе шаршаған сәттерінде, міндетті түрде оның өзі ересектерден «сиқырлы жіпті» сұрай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет