Қорытынды
Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкін-діктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады. Ал мұғалім оны осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Оқушылардың еркін ойлап, өз ойын толық жеткізе білуге, байқағыштығын дамытуға талпынуға баулу мұғалімге қажетті әдістердің ең бастысы. Адам бірден тұлғаға айналмайды, даму барысында біртіндеп қалыптасады. Әрбір оқушының рухани деңгейі биік, шығармашыл тұлғаға айналу үшін ұстазға қажырлы еңбек, көп ізденіс, жаңа технологияларды шебер пайдалана білу керек. Осындай ізденіс нәтижесі – портфолио әдісінің шығармашылықты дамытудағы маңызды рөлін айқындап берді.
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сынып-тан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудың, шығармашылық, пәндік апталықтар, жобалар, үйірмелердің маңызы зор. Ал осындай шаралардың нәтижелерін оқушылар мен педагогтар портфолио арқылы безендіріп ұсынса шығарма-шылыққа қол жеткіздік деуге болады.
Оқушылардың шығармашылық қабі-леті тәжірибелік әрекеттері, ізденім-паздығы арқылы дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Дәулетбекова Ж. және т.б. Тілді оқыту: интеграциялық білім мен интелектуалдық әлеуеттің сабақтастығы. -Алматы:Нұрай, 2014.-240бет.
Шунк Дейл X. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. - Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019 жыл. - 608 бет.
Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.-Алматы, 2015.-284б.
Нағымжанова Қ.М.Инновациялы-креативті технологиялар.-Өскемен, 2015.-270б.
Достарыңызбен бөлісу: |