14-сурет. Кенотронсыз рентген аппараты:
а) УРС-1,0 аппаратының жоғарғы вольтті бөлігінің сызбасы (схемасы).
б) 1-жоғарғы вольтті трансформатордағы кернеудің; 2-рентген түтігіндегі кернеудің; 3-рентген түтігінен өтетін токтың уақытқа тәуелділіктері.
Пульттың көлбеу бөлігінде мыналар орналыстырылған: сәулелендіру уақытын және түтіктің жұмыс уақытын өлшейтін сағат; кернеуді және аппараттың жұмыс режимін бақылауға арналған вольтметр; анодтық тоқты бақылауға арналған миллиамперметр; аппараттың ток көзіне қосылғанын көрсететін жасыл шам; жоғарғы кернеудің қосылғанын көрсететін қызыл шам; жоғарғы кернеуді қосуға және оны ажыратуға арналған «Пуск» және «Стоп» түймелері; белгі беретін бірнеше неон шамдары («Қосу шарты», «жүктеме артық», «Су жоқ» және т.б. Пульттің горизанталь бөлігінде: бірінен кейін бірін түрліше 7 жағдайда қосуға болатын «сеть» корректор- коммутаторы; 6 жағдайда қосуға болатын «Напряжение» коммутаторы; қылсымды қыздыратын токтың шамасын реттейтін реостат орналастырылған.
2.3 Рентген дифрактометрлері
Рентген дифрактометрі деп шашыраған рентген сәулелерін қолданып заттардың атомдық-молекулалық құрылымын зерттеуге арналған арнайы қондырғыны айтады. Зерттелінген затар кристалдардан басқа затар болуы мүмкін. Дифрактометрге қосылған арнайы қондырғының көмегімен жоғары температурада, суықта, вакуумда және инерттік атмосферада рентген сәулелерің интенсивтілігінің өте аз бұрышқа шашырауын анықтайды.
Барлық дифрактометрлерде сипаттамалық рентген сәулесі монохромантты болады, ал пропорционалдық және сцинтилляциялық есептеуіштері бар дифрактометрлерде белгілі бір энергиялы дифракцияланған рентген сәулелерінің кванттарын іріктеп (селективті) тіркеуге болады.
Қазыргі уақытта ТМД елдердінде УРС-50 ИМ; ДРОН-0.5; ДРОН-1.0; ДРОН-2.0; ДРОН-3.0 рентгендік дифрактометрлері қолданылады. УРС-50ИМ дифрактометрінде рентген сәулесінің детекторы ретінде Гейгер есептеуіші қолданылады, ал басқа дифрактометрлерде сцинтиляциялық және пропорцияналдық есептеуіштер қолданылады. Соңғы жылдарда шет елдерде жасалған дифрактометрлер қолданылуда. Оған мысал ретінде “Simmens” “Phillips” “Rigaku Denky” ж.т.б. концерндер шығарған аспаптарды айтуға болады.
Көпшілік рентгендік дифрактометрлерде рентген сәулесін фокустау Брегг-Брентано әдісімен жүргізіледі. Бұл әдіс шеңбердің мынадай қасиеттеріне негізделген: егер шеңбердің А нүктесінен (15-сурет) бір-біріне бұрыш жасай бірнеше сәулелер таралса, онда ол сәулелер осы шеңбердің ішкі бетінде шағылып оның В нүктесінде жинақталады, яғни В нүктесінде фокусталады.
|
Шеңбердің осындай қасиетіне негізделген фокустауда бір-біріне бұрыш жасай таралған алғашқы рентген сәулелерін қондырғының жарық күшін арттыруға қолдануға және зерттелінетін нәрсенің өз жазықтығында бұрай отырып ірі кристалдық эффектісін азайту үшін қолдануға болады.
Брегг-Брентано бойынша фокустау бір доғаға тірелген бұрыштардың теңдігіне негізделген: рентген түтігінің фокусы F, нәрсенің
|
15-сурет. Шеңбер бойымен фокустау.
|
беті Р және кванттар есептеуішінің саңылауы S бір шеңбердің бойында жатуы керек. Ол шеңберді фокустаушы шеңбер L дейді (16-сурет). Нәрсені гониометрдің осін айналдыра бұрғанда фокустаудың радиусы былай өзгереді:
ал фокустау нуктесі радиусы R екінші шеңбер бойымен ығысады. Ол шеңбер-гониометр шеңбері. Осы шартты орындау үшін нәрсені бұрышқа бұрғанда есептеуіштің саңылауын да гониометр осін айналдыра 2 бұрышқа бұру керек, яғни есептеуіш қозғалысының бұрыштық жылдамдығы нәрсенің қозғалысының бұрыштық жылдамдығынан екі есе үлкен болуы керек. Бұрыштардың осындай қасиетін ганиометрдің редукторымен орындауға болады.
|
Жалпақ нәрсенің беті фокустаушы шеңбердің бір ғана нүктесіне (гониометрдің осінде) сәйкес келетін болғандықтан Брегг-Брентано әдісі бойынша фокустау кемшіліксіз емес. Осы әдісті жақсарту үшін рентген сәулелерінің горизонталь (фокустаушы шеңбердің жазықтығында) және вертикаль (фокустаушы шеңберге перпендикуляр жазықтықта) бағыттарда таралу бұрышын азайту керек.
Жалпақ нәрсенің беті фокустаушы шеңбердің бір ғана нүктесіне (гониометрдің осінде) сәйкес келетін болғандықтан Брегг-Брентано әдісі бойынша фокустау кемшіліксіз емес.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |