Реферат тақырыбы: «Салауатты өмір салтының негіздері»


Сыныптан тыс дене тәрбиесінің негізгі міндеттері



бет5/5
Дата27.01.2024
өлшемі45.75 Kb.
#490022
түріРеферат
1   2   3   4   5
дене шыныктыру 4 Үкілі

Сыныптан тыс дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

  • Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;

  • Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және спортқа деген қызығушылығын ояту;

  • Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

Сондықтан дене тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстьарының жүйесі оқыту процесінде атқарылған спорттық ойындар түрлерінің мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек.
Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:

  • Оқушылардың санитарлық-гигиеналық білімдері мен түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;

Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі, дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен денсаулықты шынықтыру амалдарының маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың жаппай спорт түрлерімен айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.

  • Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану (күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.


5.Қорытынды: 
Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақСалауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткіқолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда темекі мен күреске айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі.
Тактикалық тұрғыда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру ләзім. Бұл жұмыс жас, жыныс, денсаулық жағдайын ескере отырып жүгізіледі. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттың негізін денеміздің табиғи дамуына, психикалық эмоциялық әлеміне етер әсері, қыздар мен бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер организмдеріндегі өзгерістер салдар және осындай аналардан туар бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар құрайды.
Денсаулықты сақтауға себеп болатын негізгі компонентер:
-тиімді тамақтану;
— табиғатына орай қимыл белсенділігі;-
— шынығу;
— психикалық денсаулыққа деген оң көзқарас;
— тән, киім күтімі;
— тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;
— еңбек пен демалыстың тиімді режимін қадағалау;
— денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;
— темекңіден, есірткіден, алкагольден, орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;
— экологиялық жағымды (позитивті ) мінез құлық.
Міне, осылай өз денсаулығына деген кімнің де болмасын бұған ұқсас айқын сенім, салауатты өмір салты, жас , әлеуметтік және басқа ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың алғы шарты болып қала бермек.
СӨС насиқатын денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.
СӨС мақсат еткен, кең таралған қозғалыстардың бірі- судың, жердің, ауаның пайдалы қасиеттерін пайдалану прициптеріне негізделген 12 қағидадан тұратын П.К. Ивановтың тұрғындарды табиғи сауықтыру жүйесі болып табылады. ТМД республикаларының көбінде, облыстарда , қалаларда П.К Иванов жүйесіне негізделген арнайы орталықтар ұйымдастырылып ашылды.
Адам өміріндегі проблемаларды шешу-қайғы- қасіретті біршама жеңілдеу өткеруге дем беретін, бақытты, табысты өмірге жеткізе алатын трансендентальды медитацияны насихаттау болады. Бұл әдіс адамды табиғат, қоршаған орта көмегі арқылы организмге әсер ететін барлық залалды факторларды, күйзелістерді алмастыруға өзінің ішкі күш-қуатын бағыттайды. Медитация кезінде дене керемет босаңсыған жағдайға келеді, күйзелістерді, шаршағаныңды кетіреді.
СӨС қалыптастыруда жалпы қоғам азаматтары болып күрес жүргізу, залалды заттардың адам организміне зиян екенін ашық, айқын түсіндіру. Және де жасөспірімдердің залалды заттарға құмарлығын жою ең басты мақсат етіп қойылуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет