Реферат тақырып: «Дене шынықтыру пәнін оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер» Жоспар: I. «Дене шынықтыру»


тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну



бет3/3
Дата28.03.2024
өлшемі20.02 Kb.
#496824
түріРеферат
1   2   3
Реферат !!!

тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;

  • тапсырманы аяғына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;

  • тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса жеткілікті деп сезіну;

  • өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.

    Бастапқы ішкі уәж төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы, оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және т.б.).
    Оқушының оқуға құлқының болмауы, негізінен, мұғалімнің оның уәжін оята алмауының салдарынан болады. Мұғалім қызметінің аса маңызды қыры – оқушылардың уәжін анықтауға көмектесетін көптеген факторларды түсіну. Төмендегі кестеде мұғалім жұмысының оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған. Сонымен, жаңарту бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнін оқытудың орны ерекше. Онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жаңарту бағдарламасы нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.
    Қорыта айтқанда, дене шынықтыру сабағында алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуға баса назар аударылады. Бұл дегеніміз оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуетін артып, салауатты өмір салтын ұстануына өзінді септігін тигізеді деген сөз.


    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Мұғалімге арналған нұсқаулық , 2016.

    2. Дене мәдениеті-оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде.

    3. Е.Уақбаев Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы.Алматы:Санат, 2000


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет