Реферат тақырыбы: Орындаған



бет5/5
Дата25.05.2022
өлшемі31.32 Kb.
#458624
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Орындаған-dereksiz.org

В12 витамині (цианкобаламин , антианемиялық итамин )

1926 жылы дейін қатерлі қан азаю ауруын емдей алмайтын , әдетте ондай ауруға ұшыраған адам өлетін . Мино мен Мерфи екеуі бұл ауруға бауырды көп беру ем болатынын анықтады . 1948 жылы В12 витамині кристалл түрінде бөліп алынады және ол қателері анемия ауруына ем екені белгілі болады .

Химиялық құрлымы және қасиеттері . В12 витаминінің химимялық құрлымын Дороти Ходжкин рентген сәулелерімен дифракция жасау әдісі арқылы анықтады . В12 витамині химимялық құрамы ең күрделі витаминге жатады және құрамында металл бар бірден-бір витамин болып табылады . Оның эмпириялық формуласы:

С63Н88N14O14PC0

B12 витамині молекуласында негізгі орынды коррин сақинасы жүйесі алады , ондағы пиррол сақинасының жұбы өзара тікелей байланысқан , екінші жұбы , гем порфириніндегідей , метин көпіршесі арқылы байланысады . Коррин ядросында сутегі атомдарының орнын метильдік , ацетаминдік және пропиниламидтік топтар басқан кезде корфирин деп аталатын қосылыс пайда болады . Корфирин молекуласында 8 метильдік , 3 ацетаминдік , 4 пропиониламиндік топтар бар . Корфирин азот атомы арқылы кобальтпен байланысып , кобаламин түзеді . Ортасында кобальтпен циан тобы байланысады , сондықтан В12 витамині цианкобаламин деп те аталады . Екі валенті кобальт гемдегі темір орналасқандай жағдайда болады . В12 витамині – қызыл тістү кристалды зат , суда ериді де , органикалық еріткіштерде ерімейді . Ыстық температураға төзімділігі ерітіндінің pH көрсеткіші байланысты , қышқыл ортада ұзақ қызыдруға төзеді , бірақ жарықтың әсерінен өте сезімтал келеді , оның әсерінен және сілтілік ерітіндіде тез бұзылады .

Биологиялық қызметі . В12 витамині жануарлар тканінде коферменттік қызмет атқарады . Оның екі туындысы – метилкобаламин және – 5-дезоксиаденозилкобаламин кобамидік ферменттер қатарына жататын кофакторлар болып табылады . Осы ферменттер мынандай реакцияларды катализдейді: 1) метильдену реакциясы , мысалы, метиониннің , холиннің , А коферментінің , т.б синтезі ; 2) қайта топтасу реакциясы , мысалы , метилмалонил – ҚоА қосылысына сукинил –ҚоА қосылысына айналуы ; 3) пуриндік және пиримидиндік негіздер биосинтезіне қатысуы .

Авитаминозы . В12 - авитаминозы кезінде қатерлі анемия ауруына ұшырайды , мұндай ауру салдарынан қанда жетілмеген және тұрақсыз көптеген эритроциттер пайда болады , эритроцеттердің жалпы саны азаяды . Сол сияқты тез өнетін басқа да тканьдер , мысалы , асқазанның шрыш қабаты және нерв тканьдері зақымданады . Нерв жүйесінің зақымдануы асқына түседі .

В12 – авитаминозы сырқаты тамақта цианкобаламиннің жетіспеуінен ғана болмайды , қаранның шырыш қабаты зақымданған кезде де байқалады . Цианкобаламинді сорып сіңіру үшін шикі фактор – гликопротеид қажет . Ол фактор В12 витаминімен қосылып комплекс түзеді . Асқазанның шырыш қабаты жойылған кезде осы аталған фактор бүлінеді де , кобаламин сіңбейді . В12 витаминін тканьдерге жеткізу қызметін транскобаламин деп аталатын арнаулы транспорттық белоктар атқарады .

В12 витамині фолий қышқылымен өзара әрекеттесіп , эритроциттердің дамып жетілуін тездетеді , организмде қан түзілу қызметін қамтамасыз етеді .

Табиғатта таралуы . Азық-түлік құрамында кобальт болса , В12 витаминін асқазан-ішек жолында микрооргнизмдер синтездейді . Кобальт , әсіресе , жануарлар тектес өнімдерде – бауырда , бүйректе , жүректе , мида , сиыр етінде , жұмыртқаның сары уызында , сүтте көп болады . Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді . Кобальт , әсіресе , жануар тектес өнімдерде – бауырда , бүйректе , жүректе , мида , сиыр етінде , жұмыртқанын сары уызында , сүтте көп болады . Өсімдіктерде іс жүзінде синтезделмейді . Ересек адамға тәлігіне қажетті 2-3 мкг , балаларға қажет мөлшері 0,5-2,0 мкг.


http://dereksiz.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет