Реферат тақырыбы: «Салауатты өмір салтының негіздері»


Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны



бет4/5
Дата27.01.2024
өлшемі45.75 Kb.
#490022
түріРеферат
1   2   3   4   5
дене шыныктыру 4 Үкілі

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны  дене шынықтыру жөніндегі оқу бағдарламасында және спорт теориясы мен практикасы жөніндегі факультативтік сабақтар бағдарламасында, сондай-ақ, «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына дене тәрбиесін беру туралы» Ережеде (Алматы, 1993) ашып көрсетілген. Бұл құжаттарда денсаулықты және ағзаны нығайтуға, қимыл-қозғалыс дағдылары мен икемділікті, төзімділікті, шапшаңдықты қалыптастырып, дамытуға баса назар аударылған.
Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.
Дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.
Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.
Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.
Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.
Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;

  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;

  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

Білім беру саласында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеттері:

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;

Оқушылардың денсаулығын нығайту және дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуде дене шынықтыру сабақтарымен қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің атқаратын қызметтері де ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет