Реферат тақырыбы:«Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты»



бет2/6
Дата07.10.2022
өлшемі153 Kb.
#462176
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
реферат срс-1 инвест проект

Инвестициялық климат ұғымы

Экономикалық жүйенің инвестициялық кешені қоғамдық және жеке капиталды қолдауды, өндіруді және кеңейтуді қамтамасыз ететін табиғи-географиялық, әлеуметтік, саяси, инновациялық, заңнамалық және басқа жағдайлар кешенімен анықталады. «Инвестициялық климат» ұғымы әлеуетті инвесторлар үшін және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аталған инвестициялық жағдайларды объективті бағалауды көрсетеді. Егер инвестициялық климат инвестициялық кешеннің объективті бағасын білдірсе, онда инвестициялық тартымдылық субъективизмнің үлесімен сипатталады. Инвесторлар инвестициялық ахуалға қатысты өз қатынастарын инвестициялау және оның көлемі (инвестициялық белсенділік) туралы нақты шешім түрінде көрсетеді. Оң шешім қабылдау климаттың инвестордың қолайлы жағдайлар туралы идеяларына сәйкестік деңгейімен анықталады. Тиісінше, әртүрлі инвесторлар үшін бірдей жүйе әртүрлі тартымдылыққа ие болуы мүмкін. Нәтижесінде, инвестициялық тартымдылық деп белгілі бір инвестордың инвестициялық жағдайларды (экономикалық жүйенің «имиджі») субъективті бағалауын, яғни ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді перспективада инвестициялық қызметті жүргізуден экономикалық пайда мен түрлі әсерлерді алу мүмкіндіктерінің, перспективалары мен тәуекел деңгейінің нақты инвестордың мақсаттарына сәйкестігін түсіну керек.


Шаруашылық жүйелердің тиімді қызмет етуі мен дамуы үшін белгілі бір жағдайлардың болуы керек екені белгілі, мысалы экономикалық және саяси тұрақтылық, тұрақты қаржы несиелік жүйе, тиімді заңнама және т.б. Экономикалық ғылым мен практикада инвестицияларды тиімді пайдалану шарттарын кешенді талдау жасау үшін инвестициялық климат категориясы қолданылады.
Инвестициялық климат – бұл белгілі бір шаруашылық жүйеге (мемлекет, аймақ, корпорация экономикасына) инвестициялау тартымдылығы мен тиімділігін болжайтын әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-мәдени алғышарттар жиынтығының жалпылама сипаттамасы. Шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде инвестициялық климат оның инвестициялық белсенділігін анықтайтын маңызды макроэкономикалық факторлардың бірі болып саналады.
Инвестициялық климат – күрделі, кең және кешенді ұғым. Ол көп деңгейлі негізде қарастырыла алады. Кешенділігін мынадан байқауға болады: инвестициялық климат, нәтижесінде елде немесе аймақта инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін базалық жағдайларды жасайтын саяси, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы және т.б. факторлар жиынтығының әсер етуімен қалыптасады. Көпдеңгейлілігі инвестициялық климатты аймақтық немесе салалық принцип бойынша дифференциациялау мүмкіндігін білдіреді.
Елдің инвестициялық климатымен қатар аймақаралық зоналардың (мысалы, федералды округтер мен экономикалық аймақтардың), аймақтардың, муниципалды құрылымдардың, экономика салалары мен секторларының инвестициялық климатын атауға болады. Бұлардың ішінде негізге алынатын ұғым елдің инвестициялық климаты екенін айта кеткен жөн. Инвестициялық климатқа елдің немесе аймақтың объективті мүмкіндіктері (инвестициялық потенциал) мен инвестордың қызмет шарттары (инвестициялық тәуекел) кіреді.
Шешім қабылдау үшін тек потенциал немесе тек тәуекелдерді қарастыру не себепті жеткіліксіз екені түсінікті. Аймақ потенциал тұрғысынан жоғары дәрежелі болуы мүмкін – мысалы, онда шикізат ресурстары мен ауқатты халық бар, бірақ егер де саяси жағдай тұрақсыз немесе қоршаған орта соншалықты ластанған болса, онда инвестициялауға көбі бармайды. Және керісінше, аймақ өте тыныш, бірақ инвестор үшін ол жерде еш нәрсе болмауы мүмкін.
Инвестициялық потенциал (аймақтың инвестициялық сыйымдылығы) инвестициялау салалары мен объектілерінің болуы мен көптүрлілігіне, сондай-ақ олардың экономикалық “саулығына” тәуелді болатын инвестициялар үшін объективті алғышарттар жиынтығы ретінде қалыптасады. Елдің немесе аймақтың потенциалы өз негізінде - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, аймақтың өндіріс факторларына (табиғи ресурстар, еңбек күші, негізгі қорлар, инврақұрылым және т.б.) қанық болуын, халықтың тұтыну сұранысын және т.б. есепке алатын сандық сипаттама.
Инвестициялық тәуекел инвестициялар мен олардан табыстарды жоғалту ықтималдығын сипаттайды. Ол белгілі бір кәсіпорынға, сала, аймақ немесе мемлекетке не себепті инвестициялауға болмайтынын көрсетеді. Тәуекел инвестициялық нарықтағы ойын шарттарын жинақтайды. Инвестициялық потенциалдан айырмашылығы бұл шарттардың көбі кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Сол себепті тәуекел өз негізінде – сапалық сипаттама. Инвестициялық тәуекел деңгейі саяси, әлеуметтік, экологиялық, қылмыстық жағдайларға тәуелді болады.
Инвестициялық климатты анықтау үшін үш тәсіл қолданылады: 1) дәстүрлі; 2) көпфакторлы; 3) тәуекелдік.
Дәстүрлі тәсіл өнеркәсіп өнімінің өндірістік ұлттық кірісі мен көлемінің жалпы ішкі өнімінің динамикасының; ұлттық кірісті, жинақ үйлесімділігі мен тұтынуды тарату динамикасының; жекешелендіру үрдісінің жүргізілуінің; инвестициялық қызметті заңнамамен реттеу жағдайының; жеке инвестициялық нарықтардың оның ішінде қор және ақшалай дамуының бағалануына негізделеді. Мұндай тәсіл тек мемелекет аумағында инвестициялық климаттың ғаламдық бағалануында қолданылады.
Көпфакторлы (кеңейтілген) тәсіл анығырақ және объективті болып келеді. Ол инвестициялық климатқа әсер ететін факторларды жинақтау бағалауына негізделеді.
Инвестициялық климатты анықтаудың тәуекелдік тәсілі стратегиялық инвесторлар үшін маңызды болып табылады. Ол инвестициялау үшін өңірдің тартымдылығын бағалау мен өзінің әдеттегі аймағында бар жаңа объектіге инвестициялау тәуекелдігінің деңгейін есептеуге мүмкідіндік береді.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығының факторы өңірдің инвестициялық тартымдылығының өзгерісін, қалыптастастыру бағыты мен тенденциясының сипатын анықтайтын әрекеттегі күшті көрсетеді. Осылайша өңірдің инвестициялық тартымдылығы көпфакторлы құбылыс ретінде орындалады. Бұл факторлар мазмұны, күші, сипаты, мерзімі, пайда болу себептері мен шарттарына қарай әртүрлі.
Л.А. Чернышеваның зерттеулерінде «инвестициялық климат – инвестициялық тартымдылық индексі» (сурет.1.) трансформация моделі келесі факторлардың пайда болуы түрінде ұсынылған: демографиялық (халық саны, әлеуметтік құрам, білім деңгейі, қала тұрғындарының үлесі); әлеуметтік қамтамасыз етілу факторы (халықтың табысы, сатып алу қабілеті, материалдық – техникалық қор); ең бірінші кезекте қаржылық орта жағдайымен (инфляция қарқыны, несиелер көлемі, еңбекақы бойынша қарызы, бюджеттің толығуы, салықтың жиналуымен) байланысты ұйымдастырушылық және басқарушылық деңгейі.
Қазақстандық авторлардың көбісі факторлық тәсілді пайдаланып инвестициялық климатты анықтауда инвестициялық климатқа әсер ететін факторлардың кең көлемдегі өзара байланысқан сипаттамаларға сүйенеді.
Бұл жағдайда келесі фактор топтамалары жиі кездеседі:
1) өңірлік экономикалық жүйенің экономикалық потенциалын анықтайтын факторлар;
2) жалпы шарттарды сипаттайтын факторлар;
3) өңірдегі нарықтық ортаның дамуын куәландыратын факторлар;
4) саяси факторлар;
5) әлеуметтік және әлеуметтік – мәдени факторлар;
6) ұйымдастырушылық – құқықтық факторлар;
7) қаржылық факторлар.
Осылайша, өңірдің инвестициялық тартымдылығы бір – бірінен төмендетілмейтін көрсеткіш – индикаторлардың жиынтығы кқрсетілетін көпөлшемді, көпфакторлы экономикалық категорияларды сипаттайды.
Инвестициялық тартымдылықты өлшеу тек қана оның интегралдық бағасының моделіндегі көрсеткіштерін сипаттайтын жалпылама негізіндегі әдіспен жүргізіледі. Мұнда негізгі тапсырма зерттелетін аумақтағы инвестициялық тартымдылық бағасының моделіндегі олардың композияциясы мен орынды көрсеткіш – индикаторларын таңдау болып табылады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет