Мхитар Гош (1133-1213) «Судебник» атты шығармасында табиғи заңдар барлық халықтардың тәртіп нормаларында жатыр деген пікір айтады. Адам еркін болып жаратылған дейді. Материалдық теңсіздік адамдарды билеушілерге (князьдерге), қызметшілерге бөлді. Феодалдық қанауды жұмсартуды ұсынады. Сыртқы жауларға халықтың күшін топтастыруды ұсынады. Салықтарды азайтып, феодалдық бытыраңқылыққа қарсы, бір орталыққа бағынған күшті мемлекет идеясын дәріптейді.
Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы. VIII-IХ ғғ. Шығыс Еуропада славян мемлекеті құрылды. Киев Русінің басты кезеңі 988 жылы христиан дінін қабылдаудан бастау алды. Жаңа діннің енуі мемлекеттің нығаюна себепкер болды. Орыстың бірінші митрополиті Илларион «Заң және игілік туралы сөзді» жазды. Онда өзіндік діни-әлеуметтік тұжырымдама ұсынылды. Русьті билеуге енді Византияның митрополиті ықпал етпейтін болды. Илларион князь Владимирді әулие деп тануды ұсынды. Русьтің идеялары осыдан кейінгі жылнамаларда терең іздер қалтырды. «Новгород жылнамасының», «Лаврентьев жылнамасының», «Ипатьев жылнамасының», «Уақытша жылдар повесінің» шығуы соның айғағы. Бұл шығармаларда орыс князьдері варяг князі Рюриктен таралады деген идея айтылады. Шетелдікті негізге алуы орыс тайпаларының арасындағы билік үшін таласты тоқтату еді. Сонымен орыс жерінің тұтастығын сақтау жылнамалардың басты идеясына айналды. Князьдер соғысын тоқтату да басты мақсат болып есептелді. «Орыс правдасында» феодалдар табының саяси идеологиясы көрініс тапқан. Онда адамды өлтіргені үшін 40 гривень, ал князьді өлтіргені үшін 80 гривень айып салынатыны көрсетілген. «Игорь полкі туралы сөз» шықты. Ол бір орталыққа бағынған орыс мемлекетінің негізін қалауға игі ықпал етті. ХVI ғасырдың шығармасы «Даниил Заточниктің сыйынуы» атты жылнаманың негізгі идеясы – князьдің дара билігін дәріптеу. Феодалдық соғыстар айыпталады. Князьдерді әлсіздерді, жәбірлегендерді жақтап қорғауға шақырады.
Бір орталыққа бағынған орыс мемлекеті тұсындағы ой-пікірлер Спиридон-Савваның «Послание о Мономаховом венце» деген жылнамада көрініс тапқан. Онда орыс князьдері Рим патшасы Августен таралады деген идея бар. Ал «Послание о князьях Владимирских» атты шығармада орыс князьдері жалпы Рим патшасынан негіз алатыны айтылады. Орыс мемлекетінің даңқының артуына «Москва – үшінші Рим» теориясы көп қызмет етті. Аталмыш теорияны дәріптеген Псков монахы Елизаров болды. Ол тарих тұтасымы құдайдың құдіретімен дамиды деген пікірде болды. ХVI ғ. шіркеулік, әсіресе монастырлық жериелік туралы мәселе өткір қырымен қойылды. Өйткені пайдалы жердің үштен бірі шіркеудің қарамағында болған. Патша үкіметі шіркеуді әлсірету мақсатымен жерді мемлекеттің қарамағына бере бастағаны¬мен үкімет пен шіркеу уақытша ымыраға келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |