2 Балалардағы қант диабеті болуының қауіптілік факторлары:
• қант диабетімен ауыратын аналардан туылған балалар
• ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын балалар
• вирустық жіті аурулармен жиі ауыру
• бала туылғандағы салмағы 4,5 кг артық болуы
• заттектер алмасуының басқа бұзылулары (гипотиреоз, семіздік) бар болуы
• иммунитеттің төмендеуі
• стресстік ситуациялар.
3 Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
1. Полидипсия-шөлдеу.
2. Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
3. Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
4. Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.
5. Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.
6. Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:
А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.
Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.
В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.
Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.
Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.
Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.
4 Инсулин. Қант диабеті ұйқы безі жұысының бұзылуынан болады. Адамның қанында әсіресе инсулин гормонының жетіспеуінен ағзада зат алмасу құбыыстары өзгереді. Соның салдарынан қандағы қанттың деңгейі көтеріледі. Осындай себептен пайда болған сырқатты емдеудің бірден-бір негізі – инсулинмен емдеу. Инсулин құписы ашылғанға дейін қант диабетімен ауырған адамдар ең ұзақ дегенде бес жыл ғана өмір сүрген еді. Қазіргі таңда инсулинмен және қант деңгейін төмендететін басқа да дәрілермен дұрыс емделсе қалыпты өмір сүруге болады. Инсулин-ірі қара мал, шошқа, киттердің асқазан асты безінен алынатын ақуыз табиғаттас белсенді зат. Инсулиннің сөткелік дозасын аурудың сөткелік зәрімен шығарылған қантына тәуелді. Инсулиннің 1 әрекеттік бірлігі 4-5 грамм қантты қорытады.
Достарыңызбен бөлісу: |