Реферат тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Орындаған: ПиАп-21-1к топ студенті Аты-жөні: Асылбекова А. Б


Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері



бет4/6
Дата02.01.2022
өлшемі45.86 Kb.
#453584
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
тарих реферат акмарал

1.3. Қазақстандықтардың тылдағы еңбектері

Майдандағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен, олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі 20 пайызға, әйелдер 58 пайызға, жасөспірімдер 22 пайызды құрады.Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар, қарт адамдар қамтамасыз етті.

Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ге дейін ұзартқан. Әрбір шаруа екі үш адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды.

Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылды. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз- совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.

Жергілікті партия және Кеңес органдары майдан өкілдерімен әрбір кездесу мүмкіндігін қалт жібермей, еңбекшілерді тікелей жүздестіріп күнделікті әскери патриоттық және үгіт- насихат жұмыстарына орынды пайдалана білді.Республика еңбекшілердің атына Қазақстандық жауынгерлердің хаттары Отан соғысы майдандарының барлық түпкірінен келіп түсті.Әрбір әскер бөлімінің қазақ жауынгерлері, олармен ұрыста бірге жүрген туысқан басқа да халықтардың өкілдері жауап хаттарында жауға қарсы күресте ештеңеден аянбауға серт берді. Олар майдандағы қазақ жауынгерлерінің ерліктерін баяндап жазды. Республика баспа сөзінде бұл хаттар үнемі жарияланып тұрады.II Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанның майданды ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Қиын-қыстау кездері Қазақ елінің ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды.

7

Қазақстан-елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды.Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жем-шөппен, әсіресе, қысқы жем-шөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет еді.Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан, республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1миллион басқа көбейді. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару да жоғары қарқынмен өсті. Экономикадағы бұл табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер-азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50 пайыз, ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде 80-90 пайызды құрады.Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды, мамандардың тұрақтамауы шектелді, 11 сағаттық 6 күндік жұмыс аптасы енгізіліп, қосымша демалыс жойылды.



Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.Соғыстың қиын қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған Қазақстанның индустриалды жүрегі-Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді.Ортақ Отанды қорғаушылар қатарына алынған кеншілердің лавадағы орнын әкелері, ұлдары мен қыздары басты.Зейнеткерлер забойға қайтып оралды, шахтада жұмыс істеуді жастар мен әйелдер жедел үйрене бастады. 10 мыңңан аса білікті жұмысшылар мен мамандар Донбастан Қарағандыға көшті, стахановшылар қозғалысының бастаушысы А.Г.Стаханов №31 шахтаның бастығы болды. Соғыс жылдары астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды.Егіс алқаптары 28 процент артты.Соғыстың алғашқы 5 айында Қарағанды қаласы бойынша 1904955 сомқаржы жиналды және майдан үшін жылы киім жинауға зор ынтамен қатынасты.37 мың шолақ тон, күрте, бөкебайлар,24 мың пима,10543 дана іш киім, 100 мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық даярланды.

Ленинград майданы мен Нева бойыындағы қаланың жауынгерлері үшін азық-түлік жинау айлығы кезінде 20 вагон азық-түлік жөнетілді.

8

Қолына қару ұстап, фашистер басқыншылығына қарсы күресте Қызыл Армияның құрамында сапқа тұрып, ерлік көрсеткендердің үлесінде Қазақстаңдықтар алдыңғы орында тұрды. Қазақстан халқы майдан даласында ғана емес, тылдағы еңбек майданында да ерен ерліктер көрсетті.Күн-түн демей еңбек етіп шаруашылықтағы жұмысты тоқтатпады. Жеңіске деген сенім әрбір Қазақстан азаматының көкірегінде ұялады. Сондай сеніммен еңбек майданында жан алмай күреске шыққандардың бірі, қазақ әйелдері болды. Соғысқа кеткен әкелері мен ағаларының орнын басқан олар тыл майданында қажырлы қайрат жұмсай білді. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып, кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін , бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» деген игі ниетті асыл сезімін кім естен шығара алады. Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріп келе жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейін отандастырымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты.Майдандағы сұранысты қанағаттандыру үшін материалдық және адамдар ресурсы, барлығы жұмылдарылды. Жұмысшылардың соның ішінде заводтар мен фабрикадағы, колхоздағылардың қажырлы еңбегі және интелегенция өкілдерінің шығармашылық ойлары майдан мүддесіне бағытталды. Сын-сағатта Отанымыздың барлық адамдары өз жұмыстарың «Барлығы жеңіс үшін, барлығы майдан үшін» деген ұранмен байланыстырды. Адамдар колхоз алқаптарында, шахталарда, домна пештерінде жұмыс атқарып, майдан қажеттілігін өтеді.



Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін ауыл шаруашылығы саласын жолға қою күрделі жағдайда жүрді. Астық жинау науқанының алдында механизатор кадрлардың басым көпшілігі майданға кетті. Бұл туралы ақпарат беретін мәліметтерге жүгінсек тракторшылардың құрамының 56%-ы, комбайншылардың арасында 45%-дан астамы, комбайншылардың көмекшілерінің 60%-ына жуығы 25 жасқа дейінгі жастар болды. Майдандағы жұмысқа қабілетті ауыл шаруашылық жұмысшыларының кетуі, соның ішінде механизатор және т.б. кадрлар орнын колхоз жұмысын одан әрі жылжыту үшін басқалары басуы тиіс еді. Ол үшін алдымен ұзақ уақыт үгіт-насихат жұмысы жүргізілуі тиіс еді. Үкімет аз уақыт ішінде әйелдерді еңбекке тарта білді. Әйелдердің саяси және еңбек белсенділігі осындай қиын сәтте кадр мәселесін шеше алуына үлкен жағдай жасады. Адамдардың саны жағынан Қазақ КСР соғысқа дейінгі кезеңде 5 орында болды. 1941 жылдың қаңтарында жұмысшылар саны 1084, 1 мың адам атсалысса, соның 577,2 мыңы әйелдер еді. Бұл мәліметте түсінетініміз колхоз құрылысында әйелдер күші көп болды. Соғыстың алғашқы көктемі өте ауыр тиді. Егістік алқаптарды ұлғайту мен

9

ауылшаруашылық өнімдерді арттыру көзделді. Қазақ әйелдері мен қоса жастар және олардың мүшелері егінді сапалы және өз уақытында егуде үлкен рөл атқарды. 1942 жылы Наурызда Алматы облысы, Іле ауданы «Новый мир» колхозында жастар ұйымы егінді табысты егу жолында социалистік жарыс ұйымдастырып соның ұйытқысы болды. Оған дейін Қазақстан ЛКЖО ОК-і Қостанай облыстық Семиозер МТС-і жастары мен оның мүшелерінің тракторларды, тіркеме қозғалтқыштарды, автомашиналарды дер кезінде өңдеу мен қосалқы бөлшектерін қайта жасау және жаңа өндіріс өнімдерін көбейтуге алған мідеттемелерін қолдап, бекітті. Әрбір тракторды өңдеу құның 20%-ға төмендетті, жөңдеу жұмыстары барысында 500 кг жағар май үнемдеуге шақырды. Жағармайды үнемдеу жжәне оларды күзету үшін жастар мүшелері арасынан бақылау бекеттері құрылды. Бекеттер 3-7 адамнан тұрды. Барлық облыстарда осындай бекеттер жұмыс істей бастады, тек Алматы облысының өзінде 1942 жылдың көктемінде осындай 180 бекет жұмыс істеді.Ақмолада ондай бекеттер саны 334-ке жетті. Тек «Авангард» МТС-інің жастары көктем жұмыстары кезінде 129 тонна жағар-май, 16 тонна май өнімдерін үнемдеді.



Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан негізгі бір тыл аймағы болып табылғаны белгілі. Қаншама қазақ әйелдер соғысқа жете алмағанымен, «немістерге біз жасаған снарядтар жетсін» деген тәрізді ұрандар тастап, еліміздің ірі өнеркәсіп орындарында жан аямай, күні демей, түн демей қызмет етті.

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет