Реферат тақырыбы: «Салауатты өмір салтының негіздері»


Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері



бет3/5
Дата27.01.2024
өлшемі45.75 Kb.
#490022
түріРеферат
1   2   3   4   5
дене шыныктыру 4 Үкілі

4. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері.


Дене тәрбиесі- тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі,  дене тәрбиесі  тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі- адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл — әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
Сондай-ақ, дене тәрбиесі – ерік-жігері мықты, тәртіпті, батыл және белсенді, өз Отаннын қорғауға лайықты жас ұрпақты ойдағыдай әзірлеуде аса маңызды әлеуметтік міндеттерді атқарады. Дене тәрбиесі жастарда ақыл-ой және еңбек әрекетінде нәтижелі жұмыс істей алатын сапа қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің көздейтін мақсаты – балалардың дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.
Дене тәрбиесінің мәнін ашу барысында оның міндеттері мен мазмұнын анықтау қажеттігі туындайды.
Дене тәрбиесінің мазмұны:

  • Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;

  • Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;

  • Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;

  • Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);

  • Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет