Рефераты қазақстан Республикасы Қызылорда, 2013



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі190 Kb.
#22229
түріРеферат
1   2   3

Зерттеудің сыннан өтуі. Зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселелері бойынша тұжырымдалған ой – пікірлер әр түрлі ғылыми - әдістемелік, қоғамдық – саяси басылымдарда жарияланды. Алматы қаласында болып өткен Көрнекті мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтің 100 жылдығына арналған «Нұрпейіс оқулары» аясындағы «Тарих және тарихи тұлғалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (2012), «Қалыптасқан Қазақстан және ғаламдану аясындағы әлемдік тарихи үдеріс» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда Алматы, 2013, баяндалды. Зерттеу жұмысы Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде магистрлік жұмыстың өзектілігі көрсетіліп, мақсат пен міндеттері және негізгі нысаны белгіленіп, мәселенің зерттеу деңгейі сараланды. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары, тәжрибелік маңызы, тақырыптың хронологиялық шеңбері анықталып, тарихнамасы мен пайдаланған деректерге сипаттама беріледі.



Диссертацияның «Оңтүстік өңірдегі білім беру ісі» деп аталатын бірінші тарауда өңірде жүргізілген сауатсыдықпен күрес науқанының жетістіктері мен кемшіліктері, мектептер мен кәсіби білім беру саласындағы қиыншылықтары мен өзгерістері баяндалып, қол жеткен жетістіктеріне талдау жасалынған.

«Сауатсыздықты жою науқаны: жетістіктері мен кемшіліктері» деп аталатын бірінші тараудың бірінші бөлімшесінде өңірдегі жүргізілген сауатсыздықпен күрес барысы талданады. Қазан төңкерісінен кейін мемлекет алдындағы негізгі міндеттердің бірі – сауатсыздықпен күрес еді. Сауатсыздықпен күресу ісі мемлекет көлемінде ерекше маңызға ие болғанымен нәтижелі бола алмады. Оған себеп: жергілікті халықтың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты, елді мекендердің әкімшілік – мәдени орталықтардан алшақтығы және жол байланысының нашарлығы, мұғалім кадрларының тапшылығы және олардың даярлығының төмендігі, материалдық базаның төмендігі, өлкені жайлаған сауатсыздық пайызының жоғарылығы болды. 1920 жылғы санақ мәліметі бойынша облыстағы бүкіл халықтың тек 12 пайызы [31, 60 б.], яғни 156 5 адам ғана сауатты болды. Хат танымайтын ер адамдар – 84 пайыз, әйелдер – 92 пайызды құрады [31, 61 б.].

1920 жылы желтоқсанда 17 қыркүйек күнгі «8 бен 40 жас арасындағы тұрғындардың сауатсыздығын жою» туралы декреттің жүзеге асырылуын жеделдету үшін Түркістан Республикасы халық комиссарлар кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиясының ережесін бекітті [32,123б.].

1924-1925 оқу жылында сауатсыздықты жою жұмысының өрлеуі байқалды. Оған аштықты жеңу мен шаруашылықтағы табыстар ғана емес, 1924 жылдың басында Қазан төңкерісінің 10 жылдығына дейін өлкеде сауатсыздықты жоюды өзіне мақсат еткен «Сауатсыздықты жою» Бүкілодақтық қоғамының қазақ бөлімшесі құрылуы да себеп болды [33]. 1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық – территориялық межелеу нәтижесінде ғана мемлекеттік құрылымдар: Өзбек, Түркімен, Тәжік республикалары, Қара Қырғыз және Қарақалпақ автономды облыстары құрылды. Қазақтар мол қоныстанған Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан облысы болып бірікті де [34], қазақ республикасына қосылды [34, 7 п.].

1925 жылғы әкімшілік – аумақтық өзгертулер нәтижесінде Сырдария облысы Сырдария губерниясына айналып, 1932 жылы алғашқы облыстар қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы құрылғанға дейін осылай аталды.Мұрағат деректеріне сүйенсек, 1925 – 1926 оқу жылында өлкеде 1 116 061 адам сауатсыз болды. Ал, 16-45 жас аралығындағы сауатсыздар саны 488 650 адам болды [35, 112 п.]. Міне, осыншама адамды хат танитын дәрежеде сауаттандыру міндеті алда тұрды.

Халықтың сауаттылығын көтеру қоғамның барлық өмірін мемлекеттендіру, мәдениет пен жеке адамға саяси – идеологиялық өктемдікті орнату жағдайында өтті. Дұрыс талқыланбай жасалған алфавиттік реформалардың жүзеге асырылуы да мәселені қиындатып, сауатсыздар санын арттыра түсті, бір адамның үш рет қайта сауат ашу үшін оқуына тура келді. Өйткені ХХ ғасырдың 20 – жылдарының аяғында қазақ жазуы араб әріпінен латын әріпіне, одан 10 жылдан соң латын әріпінен қазіргі орыс әріпіне көшірілген еді. Сол кезеңдердегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жағдайын ескерсек, қаншама қаражатты, күшті керек ететін жаңа алфавиттің енгізілуі қандай қиындықтарды туғызатынын байқау қиын емес. Араб әліпбиін ауыстыруды әу бастан – ақ жоспарлаған большевиктер орыс тілін қазақ халқына берік орнықтыру үшін бірден кириллицаға өтудің ыңғайын таппай, латын графикасын таңдаған еді. Ондағы мақсаты біршама уақыттан соң өз ойларын іске асыру болды. Сол мақсаттарына 10 жылдан соң жетті де. Алайда іле - шала басталған аштық мәдениет ісіне зор кесапатын тигізді. Өлкеде 1932 жылы тіркелген 174 736 сауатсыздың тек 110 682-сі, 51 964 шала сауаттының 23 801-і ғана оқумен қамтылса, оқуды аяқтап шыққандар саны тіпті төмендеп 55 057 және 11 336 адам болды. Оның 47 640 – қазақтар, 6 268 - өзбектер, 10309 – орыстар, 2 176-сы басқа ұлт өкілдері еді. Ал 1933 жылы 163 753 сауатсыздар мен шала сауаттылар тіркеліп, 47 643-і оқумен қамтылса, тек 22 264-і ғана оқуды аяқтады [36].

1933-1934 оқу жылындағы өлкедегі сауатсыздықты жою жоспарының 33,5 пайызы ғана орындалып, сауатсыздардың тек 58 пайызы оқумен қамтылды. Жоспарлар жергілікті жердің мүмкіншілігін ескермей жасалды, оқу сапасына мән берілмей, сауатсыздарды қағаз жүзінде неғұрлым оқуға көп тарту көзге түсті.

Большевиктер партиясының сауатсыздықты жоюға бағытталған мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларының нәтижесінде халықтың оқу – білімге деген құштарлығы өз жемісін беріп, өлкеде сауаттылық пайызы жылдан жылға жоғарылай берді. Оны төмендегі сандық көрсеткіштерден көруге болады. 1926 жылы оңтүстік өлкедегі 9-49 жас аралығындағы халықтың сауатты бөлігінің арасалмағы 14,4 пайыздан 1939 жылы 79,1 пайызға дейін көтеріледі. Ерлер арасында сауаттылық пайызы 1926 жылы 20,1 болса, әйелдер арасында 8,1 ғана болады [37]. Ал, 1939 жылы сәйкесінше 87,3 және 69,1 пайызды құрайды [38]. Сауатсыздықты жою міндеттерін шешуге мектеп жасындағы балаларды жаппай оқуға тарту да оң әсерін тигізді. Осылайша 8-11 және 11-15 жас аралығындағы балаларға жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу арқылы хат танымайтын адамдар қатарын жылма – жыл толықтырып отырғандар - жеткіншектер пайызын төмендету мүмкіншілігі туды.

Тұтастай алғанда, оңтүстік өңір халқының сауатсыздығын жою кеңестік жылдардың айтулы табысы екені ақиқат. Оған жеткізген факторлар қатарында мемлекеттік саясат, ұстаздар еңбегі, сауатсыздардың ілім – білімге құштарлығы тұр. Әрине, бұл істің 20 жылдан астам уақытқа созылғаны кемшіліктердің де аз болмағанын айғақтайды. Өйткені ересек адамды хат танытып шығу үшін екі -үш ай мерзім жеткілікті. Әліпбиді игеру жүздеген мың адамдардың тағдырына оңтайлы әсерін тигізгені күмән тудырмайтын ақиқат.

Тараудың екінші бөлімінде «Мектептер мен кәсіби білім беру мәселелері» қарастырылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында оқытушы кадрларға деген қажеттілік мәселесін шешу күн тәртібінде бірінші кезекте тұрды. Өйткені мамандар даярлайтын техникум, училищелер мен курстардың барлығына да мұғалімдер керек еді. Өте қысқа мерзімде ескі жүйе мұғалімдерін қайта дайындықтан өткізу және жаңа мамандар даярлау үшін қысқа мерзімді курстар үйымдастыру қолға алынды. Мұғалім кадрларын дайындау үшін орта оқу орындары - техникумдар мен училищелер де ұйымдастырыла бастады. 1920 жылы Шымкентте қазақ педагогикалық училищесі ашылды.

Жалпы, жиырмасыншы жылдардың аяғына дейін Қазақстанда маман кадрлар даярлау жұмыстары тек, техникумдар мен училищелер арқылы іске асырылды. Сырдария губерниясынындағы осындай оқу орындары - Шымкенттегі қазақ педагогикалық техникумы мен ауылшаруашылық техникумы болды.

Кәсіби оқу орындарын ашу 20-жылдардағы бүкіл Қазақстанға тән құбылыс болғанын айта кетуіміз керек. Мәселен кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығының соңына қарай республикада маман кадрларды 24 техникум дайындады, соның ішінде 14-і педагогикалық және 7-і ауылшаруашылық мамандығы бойынша еді. Бұлардағы 3,5 мың оқушының 37,8 %-ы қазақ жастары болды [39, 267 б.]. Бұл өсу кейінгі жылдары да толастамады. Мектеп пен орта арнайы білім беру саласындағы ілгерілеу жоғары оқу орнын ашуға мүмкіндік туғызды.

Қорыта айтар болсақ, Кеңес өкіметінің ширек ғасыры ішінде Оңтүстік Қазақстанда халыққа білім берудің жаңа жүйесі қалыптасты. Саны және халықты қамтуы бойынша өңірдің оқу орындары революцияға дейінгі кезеңнің көрсеткіштерін бірнеше есе басып озды. Халық ағарту ісінің жетістіктеріне мектепке дейінгі және мектептен тыс мекеме желілерін, ФЗУ мектептерін, фабрика – зауыт жеті жылдықтарын құруды да жатқызуға болады. Большевиктер білім беру проблемасын бір сыдырғы шешті, алайда үрдістің маңызды жағын жойдасыз саясаттандырып жіберді. Тәрбие мен оқудың басына олар партиялық - таптық принципті қойды.



Диссертацияның «Өңірде көркем мәдениет пен мәдени – ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» деп аталатын екінші тарауда өңірде кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуы мен осы жылдарда жүргізілген мәдени – көпшілік жұмыстардың негізгі бағыттарына талдау жасалды.

Екінші тараудың бірінші бөлімі «Әдебиет пен өнердің қалыптасуы» деп аталып, ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы өңірдегі кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына тоқталады. Социалистік құрылыстың алғашқы ширек ғасырында мазмұны мен түрі, идеялық – көркемдік ұстанымдары мен танымдық құндылықтары бұрынғыдан өзгеше жаңа қазақ әдебиеті қалыптасты. Оның өзегін социалистік реализм принципі құрды. Әрине, жаңа әдебиеттің орнығуы қиындықсыз бола қалған жоқ. Осы жылдардағы әдебиет тақырыбындағы айтыс - тартыс нәтижесінде коммунистік билеуші партияның қолдауымен кеңестік әдебиет мәдени өмірде берік орнықты. Социалистік реализмді қолдаушы ақын – жазушылар революцияны, социалистік қайта құрулардың басында тұрған большевиктердің Іс - әрекектін шығармашылығын негіз етуге тиісті болды.

Сонымен, большевиктік режим үш онжылдыққа толмайтын уақыт ішінде республиканың мәдени – рухани бейнесін түбегейлі өзгертті. Халықтың біліми әлеуеті нығайды, мәдени – ағарту мекемелерінің кең жүйесі қалыптасты. Социалистік құрылыстың алғашқы 20-25 жылында мазмұны мен түрі, идеялық - көркемдік ұстанымдары мен танымдық құндылықтары бұрынғыдан өзгеше қазақ әдебиеті мен өнері Оңтүстік өңірде де қалыптасты. Оның өзегін социалистік реализм принципі құрады. Кеңестік жүйенің мәдени саясаты мен практикасы қоғамның бүкіл рухани саласын сталиндік ұғымдағы марксизм – ленинизм рухына бағындырды. Большевиктік жүйе ақын - жазушылардың, өнер иелерінің шығармаларына баға бергенде автордың саяси позициясын бірінші орынға қойды. Тұлғаның шығармашылық еркіндігін шектеу және мәдениеттегі жасампаздық әлеуетті кісендеу репрессиялық шаралармен жүзеге асқандықтан адамдар бойына үрей қоныстады, олардың өмір салты мен дүниетанымына бірізділік серік болды. Осындай шектеулерге қарамастан ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Оңтүстіктегі әдебиет пен өнердің жетістіктері ұлт тарихындағы аса бір елеулі құбылыс болды деуімізге толық негіз бар.

«Мәдени-көпшілік жұмыстардың негізгі бағыттары» деп аталатын екінші тараудың екінші бөлімі өңірде 1917-1941 ж.ж. аралығында қалыптасқан мәдени – ағарту мекемелерінің қызметіне арналады. Мәдени-саяси білім берудің мазмұны ғана емес, формасы мен әдістері де өзгеріске ұшырады. Мәдениет ошақтарының желісі енді - енді құрылып, ал қазақ халқының негізгі көпшілігі көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтымен жүрген 20-жылдары мектептен тыс білім беру жылжымалы мекемелері бірінші кезекте қандай да бір мереке, маңызды оқиға, жәрмеңке тәрізді адамдар көп мөлшерде жиналуы күтілген жерлерге жіберілді. Қазақ шаруасының отырықшылыққа көшуіне байланысты 30-жылдары партиялық сценариі бойынша жұмыс істеуге дағдыланған тұрақты мәдениет ошақтарының рөлі мен маңызы өсті. Бір сөзбен айтқанда, тоталитарлық режим дегеніне жетті, клубтар, кітапханалар, мұражайлар мен басқа да мәдени-ағарту мекемелері бұқараны идеялық-саяси қайта тәрбиелеудің пәрменді құралына айналды.

Диссертацияның «Оңтүстік өңірде зиялы қауымның өсуі және оған қарсы қуғын - сүргін» деп аталатын үшінші тарауында оңтүстік өңірдегі ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы, өсу жолдары және оларға қарсы жүргізілген жаппай жазалау шаралары, қуғындалуы жан – жақты зерделенді.

«Ұлт интеллигенциясының өсу жолдары» деп аталатын үшінші тараудың бірінші бөлімінде Оңтүстік Қазақстанда ұлттық маман кадрларды даярлаудың кезеңдері мен барысына тоқталады. Ұлттық маман кадрларды даярлау үш кезеңде жүргізілді.

1 кезеңде кадр даярлау қысқа мерзімді курстарда жүргізілді. Бұл 1918-1920 жылдар еді және негізінен мұғалімдер мен мәдени–ағарту қызметкерлері даярланды.

ІІ кезең -20- жылдары маман кадр даярлау орта арнаулы оқу орындары арқылы жүргізілді. Осы жылдары арнаулы орта білімі бар жергілікті жастардан алғашқы мамандар қалыптасты.

ІІІ кезең -30 - жылдардан Қазақстанда қалыптаса бастаған жоғары оқу орындар жүйесі ұлттық интеллигенция даярлаудың жаңа кезеңін бастады [40, 68-69 бб.]. Кеңестік идеология сауаттандырамыз, жоғары, орта білім береміз, ұлттық кадр даярлаймыз деп әлемге жар салғанымен, жергілікті халықтан жетекші қызметтерге жоғары білімді кадрлар даярлауға асықпады. Ел басқару ісіне төмен сауатты, бірақ саяси көз - қарастары өздерін қанағаттандыратын кадрлар қойылды. Дегенмен, Қазақстанға кәсіби даярлығы жоғары мамандар ана тілінде оқытатын мұғалімдер, дәрігерлер, механик, агроном, басқа да мамандық иелері керек еді. Оңтүстік Қазақстанда ұлттық маман кадрларды даярлау, бүкіл республикадағы тәрізді шамамен үш кезеңді басынан өткерді: бірінші кезеңде кадр даярлау қысқа мерзімді курстарда жүргізілді. Бұл 1918-1920 жылдар еді және негізінен мұғалімдер мен мәдени–ағарту қызметкерлері даярланды. Екінш кезең -20- жылдары маман кадр даярлау орта арнаулы оқу орындары арқылы жүргізілді. Осы жылдары арнаулы орта білімі бар жергілікті жастардан алғашқы мамандар қалыптасты. Үшінші кезең -30 - жылдардан Қазақстанда қалыптаса бастаған жоғары оқу орындар жүйесі ұлттық интеллигенция даярлаудың жаңа кезеңін бастады [41, 68-69 бб.].

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында күн тәртібінде сауатсыздықты жою мәселесі тұрғандықтан, мұғалім кадрларын даярлауға баса көңіл бөлінді. 30 - жылдарда оңтүстік өңірде педагогикалық оқу орындарының мынадай жүйесі қалыптасты: жоғары педагогикалық оқу орындарында екінші басқышты мектептерге, техникумдарға, жұмысшы факультеттеріне, 7 жылдық мектептерге оқытушылар дайындады; педагогикалық техникумдар мен педагогикалық бағыттағы екінші басқыш мектептерде бірінші басқыш мектептерге оқытушылар дайындады; педагогтық курстар.

Сонымен қатар Қазақстанда медицина кадрларын даярлайтын оқу орындарының тарихы да Қазан төңкерісінен кейін бастау алады. Өңірдің орта медицина қызметкерлеріне деген қажеттілігін өтеу үшін акушерлік, аяжан мектептері 1935 жылдан бастап ұйымдастырылды. Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Әулиеата, Арал қалаларында аяжан мектебі, Шымкент қаласында акушерлік мектеп ашылды. Алғашқы оқу жылында аяжан мектептеріне қабылданған 105 оқушының 67-і, акушерлік мектепке қабылданған 57 оқушының 35-і қазақ қыздарының үлесіне тиді. 1937 жылы акушерлік мектебіндегі 112 оқушының 65-і қазақ, аяжан мектебіндегі 84 оқушының 55-і қазақ еді [42]. Бұл мектептер өздерінің ашылған уақытынан бастап облыстық денсаулық сақтау мекемелеріне орта буын медицина мамандарын дайындауда елеулі роль атқарды.

Экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығы мен егіншілік болған өлкеде ауылшаруашылық мамандарын даярлау ісі де кезек күттірмейтін міндеттердің бірі еді. Осы мақсатта 20-жылдардың ортасынан бастап материалдық – техникалық базасы жоқтың қасы, оқытушы кадрлар жетіспейтін, тіпті оқу ғимараты да белгісіз арнаулы оқу орындары ұйымдастырыла бастады.

Үшінші тараудың екінші бөлімі «Өңір интеллигенциясының қуғындалуына» арналды. Қазақтың ұлттық интеллигенциясының тарихында кеңестік билік тұсындағы 70 жылдан астам уақыт елеулі із қалдырды. Бір жағынан, Қазақстанда бұл кезеңде кәсіби деңгейі жоғары зиялылар қауымын даярлаудың жаңа жүйесі орнықса, екінші жағынан, әкімшілдік -төрешілдік жүйе ұлттық зиялыларға қарсы қуғындау, жазалау науқанын жүргізіп, халқына «жау» етіп көрсетті. Зиялылар қауымының қасиетті міндеті - өз халқына қызмет етуіне, жасампаздық мүмкіндіктерінің ашылуына жол бермеді.

«Тоталитаризмнің өзінен бұрынғы дәуірлермен салыстырғандағы талассыз бір ерекшелігін – «ұлт мәселесін шешудегі» қатыгездігін атап айтуға болады. Қазақтар өздерінің ұлттық бейнесін жоғалтуда жиырмасыншы ғасырдың бірнеше ондаған жылдар ішінде шеккен зардапты одан бұрынғы талай жүздеген жылдар бойы шеккен жоқ еді.

Тоталитаризмнің сорақы этникалық тәжірибелерін өзінің ұлттық шет аймақтарындағы ұлт зиялыларын құртудан бастауы тегін емес. Азғындықтың осынау философиясы ақыл – ой бәсекесінің ешбір түріне дес бермейді Мұның өзі сол кездегі бүкіл Азия құрылығындағы бірегей құбылыс болатын. Қазақтың мемлекет қайраткерлерінің тоталитарлық режим үшін қауіпті болғандығы сол – бұл адамдар саяси құрылыстың өрге баспайтын ескі түрлерін қайта жандандырамыз деп әуре болмай-ақ, шын мәніндегі осы заманның мемлекетін құра алатын еді» [1, 18-19 бб.], - деп бағалайды «Тарих толқынында деген еңбегінде» елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Түйіп айтар болсақ ХХ ғасырдың 20-30жылдарында өңірде жұмысшы факультеттері, институттар мен техникумдар, қысқа мерзімді курстар ашылып, мыңдаған қазақ жастары зиялылары мен мамандар қатарын толықтырып жатты. Әрине, большевиктік тура тартуларсыз болған жоқ. Сталиндік жүйе зиялы қауым қызметіне қатаң бақылау орнатты, үздіксіз қуғын-сүргін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Тұлғаның шығармашылық мәдениетін шектеу және мәдениеттегі жасампаздық әлеуетті кісендеу репрессиялық шаралармен жүзеге асқандықтан адамдар бойына үрей қоныстады, олардың өмір салты мен дүниетанымына бірізділік серік болды. Қазақстан бүкіл КСРО-дағы сияқты, әлемдік мәдени үрдістерден алшақтай берді.

Үшінші тараудың үшінші бөлімі «Оңтүстік Қазақстан өңірінің мәдени дамуы: тарихи тәжірибе мен тағылым» (1917-1941 ж.ж.) тақырыбын оқыту әдістемесіне арналған.



ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, большевиктер мемлекеттік билікті алған алғашқы ширек ғасырға жетпес мерзім аясында қазақ даласы түбегейлі қайта құруды бастан өткерді. Түбегейлі өзгерістердің бір шарасы рухани өмірге қатысты еді. Социалистік-тоталитарлық ұстанымдар негізінде мәдениетті қайта құрудың, жаңа тұрпатты мәдениетті дүниеге әкелудің бай тәжірибесі мен тағылымы Оңтүстік Қазақстан өңірінде жинақталды. Революциядан кейін іле-шала білім беру ісі қолға алынды. Ал, оның шешуші учаскесі сауатсыздықты жою мен бастауыш білім беру деп танылды. Жаңа үкімет сауатсыздықпен күресте мемлекеттік басшылық пен қарапайым халықтың ынтасын ұтымды пайдалана білді. Өйткені халықтың оқу – білімге, жалпы мәдениет саласындағы жаңалық атаулыға құштарлығы материалдық - қаржылық жетіспеушілікті жеңе отырып, айтарлықтай табыстарға қол жеткізуге мүмкіншілік берді. Екі онжылдықтан сәл ұзақ мерзім ішінде оңтүстік өңірдегі хат танымаушылық негізінен келмеске кетсе, мектеп жасындағы балаларды бастауыш білім беру жүйесімен қамту толық аяқталды. Бұл - социализмнің мақтануға тұрарлықтай жеңісі. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында мәдениет құрылысы саласында жүргізілген іс-шаралар патшалық отарлау дәуірімен салыстырғанда оңтайлы нәтижелер мен көрсеткіштерге алып келгені ақиқат еді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары мәселенің екінші жағына көп назар бөліне бастады, яғни кеңестік дәуірде ғалымдар қалдырып кеткен асыра сілтеу, орын алған кемшіліктер, қайшылықтар өзекті тақырыпқа айналды. Әйткенмен кеңестік атаулының барлығын бірдей жоққа шығаруға да болмайды. Біржолата шешімін тауып кетпегенімен, сауатсыздық пайызы төмендегені рас. Білім берудің, мәдени - көпшілік жұмыстарды ұйымдастырудың, әдебиет пен өнерді басқарудың, зиялылар қауымын даярлаудың жаңа жүйесі орнықты. Миллиондаған адамдар мәдени құндылықтарды белсенді түрде игеретін дәрежеге көтерілді. 20-30 жылдардағы мәдени ілгерілеу одан кейінгі кезеңдегі табыстардың іргетасын қалады. Бірақ, мәдениетке серпін берген тоталитарлы тәртіпті дәріптей берудің де қисыны жоқ. Өйткені тоталитаризм талай халықтың, соның ішінде қазақ халқының да мәдени дамуын ұлттық негізінен айырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы мәдени мекендер өз жұмысын замана талабына бейімдей алғанынан көп жағдайды аңғаруға болады. Ең бастысы бұл мекемелер еңбек адамдарының сұранысын өтеуге талпыныс қылды. Әр ұлттың рухани сұранысын да назардан тыс қалдырмауға тырысты. Бірақ кеңес еліндегі экономикалық детерминизм үстемдігі мәдениет құрылысының материалдық-техникалық базасына кері әсерін тигізгендіктен мәдени-көпшілік жұмысы діттеген мақсатына жете бермеді. Бұл салаға қажетті мамандар даярлау ісінде де олқылықтар мол еді. Әлеуметтік инфрақұрылымның мешел қалуы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ғана емес, кеңес үкіметі құлағанға дейін сақталып қала берді. Біздің ойымызша әдебиет пен өнерді, мәдени-ағарту саласын шетке ығыстыру, оларға қысым жасау уақыт өте келе бумеранг принципімен большевиктік жүйенің өзіне соққы болып тиді. Тәуелсіз Қазақстан кеңестік дәуірдің тарихынан тағылым алып, өткеннің қатесін қайталамайтындай жолға түсуінің қажеттігі осындайдан туындайды.

Кеңестік большевиктік жылдарда қоғамдағы мәртебесі дұрыс бағаланбаған әлеуметтік күш - зиялылар қауымы болатын. Социалистік идеология зиялы қауымды жұмысшы табының, партияның қолбаласы ретінде түсіндірді. Ал, нақты өмірде зиялылардың ақылына, зердесіне, шығармашылық ізденісіне сүйенген кеңестер күрмеуі күрделі қайта құрулар мен экспериментті солардың мойнына жүктеді. Оңтүстік өңірі - ұлт зиялыларының мәйегі үзілмеген аумақ. Социализм құру жылдарында бұл өңірден қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, ғылымы мен өнеріне мол олжа салған Нартай Бекежанов, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетов, Қалмақан Әбдіқадыров, Әлібек, Әуелбек, Қалжан Қоңыратбаевтар, Бердияр Әуезұлы, Палымша Күзембайұлы шықты. Өкінішке орай өңір зиялыларының еңбегі еш, тұзы сор екен. Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысында тоталитарлық тәртіп толық күшіне еніп, озық ойлы қазақ зиялыларының бар мүмкіндіктерін мәдени – рухани салаларды дамытуына репрессия балта шапты. Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында мәдениет, әдебиет қайраткерлері Мәнсүр Бекежанов, Қалжан Қоңыратбаев, Қоңырқожа Қожықов, Бердияр Әуезұлы, Әлібек Қоңыратбаев, қоғам қайраткері, ағартушы Дінмұхамед Әділов т.б. репрессияның жазықсыз құрбанына айналып, әділетсіз опат болды. Халқына адал қызмет еткен перзентінен айрылу қоғамдық сананы күйретпесе де қатты шатастырды. Осы бір қасіреттің салқыны күні бүгінге дейін жойылмай отыр.

Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы Оңтүстік өңірдің мәдени дамуына тұтастай алғанда әлеуметтік ілгерілеу тән болды. Өңір руханиятының жоғалтқаны аз емес, дегенмен, бұл бағыттағы табыстар жоғалтқанымыздан қомақты тұр. Бір ақиқаттың басы ашық, қазақ халқы Ресей бодандығын қабылдағаннан бергі уақыт аясында, мәдени-рухани құндылықтардың туындауы жөнінен ең бір құнарлы кезең деп ХХ ғасырды, соның ішінде кеңестік социалистік жүйе заманын айтуға болады. Зерттеу соңында мынадай ұсыныстар айтқым келеді:


  • Отан тарихындағы қарастырып отырған кезеңге тән мәдени даму тарихына қатысты ақтаңдақтар тереңірек зерделенсе.

  • ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы қанды қырғын – саяси репрессия құрбандарының (Оңтүстік өңірдегі) жалпы саны нақты зерттеп, анықтай түсуді талап етеді.

  • Зерттеу пайымдаулары мен қорытындылары республика көлемінде жоғары оқу орындары үшін Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндері бойынша лекциялар курсын, арнайы курстар, оқулықтар даярлағанда қолданысқа алынса.

  • Кез – келген өзгерістің кедергісіз, қарсылықсыз өтпейтіндігі белгілі. Сондықтан латын графикасына көшу мәселесінде ХХ ғасырдағы екі мәрте жүргізілген алфавит реформасының қорытындылары басты назарға алынса.

  • Жастардың бойында ұлттық патриотизмді бекіте түсетін әдеби – тарихи шығармалардың жазылуы, кинофильмдердің түсірілуі мемлекет тарапынан қадағаланса.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.

2. Нурпейсов С. О массовой политической и культурной работе в ауле и селе. – Алма-Ата, 1935. -122 с.

3. Береза Г. Всеобщее начальное обучение в Казахстане. - Алма-Ата, 1930. -220 с.

4. Береза Г. Проблема кадров в Казахстане. – Алма-Ата, 1931. -77 с.

5.Қанапин Ә. Культурное строительство в Қазахстане. – Алма-Ата: Казахстан, 1967. - 367 с.

6.Қанапин Ә. Октябрь және Қазақстандағы мәдени революция. - Алматы, 1967. – 49 б.

7.Тастанов Ш.Ю. Советский опыи формирования и развития интеллигенции ранее отсталых народов (на примере Казахстана). – Алматы, 1972. – 256 с.

8. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов. - Алма-Ата: Наука, 1967. – 423 с.

9. Сүлейменов Р.Б. Советтік Қазақстан мәдениеті 50 жылда. - Алматы, 1969. -40 б.

10. Бисенов Х.И. Культурное строительство в Казахстане в восстановительный период (1921-25гг.). - Алма-Ата: Казахстан, 1965. -168 с.

11. Сембаев Ә.І. Қазақ совет мектебінің тарихы. – Алматы:«Мектеп», 1967. - 394 б.

12. Сапаргалиев Г. Роль Советского государства в борьбе за развитие социалистической культуры в Казахстане. – Алма-Ата, 1957. – 245 с.

13. Жаманбаев К.Ж. Высшая школа в Казахстане (1920-70гг.). - Алматы, 1972. - 233 с.

14.Кенжебаев Н.Т. Роль рабочих факультетов в подготовке кадров Советской интеллигенции в Казахстане (1921-1940). Дис. канд. ист. наук Алматы, 1984. -159 с.

15.Балгозина Р. Исторический опыт государственного руководства культурным строительством в Казахстане (1917-1937). Дис. канд. ист. наук. -Алматы, 1983. – 150 с.

16.Биткенбаева Ш.К. Борьба за осуществление ленинского декрета о ликвидации безграмотности среди населения в казахском ауле (1917-1940): Дис...07.00.02. - Алма-Ата, 1983. -135 с.

17. Кунантаева К. Развитие женского образования в Казахстане (1920-1977). Дис...07.00.02. - Алма-Ата, 1986. -135 с.

18. Абжанов Х.М., Гуревич Л.Н. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность. – Алматы, 1992. – 390 с.

19. Сулейменов Р.Б. Историография культурной революции // Историческая наука Советского Казахстана. – Алма-Ата: Ғылым, 1990. -272 с.

20. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. - 272 б1

21.Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. -256 б.

22. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы: Санат, 1995. -368 б.

23. Омарбеков Т. ХХ ғ. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы.- Алматы. Санат, 1997-320.

24. Абжанов Х. Формирование и судьбы казахской интеллигенции. – Алматы: Елорда, 2001. – 321 с.

25. Назарбаева Г., Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих пен тағдыр. – Алматы: «Кітап баспасы», 2003. -296 б.

26.Әбжанов Х.М. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: Ана тілі – Ата тарих, 2007. – 270 б.

27. Қамзабекұлы Т, Әбжанов Х.М. Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибе. – Алматы: «Арда», 2005. – 256 бет.

28. Махат Д. Қазақстандағы тоталитаризм және саясат құғын – сүргін тарихы

(оқу құралы) /Данагүл Махат. – Астана: Елорда, 2006. – 208 бет.

29. Қойшыбаев.Б. Сұлтанбек Қожанов (ғұмырнамалық деректік хикаят)

/Бейбіт Қойшыбаев. – Алматы: Қазақстан, 2007. – 317 бет.

30. Бакиров А. Приговорен к растрелу... / Амирхан Бакиров – Астана: ИД «Сарыарқа», 2009. – 192 с.

31. Есмағамбетов К.Л. Әлем таныған тұлға. – Алматы:Дайк – Пресс, 2008. 504 бет.

32. Культурное строительство в Туркестанской АССР. Сборник документов. А.:

33. Культурное строительство в Казахстане. Сборник документов. А.,1965

34. Доклад о состоянии народного образования в Сыр-Дарьинской губернии за 1925-26-27 г // ҚР ОММ. Қ.81; .т.1, іс 1311. – 112- п.

35. Материалы Всероссийской переписи 1920 года. Часть 1, Т., 1923 1-б.

36. Циркулярные письма, обращения ЦИК КазССР ко всем трудящимся о помощи организации общества «Долой неграмотность» // ҚР ОММ. Қ.766; т.1, іс 1. - 7-п.

37. Сведения об зкономическом состоянии областей, отошедших к Кирреспублике, список волостей бывшей ТССР отошедших к КССР по нацразмежеванию Средней Азии // ҚР ОММ. Қ. 755; т.1, іс 74. - 5-п.

38. Докладная записка по ликвидации неграмотности по Южно-Казахстанской области на 1933-1934 учебный год // ҚР ОММ. Қ.81; т.3, іс 563. - 66-п

39. Всесоюзная перепись населения 1926 года. Каз. АССР. Отд. I, т. YIII. -М., 1928 . – 193 с.

40. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года. Каз ССР. – М.: Госстатиздат,1962. - 61 с.

41. Валиев А. Октябрь, культура, интеллигенция. – Ташкент: Узбекистан, 1977, 166 с.

42. Дело № 5-1-4 Материалы о работе Кызылординского медтехникума // ҚРОММ. Қ. 82; т.1, іс 1253. – 11 п.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет