Реферат тақырыбы: «Резерфорд тәжірбиелері» Пән: «Атомдық физика»



бет5/5
Дата10.11.2023
өлшемі29.82 Kb.
#482910
түріРеферат
1   2   3   4   5
Резерфорд Ислам

Резерфорд тәжірибелері.Томсон моделіндегі қайшылықтарды атом қойнауын әйтеуәр бір амалмен тікелей барлап қарау арқылы шешуге болатын еді. Міне осындай тәжірибені ағылшын физигі Э. Резерфорд (1871-1937) және оның шәкірттері Г. Гейгер, Э. Марсден жүргізді (1909-1910 ж.ж.). Тәжірибелер Томсон моделінің келісімсіздігін көрсетті. Осы тәжірибелер нәтижелеріне сүйеніп, Э. Резерфорд атомның жаңа ядролық моделін ұсынды (1911).
Резерфорд былай ұйғарды: атом өте кішкентай, бірақ ауыр, оң зарядталған ядродан (мұнда атом массасының 99,9 % шоғырланған) және оны қайсыбір қашықтықта қоршаған электрондардан тұрады. Электрондар ядроны айналып қозғалуы тиіс болды (күнді айналатын планеталар сияқты), өйткені, егер олар тыныштықта болса, онда электрлік кулондық тарту әсерінен ядроға құлаған болар еді. Резерфордтың бағалауы бойынша ядро мөлшерінің реттік шамасы 10-15-10-14 м болуға тиіс. Кинетикалық теориядан, әсіресе Эйнштейннің броундық қозғалысты талдау жүргізуінен атом мөлшерінің реттік шамасы 10-10 м болып бағаланады. Бұдан электрондар ядродан шамамен 104-105 ядро диаметріндей қашықтықта болуға тиіс, яғни атомның басым бөлігі бос кеңістік болады.


Пайдаланған әдебиеттер


1. Жұманов К.Б. Атомдық физика: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 369 б.


2. Матвеев А.Н. Атомная физика: Учебное пособие.- М.: Высшая школа, 1989. - 439с.
3. Шпольский Э.В. Атомная физика: Учебное пособие//В 2 т. - М.: Наука, 1984. - Т.1.- 575 с.
4. Шпольский Э.В. Атомная физика: Учебное пособие//В 2 т. - М.: Наука, 1988. - Т.2.- 438 с.Барсуков О.А., Ельяшевич М.А. Основы атомной физики. – М.: Научный мир, 2006. – 648 с.
5. Иродов И.Е. Квантовая физика. Основные законы: Учебное пособие для вузов. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2001. – 272 с.
6. Иродов И.Е. Сборник задач по атомной и ядерной физике: Учебное пособие.- М.: Энергоатомиздат, 1984.-240с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет