Табиғатта таралуы: ет тағамдары карнитинге бай. Тәуліктік мөлшері: 500 мг
S – аденозилметионин (витамин U) − жараға қарсы витамин.
Витамин кристалды түрде бөлінген, ол метиониннің метилденген туындысы.
Биологиялық маңызы: активті метил топтарының доноры, холин, креатин, лецитин, тимин және тағы басқа метил бар заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабаттардың регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған.
Асқазан және он екі елі ішектің жарасын емдеуге қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.
Табиғатта таралуы: шикі көкөністерде, әсіресе капустада, жаңа сауылған сүтте, бауырды кездеседі. Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 250− 300 мг.
Ең алғаш рет 1950 жылы өгіздің бауырынан табылған, кейіннен ол көптеген өсімдіктердің тұқымдарынан табылған. Оның авитаминозы да, гипервитаминозы да анықталмаған. Алайда, оны медицинада кейбір зат алмасу үрдісінің бұзылуымен байланыста ауруларға қолданылады.
Пангам қышқылы (витамин В15 − антианоксикалық) глюкон қышқылының N – диметил глицин эфирі.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Пангам қышқылы Д − глюкон мен диметиламиносірке қышқылдарының күрделі эфирі болады, суда жақсы ериді, ал хлороформ, эфир, бензолда ерімейді.
Биологиялық маңызы: Толық зерттелмеген, метионин сияқты метил топтарының көзі болып табылады. Холиннің, ФЛ креатин және сол сияқты биосинтезіне қатысады. В15 фитаминін еңгізгенде оттектік тапшылыққа деген төзімділік артады, тіндерде оттегінің пайдалануы күшейеді.
Бауыр аурулары кезінде, атеросклерозда липотроптық зат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Көптеген тағамдардың құрамында бар. Ол ашытқыда, картоп шырынында, сүтте, орамдапырақта, өсімдік тұқымдарында, бауырда кездеседі. Тәуліктік мөлшері анықталмаған.
Убихинон (КоQ)
1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе убихинон бөлініп алынды. Бұл әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |