Реферат Тақырыбы: Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы



бет13/16
Дата27.11.2023
өлшемі259.8 Kb.
#484547
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ЖБЛ-212 Тәрбие

«Күн райын болжау» ойыны
Мақсаты: Арқаның бұлшық еттерін босаңсытып, бір-біріне қамқорлыққа үйрету, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Балалар бірінің соңынан бірі шеңбер жасап тұрады. Ойын жүргізушінің ауа-райын болжаған нұсқауларына сәйкес, балалар бір-бірінің арқасына массаж жасайды. Мысалы: Ақтөбеде күн ашық (сылайды); Астанада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады (бір саусақпен ақырындап тырсылдатады); Семейде күн бұлтты, нөсер жаууы ықтимал. (бес саусақпен қаттырақ тырсылдатады) Жаттығудан соң не ұнағаны, не ұнамағаны жайлы әңгімелесуге болады.


Психологиялық тренинг: «Өтпелі кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес кездесетін психологиялық сәтсіздіктерді болдырмау»


Мақсаты: Өтпелі кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмау
Барысы:
1.Танысу тренинг
Мақсаты: Аз уақыттың ішінде топтың есімдерін есте сақтау. Ойыншылар көздерін жұмып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды. Топта барлығы жақсы араласқан соң «тоқтаңыздар» делінеді. Барлығы көздерін жұмып тұрады. Психолог ойынды бастайды. Бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтуі керек. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды да ойыннан шыға береді. Аты аталған ойыншы келесі ойыншыны атайды. Сөйтіп ойын қатысушылардың бәрінің есімдері аталғанша жалғасады.
2. « Жест таңдау» жаттығуы
Мақсаты: әрбір топ мүшесі үшін жест жүйісінің мәнерін қалыптастыру. Шарты: балалар шеңбер құрып тұрады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3-5минут ішінде өз басынан өткен бір қызықты, бір қиын оқиғаны естеріне түсіріп баяндап беру. Бұл жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік пен қызықтыру шартты қойылады. Талдау: Қай оқиғаны баяндау оңай болды? Қай оқиғаны баяндау қиын болды? Жаттығу несімен ұнады?
3. “Кездескенше» жаттығу
Шарты: барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз. Менің қолымда кішкентай жіп бар. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір-бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз туралы пікір білдіріп, осымен бірге, әріптеріңіздің атына өз тілегіңізді айтасыз.
Жүргізілген психологиялық түзету жұмыстарына, тренингтерге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Қатысушылар басқа оқушыларға өздерінің алған тәжірибесін және сезімін айтып бергенде басқа оқушылар да тренинке қатысқысы келетіндігін, барлық мектеп оқушыларына арнап жүргізу керек екендігін айтты.
Эксперименттің үшінші кезеңі бақылау экспериментінде анықтаушы кезеңде өткізілген әдістемелерді қайта өткіздім.
Зерттеу нәтижесі бойынша алынған нәтиже төмендегідей болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет