Реферат тақырыбы: Ойлау және сөйлеу Тексерген: Утеуова А. А. Орындаған: Темірханова Қ. С ақтөбе, 2023 Жоспар



бет6/6
Дата06.05.2023
өлшемі50.87 Kb.
#473306
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Ойлау 4

3. Қорытынды
Қорытындылай келе, Ойлаудың дербестігі дегеніміз-адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігінде, икемділігінде, жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міндеттерді шешу үшін жолдар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе таңдауында байқалады.
Ойлау барлық жерде қажет, онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын, қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.
Ойлау – бұл ерекше дәл, терең, толық және жалпы жанама түрде шындықты бейнелеуге, негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып-білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.


2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.
3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005. 
4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.
5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алма-Ата, 1992.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет