Рентгенографи я



бет9/24
Дата16.12.2023
өлшемі4.56 Mb.
#486815
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
treatise34952

21-сурет. Саңлаудың көмегімен нұсқа мен есептеуіштің орнын анықтау.








22-сурет. Нұсқа ұстағышының гониометр осінен ығысуын ынықтау; С-юстирлеу саңылауы;
Рс-рентген сәулесі; а-ұстағыш осьтен өтіп кетеді; б-ұстағыш оське жетпейді.

Егер >0 болса, онда нұсқаның ұстағышы, яғни нұсқаның рентген сәулесін шағылдыратын жазықтығы гониометр осінен өтіп кетеді, ал <0 болғанда нұсқаның ұстағышы гониометрдің осіне жетпейді. Осы айтылғандарды 22-суреттен көруге болады. Гониометрдің осімен нұсқаның сәулені шағылдыратын бетінің сәйкес болмауын нұсқаның ұстағышының орынын горизанталь бағытта алғашқы сәуле шоғына перпендикуляр болатындай етіп орынын ауыстыру керек немесе рентген түтігімен салыстырғанда гониометрді бұру керек (әдетте ол бұрыш 1020 мөлшерінде болады). =0 болғанда нұсқаның орынын дәл анықтау керек. Тек осылай болғанда ғана  бұрышы гониометрдің нұсқалық шкаласы (бұрыш 0) бойынша нұсқаның нөльдік орынын табады. Одан кейін есептеуіштің нөльдік орынын мөлшерлеп анықтайды. Бұл этапта есептеуіштің саңылауына алғашқы сәуле түсіп есептеуішті істен шығаруы мүмкін. Түскен сәулені әлсірету үшін саңылаудың алдына рентген сәулесін жұтатын қабат қойылады. Ол үшін станиолдың бірнеше қабатын, немесе сәулені жұтатын жұқа пластиналар қоюға болады. Одан кейін нұсқаның ұстағышы ретке келтіру (юстирлеу) саңылауымен бірге 0 орынына немесе +1800 орынына қойылады да қозғалмайтын нұсқа және қозғалыстағы есептеуіш күйінде алғашқы сәулені белгілеп, рентген сәулесінің интенсивтілігін жазады (23-сурет).
Есептеуішті 1-орынынан 2 орынына дейін немесе кері бағытта қозғауға болады. Интенсивтілік қисығының ең жоғарғы мәні (23 б-сурет) есептеуіштің нөльдік (0) орынын анықтайды. Юстирлеу дұрыс болғанда 23 б-суреттегі қисық симметриялы болып, саңылауды 0+1800 бұрышқа қойғанда онымен сәйкес болады. Есептеуіштің нөльдік орынын жоғары дәлдікпен анықтау үшін мынадай әдіс қолданылады. Нұсқаның ұстағышына бір қыры (24 –сурет) R гониометрдің осіне сәйкес келетін металдан (болат, мыс, қола және т.б.) жасалған сына қойылады.





23-сурет. Есептеуіштің бұрышын алғашқы (мөлшермен) анықтау: а – есептеуіштің орынын ауыстыру; б –интенсивтіліктің қисығы; 0 – есептеуіштің нолі;  - есептеуіштің нольдік орыны; І – рентген сәулесінің интенсивтілігі



24-сурет. Гониометрді юстирлеуге арналған қосымша сыналар: а-гониометрді юстирлеу үшін қолданылатын қосымша сына; б – гониометрді бұрып юстирлеу үшін қолданылатын сына; R –сынаның қыры.



Жылжымайтын нұсқалар үшін рентген сәулесінің интенсивтілігінің есептеуіштің бұрылу бұрышына тәуелділігін 0+ -дан - дейінгі интервалында анықтайды. 0-есептеуіштің нөлі, ол юстирлеу саңылауын қолданып анықталады. Мысалы, ол интервал сәулелендірілген облыспен сынаның әсерінен пайда болған көлеңке обылыстың арасында (24-сурет) болады.Есептеуішті 0- орынында қалтырып, нұсқа ұстағышын 1800-қа бұру керек. Сонда ол нұсқа есептеуіштің рентген сәулесімен сәулелендіретін облыста болады. Одан кейін нұсқаны қозғалтпай есептеуішті 0- бұрышынан 0+ бұрышына дейін бұрады. Сонда  - ұқсас қисық алынады. Осы қисық тармақтарының қилысу нүктесі есептеуіштің нольдік орынын (0) дәл анықтайды. Мұнда 25-суретте келтірілген жағдай болуы мүмкін. Осы суреттен мынадай қорытынды жасауға болады: бұл әдіс есептеуіштің нольдік орынын дәл анықтаумен қатар гониометрдің осімен салыстырғанда нұсқа ұстағыштың да орынын дәл анықтайды. Юстирленген гониометр  - ұқсас қисықпен сипатталады (25-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет