1.2. Қазақстан экономикасын майдан мүддесіне бағындыру
Республиканың экономикасы әскери бағытқа көшірілді: бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенциалының және мәдени байлықтардың еріксіз көшірілді, көптеген қиыншылықтар туғызды. 1941-45 жж. Қазақстаннан батыс аудандырдың 532.5 мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970 мыңдай депортацияланған немістер, поляктар осында келді. Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7-15 есе аз түсті, баға 10-15 есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа да маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді. Қазақстанға 220 фабрика, завод, ұстаханалар, артель мен өнеркәсіп комбинаты көшіріліп әкелінді.Неміс әскерлерінің КСРО-ға терең бойлап кірген, Еділ бойындағы шайқастар кезінің өзінде-майдан шебі Қазақстанға жеткен жоқ.Соғыстың бірінші күнінен-ақ Қазақстан оның арсеналдарының біріне айналды.Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті. 4 жыл ішінде олар ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39% арттырды, электр қуатын өндіру 2 есеге өсті. Республика мыс, қорғасын өндірудегі жетекші орнын сақтап қалды, осымен бірге зерттелген кеніштердің негізінде металдар шығару, бойыту,балқыту кәсіпорындары: Шығыс Қоңырат молибден, Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б. салынды. 1941-1945 жж. Барлығы 460 завод, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды.
Көптеген колхоздарда жұмыс істеп жүргендердің 70-80% әйелдер болды. Қазақстан еңбекшілері Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Шығанақ Берсиев тарының гектарынан 202ц. өнім алып, дүние жүзілік рекорд жасады. Қызылорда облысы «Авнгард» колхозының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев күріштің гектарынан 172ц.өнім алды.Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парызын өтеді.1941-45жж. Олар майдан мен елге 5879 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және т.б. азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
6
Достарыңызбен бөлісу: |