Абайдың әлеуметтік — саяси көзқарастары да прогресшілдік бағытта болды. Ол патриархты-феодалдық коғамдағы надаңдықты, кертарпалақты, әділетсіздікті ,заңсыздықты, зорлық-зомбылықты мықтап және жан-жақты сынады. Қанаушы тап өкілдерінің кедей-жалшыларға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы шығып, замандастарын мейірімділікке, гуманизмге шақырды. Абай объективтік тұрғында қазақ енбекші шаруаларының идеологы, сәулетті болашақтың жаршысы болды. Ол қазақ халқын экономикалық және мәдени мешеулікке қарсы күреске, прогреске, отырықшылыққа, шаруашылық пен мәдениетті жан-жақты дамытуға, халықты ағартуға, білімге шақырды. Қазақ елін алға бастыруда орыс халқынан үлгі алып, оның мәдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін атап көрсетті. «Жиырма бесінші» қара сөзінде :»Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда — бәрі орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек.Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді… Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»,-деп жазды. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас » деп, ислам дініне берік сенетін Абай адамды да жаратушы алла деп түсінеді де,»Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол алланы жаннан тәтті » деп, адамды әуелі алланы сүюге шақырады. Бірақ ол исламның шариғатшыл оқымыстырарындай, тек алланы сүюмен ғана қанағаттанбай,»Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар одан басқа» деп, ең жоғары санайтын алламен қатар адамды да сүюге шақырады. Ислам ғалымдары бұл дүниені уақытша, фани деп, сондықтан оны «жалғанға» санап, одан бездіруге тырысса, рақатты адам өлгеннен кейін қайта тіріліп, ақирет аталатын бақилық, яғни мәңгілік тұрмыста көреді десе, ол үшін бұл жалғанды тек құдайға құлшылықпен өткізуге шақырса , Абай адамды осы дүниенің тіршілігінде рақат көруге үгіттейді. Абайдің ойынша «Өзің үшін енбек қылсаң, оттаған хайуанның бірі боласың». Ол әрбір адамға көптің пайдасы үшін еңбек атқаруды ұсынады. «Әрекет қыл, пайдасы көпке тисін» дейді. Абайдың ұғымында адам атаулы жаратылысында бірдей, сондықтан өзін өзгелерден артық санайтындарға: «Менімен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі ол баяғы» деп қынжылады. Абай қоғамды ұлтқа, дәрежеге, жынысқа бөлмей, «адамзаттың бәрін сүй бауырым «, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», дейді де, жалпы адамзатты түгел суйетін гуманизм биігіне шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |