Осы тұста А.М. Курбский (1528-1583) боярларды қолдап шықты. Дворяндар мүддесін И.С. Пересветов қолдады. Ол «Константин патша туралы аңызында» патшаны вельмож¬дармен өте қатал күреске шақырды. Ең күшті мемлекет деп шексіз самодержавиені атады. Мықты әскер ұстауды нұсқады. Қуатты сыртқы саясат жүргізуді көрсетті. Қазан патшалығын басып алуды айтты. Холоптықты жою керек, олардан ержүрек жауынгер шықпайды деді.
Феодалдық езгіге қарсы пікірлер ең алдымен ХVII ғасырдың басындағы
И. Болотников бастаған шаруалар соғысынан көрініс тапты. Ерестер қозғалысы да дамыды. Еретиктер Матвей Башкин мен Феодосий Косойдың саяси ой-пікірлері осы кезеңге жатады. Башкин холоптыққа қарсы шықты, мемлекеттің шіркеуге бағынбауын айтты. Осы ойлары үшін ол өртеліп жіберілді. Екінші бір еркін ойшыл Косой холоп болған. Қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кеткен. Онда монахқа айналып, «өзінің жаңа ілімін» уағыздады. Дегенмен оның көзқарасында радикализм көбірек. Ресми шіркеуді мойындамады, шіркеулік жериелікке қарсы болып, «христиан қоғамын» құру идеясын насихаттады. Жалпы ілімі плебейлік деп есептелді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://tanim.ucoz.com/load/bilim_zh_ne_ylym/sajasattanu/orta_asyrlarda_y_sajasi_ilimder/9-1-0-494
СӨЖ №2
Қайта өрлеу жылдары мен жаңа кезеңдегі саяси ой-пікір. XVIII ғасыр ағартушылары
БАЯНДАМА
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды.
Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған. Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды.Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа заман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді. Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды. Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларациясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары тұруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген. Келесі ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар 1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух; Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі.Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. 3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық қоғамның таптық күресінің шиеленіске бастауы - марксизм теориясын тудырды. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары. К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси идеялары. 1. Капиталистік қоғамды жою туралы қажеттілік. 2. Коммунизмді құру идеясы. 3.Саясат туралы жалпы теорнялық және методологиялық ойлары. 4.Тап күресі, пролетариаттың тарихи міндеті және оның одақтар туралы пікірлері. 5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы тұжырымдама. 6.Жұмысшы тобының азаттық күресінде коммунистік партияның жетекшілік рөлі. 7.Пролетариаттар күресінің стратегиясы мен тәсілдері жөніндегі принциптері. 8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның негізгі белгілері, мәні сипаты туралы қағидалары. 9. К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық жасаушы- коммунисттік партия болады деген тұжырымдама жасады.
В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс пен Ф.Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. . В.И.Лениннің идеялары В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды: 1.Жаңа тұрпатты саяси партия туралы ілім. Жұмысшы табының одақтары туралы маркстік идеяларды жаңа жағдайға байланысты тұжырымдауы. 3.Социалистік революцияның лениндік теориясы. 4.Жаңа саяси жағдайда коммунистік партияның стратегиясы мен тәжірибесін ұсынуы. 5.Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, имперализм туралы пікірлері. 6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты жөніндегі теориялары. 7. Социализм тұжырымдамасының негізгі бағыттары.
Қазақ жеріндегі ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950
жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ
даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақ саяси ойы ХХ ғасырдың басында заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі — оның Ресей империясы орнатқан отарлық езгі ахуалында орын алуына байланысты болатын. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және
мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.
Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан. Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Ішкі Ресейдегі шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан (1861) кейін қазақ жеріне бақ-дәулет іздеп, күнкөріс қамымен көшіп келушілер саны арта түскен. Одан, патша үкіметінің қазақ жер-суын мемлекет меншігі деп жариялауына (1891) орай, сырттан келіп қоныстанушыларға - орыс шаруаларының қазақ арасына кіріп өз қожалығын құруы арқылы жаңа жер игеруіне кең жол ашылды. Осылай ету арқылы патшалық билік орталықта шиеленісе түскен шаруалар қозғалысын әлсіретуден үміттенген-ді. Сол оймен “қазыналық жерлерді” (қазақ жер-суын) жеке адамдарға бөліп беру туралы заң шығарды (1901). Қоныс аударту басқармасын құрып, қазақтардан тартып алынған жерлерді “қоныс аудару қоры” есебіне алды. Қазақстан жерінің асты-үстіндегі байлықтарға түгел тұзақ салынып, бәрін орыс және шетел капиталы биледі. Қазақтың жер қойнауы және дәстүрлі шаруашылығы өнімдері арсыздықпен таланып, қанаушылық жолмен сыртқа тасып әкетіле берді. Өстіп, Қазақтар Ресей өнеркәсібін өркендету үшін арзан шикізат өндіріп алатын тау-кен және ауылшаруашылық базасына айналдырылды. Және, әсіресе сорақысы - қазақтардан барлық орман-тоғайлар, құнарлы, шұрайлы жерлер, ірі сулардың (Жайық, Ертіс, т.б.) жағалаулары, егіншілікке қолайлы ата-қоныстары тартып алынды. Қазақтар шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды. Шөбі шүйгін жайылымдар мен шабындықтардан айрылудың жайыла көшіп мал бағуды кәсіп еткен халықтың шаруашылық жүргізу қалпына қиғаштықтар, теріс өзгерістер енгізіп шаш-етектен зиян тигізгені өз алдына, тұрмыс жағдайын күрт төмендетті, әлеуметтік тыныс-тіршілігіне, рухани өміріне өлшеусіз зор зарар келтірді. Кедейленген, қайыршылыққа ұшыраған көшпелілер жатаққа айналды, оларды түрлі кәсіпшіліктер жалдап, арзан жұмыс күші ретінде, ауыр жұмыстарға салып пайдаланды. Қазақ еліне тереңдей енген Ресейдің капиталистік экономикасы, осылай, жергілікті халықты аяусыз қанап, езу жолымен даму бағытын ұстанды. Патшалық қазақтың ұлттық мемлекеттілігін (1459 — 1847) біржолата жойып, орнына — ел басқарудың ресейдік жүйесін орнатты. Халықты жер-суымен бөлшектеп, бірнеше орыс губерниясы мен генерал-губернаторлықтарына қарату және сан-алуан әкімшілік шараларын жүргізу арқылы, біз қарастырғалы отырған ХХ ғасыр басындағы кезеңге дейін-ақ империялық күштер Қазақстанды Ресейдің басыбайлы отарына айналдырып үлгерген-ді.
Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Әрине, осынша кереғар ұстанымдар айналасындағы ой таластыруларда олар жеке-дара күрескен жоқ, екеуі де ортақ мақсатқа айтыс-тартыспен ұмтылған екі көштің — екі саяси ағымның басында тұрды. Тиісінше — әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
Қазіргі кездегі саяси ілім XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1. ." Ынтымақтастық", / "Солидаризм"/ ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек. Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето. 3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау. 4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек. 5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс. 6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады. 7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.
Қазіргі заманғы кейпін Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтанулық ілімдердің өрлеуіне байланысты қабылдады. Ғылыми зерттеулерге аргументтілік, жүйелелік және дәлелгендік тән бола бастады. Саясатты, саяси өмірді және қоғамның және әлемдік қоғамдастықтың саяси саласын теориялық және эмпириялық (қолданбалы) деңгейде жан-жақты зерттеуге тиісті қоғамтану туралы білімнің салыстырмалы дербес саласы ретінде қалыптасты. XX ғасырдың бас кезінде саясаттанудың дербес академиялық ғылым ретінде бөлініп шығу процесі негізінен аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |