Реферат Тақырыбы: Орта ғасырдағы саяси ілім Орындаған : Тогтаубай Ж. Тексерген: Шокатова А. К. 2023-2024 ж


СӨЖ №4 Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер. Билер институты



бет8/16
Дата13.12.2023
өлшемі172.63 Kb.
#486393
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
реферат саясаттану

СӨЖ №4


Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер. Билер институты


БАЯНДАМА

Қазақ қоғамына тән билер институты XVІІІ ғасырдағы ірі тұлғалары Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің тұсында барынша дамыса, уақыт өте келе билер институты заманына сай өзгеріске ұшырағаны белгілі. Бұл өзгерістердің туу себебі, әрине қазақ жеріне дендеп еніп, отаршылдықтың ойранын салған патша үкіметінің іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болды. Патша үкіметі билер институтын жою үшін алдымен өзгерістер енгізу керек еді. Ол үшін билер институты жайлы зерттеу жүргізуді мақсат етіп қойды. Билер жайлы ой-пікірлерін білдірген орыс авторлары отаршыл жүйеге қызмет ете тұра, нашар пікір айта алмаған. Билер институтын қоғамды артқа сүйреуші күш ретінде көрсеткісі келгенімен, қазақ даласындағы билер институты өзінің әділдігімен, туралығымен көзге түскен.


Яғни би дегеніміз «Елдің ескіліктен екшеліп келе жатқан жол-жоба, салт, дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстарған, «билігі жүрген» рубасылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан туған қорытынды сөздерді әдемілеп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер – би атанған».


Біздің өткен тарихымыздағы ардақты адамдарымыз туралы зерттеуші ғалым Қ.Сәтбаев былай дейді: “Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары,білімі бар”. Тура сөзді әділ жарғыға”сансыз адамның батасы тимекші, “Батамен ел көгереді” дегендей, сондықтан қазақ сияқты көпшіл елде қашанда ханнан гөрі бидің қадір – қасиеті басым болады. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те бір жерге бас қосса, ондай ханды елде суйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады.Алты алашқа мәлім ескі жолды Есімхан, қасқа жолды Қасымхан, тура жолды Тәуекел хан, жеті жарғылы Әз Тәуке, ер Абылай – бәрі де осындай хандық пен билікке қатар ие болған “қасиетті” адамдар. Ел меңгерерлік тілі жоқ, еңсерерлік күші жоқ, білім мен ойға, “ билікке” ие болмаған, не ел ішіндегі рулардың көсемі – билерді ішіне тартып қыбын таба алмаған алаңғасар, әңгүдік хандар хан болып та тұра алмайды. Ондайлардың тағы жарлының лашығы сияқты, наразы көпшіліктің бірінші құйыны түбіне жетеді.
Қазақ шежіресіндегі Тайыр, Бұрындық сияқты хандардың тарихы мұның шындығына дәлел. Сондықтан Тоқтамыс хан мен Едіге бидің тартысы да сайып келгенде “ханнан билік кетіп, биге медет жету” мен “хан қашып, бидің қууымен” тиянақталады. Мұнан егер де хан мен би екі бөлініп таразының екі басына түсе қалса, ел ниеті қашан да бидің жағына ауып отыратындығы көрінеді…” ХVІІІ ғасырда билер институты Қазақ хандығының ішкі жағдайын тұрақтандырып отырушы басты факторге айналды.
Билер қызметінің маңыздылығына байланысты елдің жоғарғы билеушісі Ханның өзі олармен бірлесе әрекет етті. Жоғарыда айтылған ойды сабақтар болсақ: «Қазақтың билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған Тәуке ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырды. Осындай билер кеңесінде Тәуке ханның ордасындағы қазақтың әдет – ғұрып заңдарының жиынтығы “ Жеті жарғы” қабылданады.
“ Күлтөбенің басында күнде жиын” деп аталып кеткен сол жиынға Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Қоқым би, Қара Шырын би, Сасық би сияқты т.б ірі,беделді билер қатысқан. Төле бидің ойшылдығын, зеректігін, ел арасындағы беделін құлай ұнатқан Тәуке хан онымен үнемі сырласып, кеңесіп отыруды әдетке айналдырады. Оны өз хандығының негізгі тірегі деп білген, Төле бидің: « Күш атасы – халықта, қарсы келген хан да, биде оңалмас»,- деген өсиетін басшылыққа алады.
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын Қазақ хандығының орталығы (астанасы) етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бір тұтас Қазақ хандығын нығайтуды, жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жаугершілік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығына қарсы жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді. Осындай қиын кезеңде Төле би басшыға тән қасиетін танытып, Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Ол сонымен бірге Ресей мен ұлы жүз қазақтары арасындағы қарым – қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді. Төле би 1749 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ұлы жүз қазақтарының Ресей империясының қол астына кіріп, Ресей патшалығына қарауға әзір екендігін білдірді. Ал губернатор И. Неплюев болса, өзінің 1749 жылғы 26 қыркүйекте Төле биге жолдаған хатында оның Ресейге қосылу ниетін мақұлдап, екі елдің арасындағы сауда – саттық байланыстарын дамытуға күш салуын өтінген. Жазба деректер мен қатар халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал- мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты.Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен байланысты.
Әділдігімен, турашылдығымен жұрт көңілінен шығып отырған билер ең алдымен ел бірлігі мен татулығын ойлады. Билер институты қазақ жерінің берекесі, отан сүйгіштік, ерлік және ар-ұждан сияқты маңызды қасиеттеріді жоғалтпауға және адами құндылықтарды сақтауға үйретіп отырды. Сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келген. “ Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би”, “Төле би былай депті”, “Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты”, “Әйтеке би айтқан сөз екен” деп ауыздарынан тастамайды.

Қазақ қоғамымен біте кайнасып келе жатқан билер институты өз ерекшелігімен біздің тарихымызда аса маңызды орын алады. Шын мәнінде, біздің өткен тарихымыздағы үлкен мақтанышымыз. Тарихымыздағы билердің маңыздылығы жайлы іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізген ҚР ҰҒА академигі С.З. Зиманов бірнеше құнды ғылыми кітаптар жазған. Оның пікірлері өзінің құндылығымен ерекшеленеді. «Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді. Бидің қазақ жұртындағы көтерер жүгі ауыр еді. Би тарихи-құқықтық жағынан терең білімді болумен қатар қолданылып жүрген Дала құқығы жүйесін жетік меңгеруі тиіс еді».


Еліміздің дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына ғасырлар бойы сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына орасан зор үлесін қосқан , өз заманының ұлыларының бірі – Төле би болды. Оның азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі тарихта жазулы. Ол ұрпақтарының пір тұтар тұлғасы, көреген, әділ шешені ретінде ел есінде сақталып қала береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет