Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Бұған К және Е витамині құрылымы жағынан ұқсас болып келеді. Суда ерімейді. Q витамині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксилді топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопрен топшасы бар
. Биологиялық маңызы: Митохондрияның тотығу тізбегіндегі электронды ДТ − дан цитохромдарға тасымалдап, тотығу − тотықсыздану реакцияларына қатысады. Организмде синтезделеді.
Бұлшықет дистрофияларында, жүректің жиырылу қызметі бұзылғанда, анемияның кейбір түрін емдеуге қолданылады.
Ғ витамині (қанықпаған май қышқылдары).
Эссенциалды май қышқылдары − линол, линолен, арахидон қышқылдары: C17H31COOH, C17H29COOH, C19H31COOH.
Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде пайдаланылады.Глицериннің ерігіштігін (антиатерогендік әсері) арттырады. Тромбо түзілуін азайтады.
Ғ − витаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан адамдарда склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады. медицинада атеросклероз бен күресу де peros линетол құрамында линол, линолен, арахидон қышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады.
Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер құрылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.
Табиғатта таралуы: өсімдік майларында көп кездеседі. Арахидон қышқылының бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0.1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының 1% шамасындай. Тәуліктік қажеттілігі: 5-10 гр.
Қорытынды:
Витаминтәрізді заттар адам организмінде маңызды орын алады.Бұл витаминдердің жетіспеуі ағзаның зат алмасу процесінің бұзылуына әкеп соғады.Витамин тәрізді заттарға тірі ағзаның барлық мүшесі қажетсінеді.Барлық витаминдер сияқты витаминтәрізді заттарда басты рөл атқарады.Витамин тәрізді заттарды күнделікті тағаммен қабылдап отырамыз.Ол табиғатта көптеп кездеседі.Биологиялық маңызы өте зор.Химиялық табиғаты жағынан өте күрделі болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Т.Ш. Шарманов, С.М. Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии»
2)К.С. Сағатов «Биохимия»
3))www.google.kz
Достарыңызбен бөлісу: |