«Портфолио» əдісі - оқытудың ең нəтижелі əдісі.
Оқыту барысындағы оқушылардың іс-әрекетінде ойлау амалы нәтижесінде алған білімін, дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың танымдық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Сабақта компьютерлік техника жетістіктерін пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Ендеше, оқушы портфолиосын дайындауда осы мүмкіндіктердің барлығына қол жеткізуге болады. Басты мақсат: оушыларға портфолионың аса қажет екендігін, оның мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайында мағлұматтар бере отырып, олардың барлығының өзіндік портфолиосының болуына ынталандыру.
Портфолио типін анықтауда жұмыстың мақсаты мен мазмұнына байланысты портфель типін анықтап, жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдерді анықтау мұғалім көмегімен жүргізіледі. Оқушы өзінің өзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра отырып өзінің материалдарымен толықтырады.
Портфолионы өткізу мерзімі немесе оны тексертуді мұғалім таңдайды. Белгілі бір уақыт сайын, әр тоқсан соңында немесе жыл соңында өткізу алдын ала тапсырылған тапсырмаларға байланысты келісіледі. Оқушы портфолиосының мазмұны мұғалім мен оқушының талап тілектері бойынша құралып, оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруға бағытталады.
Портфолио – оқушының оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін анықтауы, оқу процесінің оқушы үшін қандай нəтиже беретіндігін көрсетіп, оқушылармен кері байланыс құру тəсілі болып табылатындығы.
Портфолио үшін ең басты мəселелер – есеп беру (дəлелдер келтіру) жəне ой-толғаныс (рефлексия). Портфолионың екі түрі: өсу портфолиосы (мұнда оқушының жеке тұлғалық жəне кəсіби дамуы көрсетілетіндігі) жəне нəтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нəтижелер).
Портфолио – оқушының тоқсан немесе оқу жылы жасаған жұмыстары жəне жетістіктерінің айғағы мен дəлелі.
Портфолио типін анықтауда жұмыстың мақсаты мен мазмұнына байланысты портфель типін анықтап, жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдерді анықтау мұғалім көмегімен жүргізіледі. Оқушы өзінің өзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра отырып өзінің материалдарымен толықтырады.
Портфолионы өткізу мерзімі немесе оны тексертуді мұғалім таңдайды. Белгілі бір уақыт сайын, әр тоқсан соңында немесе жыл соңында өткізу алдын ала тапсырылған тапсырмаларға байланысты келісіледі. Оқушы портфолиосының мазмұны мұғалім мен оқушының талап тілектері бойынша құралып, оқыту үрдісін сапалы ұйымдастыруға бағытталады.
Портфолио" – бұл білім жетістіктерінің жеке" портфолиосы " - мектеп, аудандық олимпиадалардың нәтижелері, қызықты өзіндік жобалар мен шығармашылық жұмыстар. Бастауыш мектептегі "портфолио" - бұл арнайы білім беру кеңістігі (орны), онда әр оқушының белгілі бір уақыт ішінде өз нәтижелері мен жетістіктерін ұсыну үшін жинақтау, жүйелеу, талдау бойынша балалар мен мұғалімнің бірлескен жұмысы жүреді.
Бастауыш мектеп портфолиосының негізгі мақсаты-оқушының әртүрлі қызмет салаларындағы жетістіктерін көрсету: оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті. Портфолио оқушының жеке үлгерімін бақылауға көмектесетін "сәттілік тарихы" болады, өйткені күнделікке, журналға қойылған белгінің артында оқушының жеке басын, күнделікті қажырлы еңбегін, таусылмайтын шығармашылығын көру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |