Реферат тақырыбы: Орындаған



бет3/5
Дата25.05.2022
өлшемі31.32 Kb.
#458624
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Орындаған-dereksiz.org

РР витамині 5 витамині , никотин қышқылы , антипеллагрлік витамин)

Никотинді толықтыру арқылы 1837 жылы никотин қышқылы алынған болатын . Бұдан кейін Функ (1911-1912) күріш дәнінінің қауызынан және аштқыдан бөліп алды . Бірақ оның биологиялық маңызы жүз жыл өткеннен кейін ғана , Элвехьем мен Вули (1937) екеуі никотин қышқылын азық-түлікке қажетті зат ретінде анықтаған кезде белгілі болапды . Бұдан бұрынырақ О. Варбунг пен Х. Эйлер (1936) никотинамидтің НАД және НАДФ құрамына кіретін анықталы .

Химиялық құрамы және қасиеттері . Никотин қышқылы-барлық витаминнің ішіндегі құрылымы ең қарапайым қосылыс , ол карбоксил тобы бар пиридин сақинасынан құралалы , мұндағы карбоксил тобы үшінші жағдайда тұрады .

Биологиялық тұрғыдан активті және ферменттің құрылымына кіретін никотин қышқылының өзі емес , оның амиді – никотиннамид . Сондықтан да кейде никотин қышқылын провитамин ретінде қарастырады .

Никотин қышқылы – түссіз кристалды зат , балқу температурасы 131-132 С , суда жақсы ериді , бензолда және эфирде іс жүзінде ерімейді .

Биологиялық қызметі . РР витаминінің биологиялық қызметі оның НАД және НАДФ коферменттердің құрамына кіруімен байланысты , Бұл коферменттер тиісті апоферменттермен қосылып күрделі ферменттер – пиридин дегидрогеназаларын түзеді . Ол күрделі ферменттер сутегін , злектрондар мен протондарды бөліп шығару жолымен субстраттың тотығуын катализдейді . Жалпы никотинамид қатысаиын реакциялардың саны қырықтан астам .

НАД+ және НАДФ+ коферменттердің тотыққан және тотықсызданған түрлері май , амин қышқылдары , углевод алмасуының жеке кезеңдеріне , пурин және пиримидин негіздерінің биосинтезіне , тканьнің тыныстану процесіне қатысады .

Авитаминоз . РР-авитаминозына тән белгі пеллагра . РР витамині атауының өзі preventive pellagra деген екі сөздің бас әріптерінен алынған , ол «пеллаграның алдын алатын фактор» деген мағына береді . Мұндай пеллагра сырқаты кезінде терінің ашық жерлері қабынады , ауыз ойылып , стоматит болады , тіл ауырады , ол семіп жансызданады , ас қорыту жүйесіне бұзылады . Сол сияқты нерв жүйесі зақымданады , адам есінен айырылады . Пеллагра сырқаты көбінесе тұрмысы нашар , негізгі азық-түлігін жүгері өнімдері мен шошқаның майы болатын елдерде байқалады . Мынадай жағдайда анықталған : егер азық-түлік өнімдеріндегі белокта триптофан амин қышқылы көп болса , онда адамның және жануарлардың организмінде РР синтезделеді . Жүгері белогында триптофан өте аз болады .

Табиғатта таралуы . Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде , ірі тартылған ұнды , ашытқыда , картопта , жануарлар бауырында , етте , балықта кездеседі .

Никотин қышқылның бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері -

15-25 мг .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет