Реферат тақырыбы: Ойлау және сөйлеу Тексерген: Утеуова А. А. Орындаған: Темірханова Қ. С ақтөбе, 2023 Жоспар


Сөйлеудің алғашқы қызметі қарым-қатынас орнату



бет4/6
Дата06.05.2023
өлшемі50.87 Kb.
#473306
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Ойлау 4

2.4.
Сөйлеудің алғашқы қызметі қарым-қатынас орнату.
Сөйлеу, ең алдымен, әлеуметтік қарым-қатынас жасау және түсіну мен өз ойын айтып жеткізу құралы. Сөйлеудің бұл қызметі, әдетте, элементтерге бөлшектейтін талдауда интелектілі (ақыл-ой) қызметінен ажыратылып тасталатын да, екі қызмет сөйлеуге бірдей және бір-бірінен тәуелсіз қызмет ретінде танылып келді. Сөйлеу — бір өзінде қарым-қатынас және ойлау қызметін қоса алып жүрді, алайда бұл қызметтің бір-бірінің арасындағы қарым-қатынас қандай, осы екі қызметтің сөйлеуде болуына қандай жағдай әсер етті, олар қалай дамиды және осы екеуі бір-бірімен құрылымы жағынан қалай біріккен — осылардың барлығы Выготскийге дейін зерттелмеген.
Дұрыс түсінуге және ой мен күйзелісті арнайы жеткізуге негізделген қарым-қатынас еңбек үрдісінде қарым-қатынас жасау қажеттілігінен туындаған адамның сөйлеуі прототипі болған, болатын және әрқашан бола беретін күралдың белгілі жүйесіз сөзсіз талап етеді. Алайда ең соңғы кезге дейін бүл іс, психологияда басымдық көрсеткен көзқарасқа сәйкес, шамадан тыс қарапайым түрде ұсынылып келді. Қарым-қатынас құралы белгі, сөз, дыбыс деп ұйғарылды. Осы шатасқан түсінік элементтерге ыдырататын барлық сөйлеу мәселесінің талдауы дұрыс шешілмеуінен туындап отырды.

2.5. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту


Адамның барлық нағыз адамдық қасиеттері өз өміріне тәлім-тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда оқыту барысында балалардың таным процестерін дамытуға, олардың тіл байлығын және өз ойын сөйлеу арқылы басқаларға жеткізу тәсілдерін қолдаудың ойлау процесін қалыптастыруға қосатын үлесі өте үлкен.


Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет.
Мида болып отыратын үздіксіз ойлау мен оның жемісі ұғымдар мен сөйлемдер де бір емес. Мәселенің шешілуі адам басында реттеліп отырады. Сондықтан ойлау туралы зерттеулер, олардың процесс күйін емес, ойлау қалайша жүзеге асып, реттеліп отыруы үшін қандай шарттар қажет екенін тексеруге арналған.
Жас бала үшін мәселені шешудің бірінші құралы – оның практикалық іс-әрекеті. Бала мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс-әрекет жасайды. Мұның мәнісі шешілуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс-әрекетінің қатысуымен шешілуінде ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі – сөздік өрнектер арқылы ойлау болып табылады, тіпті жас баланың ойы ең «ақылды» деген маймылдың ойлауынан түбегейлі айырмашылығы да осы арада. Ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арсындағы байланыстар мен қатынастар ойлау жолымен ашылады.
Ойлау – танымның жоғары сатысы. Оның айрықша ерекшелігі – сөзбен тығыз байланыстылығы. Ойлаумен сөйлеу органикалық бірлікте болады. Ой шындығы тіл арқылы беріледі. Шындықтағы себеп-салдарлық байланыстар тәжірибеде танылып, белгілі тілдік формалармен аталады. Адам дүние құбылыстарын тани отрып, бұларды бірінші және екінші сигналдық жүйелер арқылы бейнелеп, түрлі сөздермен өрнектейді. Әрбір қабылданатын зат, құбылыстың белгісі, қозғалысы, күйі не қатынасын сөзбен атай отырып, адам оларды жалпылайды. Ойлау арқылы заң, ереже түйінделеді, фактілер қорытылады, электронды күрделі механизмдерді пайдалана отырып, тікелей қабылдауға болмайтын құбылыстардың мән-жайын танып біледі. Ойлау шындық жанама жолмен танылады.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақтылы болғандықтан, олар көп нәрселерді өз қалпында түсінуге бой ұрады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесінде психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, таным, ойлау, өзін-өзі тәрбиелеу т.б.
Мұғалімнің міндеті – оқыту процесінде бастауыш сынып оқушысының ой-әрекетін қалыптастыру. Осыған орай оқушы оқыту процесінде, әрбір сабақта өзінің оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға үйренуге тиіс. Оқыту процесіндегі ой-әрекетінің қалыптасу жолдарында танымдық белсенділіктің мынадай көріністері болатынын білу керек:
— Білуге деген ықыластың, ұмтылыстың, шабыттың жоғары болуы;
— Бастауыш сынып оқушысының өзіндік дербестігі, сұрақ беруге құмарлығы, пікірталас туғызуға деген ықыласы;
— Бастауыш сынып оқушысының материалды еркіне, өз сөзімен айтып беру мүмкіндігі және шығармашылық әрекетінің жоғары болуы.
Егер де сабақтарда бастауыш сынып оқушысының бойында танымдық белсенділік пайда болған жағдайда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, зейінділік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі т.б.
Бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады. Амалдарды қолдану арқылы оқушы материалдың мазмұнын еркін меңгеріп, материалды баяндау тәртібін өзінше өзгертіп айтып беруге шамасы келеді.
Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділік қалыптасады.
Оқыту процесі өзіне екі міндет қояды: біріншіден, балаларға білім беру, екіншіден, оларды жан-жақты дамыту. Ақыл-ой дамуы танымдық қабілеттердің дамуы мен адамның гармониялық дамуының құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту процесіндегі іс-әрекет өзіне екі міндет қоя отырып, ойлау әрекетінің дамуын көрсететін белгілерді анықтау педагогикалық психологияның тағы бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оқыту мен дамудың өзара қатынас мәселелері ақыл-ой дамуының белгілерін нақты анықтау негізінде тұжырымдалады. Ол белгілер бойынша, оқыту әдістері мен мазмұны дамуға қалай әсер етеді, оның негізінде дамудағы қозғалысты қалай көруге болады деген сұрақтарға жауап аламыз.
Осы белгілерді көрсететін ойлау ерекшеліктері мәселелі тапсырмаларды шешуде жүзеге асатын ойлау операцияларынан көрінеді.
Тапсырманы шешуде ойлау іс-әрекетінің тәуелсіздігі ақыл-ой дамуының мәнді көрсеткішін береді. Бастауыш сынып оқушысының ойлау іс-әрекетінің дамуын зерттеу, оларда интеллектуалды іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін қалыптастыру – ең өзекті мәселелердің бірі.
Бастауыш сынып оқушысының ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі – қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет