Реферат тақырыбы: Орындаған



бет4/5
Дата25.05.2022
өлшемі31.32 Kb.
#458624
түріРеферат
1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Орындаған-dereksiz.org

В6 витамині (пиридоксол , пиридоксаль , пиридоксамин , адермин)

Пиридоксол 1938 жылы бауыфрдан , ашытқыдан алынады жіне сол жылы синтезделіп шығарылады . В6 витаминінің тағы екі түрі белгілі , олар – пиридоксаль мен пиридоксамин , бұл екеуін 1944 ж Снелл табиғи көзднрден тапқан болатын . В6 витаминінің бұл үш түрі де жануарлардың тіршілігіне бірдей әсер етеді .

Химимялық құрлымы және қасиеттері . В6 витаминінің молекуласы пиридин сақинасынан тұрады , онда сутегінің үш атомының орнын әр түрлі үш топқа басқан . Олар – метильдік топ , гидроксильдік топ және гидроксиметильдік топ . Бұдан басқа азот атомының пара-жағдайында пиридоксолда алғашқы спирт тобы , пиридоксальде – альдегид тобы , ал пиридоксаминде амин тобы бар .

Пиридоксол – түссіз кристалды зат . Балқу температурасы 160С . Суда , спиртте , ацетонда жақсы ериді , ал эфирде және хлороформада іс жүзінде ерімейді . Пиридоксаль мен пиридоксаминнің пиридоксолдан айырмасы балқу температурасына байланысты . Ол екеуінің балқу температурасы тиісінше 165С және 193С .

В6 витаминінің үш түрі де қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты , тіпті 100С дейін қыздырған кездің өзінде олар әсер етпейді . Ультракүлгін сәулелердің әсерінен В6 витамині тез , әсіресе бейтарап және сілтілік ортада өте тез бұзылады .

Биологиялық қызметі . 1937 жылы слвет ғалымдары А. Е. Браунштейн мен М. Г. Крицман амин қышқылдарының қайта аминдену реакциясын ашты . Бұл реакцияны аминотрансфераза ферменті катализдейді , оның коферменті В6 витаминінің фосфорланған туындысы болып табылады . В6 витаминінің негізгі қызметі оның коферменттік ролі деп санайды . Жануарлар клеткаларында ол фосфорланады , сөйтіп фосфорлы эфирлер – пиридоксаль – 5-фосфат және пиридоксамин – 5-фосфат ферменттері түзеді . Пиридоксаль – 5-фосфат тікелей коферменттік қызмет атқармайды , ол жоғаырыда аталған екі пиридоксиндік коферменттердің ізашары .

Авитоминоз . В6-авитаминозы кезінде – терінің сал ауруына ғана тән қабынып ауру - дерментит кездеседі . Бұл кезде дененің симметриялы учаскелері зақымданады , тері қызарады , жануарлардың терісі түседі . Сол сияқты қан құрамындағы эритроциттердің саны азаяды , олардың түйіршік көлемі кішірейеді , қан азайып аемия құбылысы болады , құстардың жұмыртқалауы тыйылады .

Табиғатта таралуы . В6 витаминін жасыл өсімдіктер мен көптеген микроорганизмдер синтездеп шығарады . Жануарлар тканінде және азық-түлікте бұл витамин негізінде пиридоксаль , пиридоксамин түрінде және олрдың фосфор эфирлері түрінде кездеседі . В6 витамині жұмыртқаның сары уызында , жануарлар бауырында , сәбізде , бидайда , қара бидайда , ашытықыда көп .

Жануарлардың қажет етуі . В6 витамині өсімдік тектес жемшөпте және азық-түлікте көп болатындықтан , адамдар мен жануарларда авитоминоз құбылысы сирек кездеседі .

Оның бір тәулекте ересек адамға қажетті мөлшері 1,5-2,0 мг , балаларға қажетті мөлшері 0,4 мг кем болмауы тиіс .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет