2. тараптардың жауапкершілігі
|
2. Ответственность сторон
|
|
2.1. Тараптар осы Шарт бойынша бір-бірінің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді, бұл кезде Банк жауапкершілігінің туындауы үшін басты талап Банк тарапынан болған және Қарызалушының іс жүзінде залал көтеруіне әкеп соққан қасақана кінә болып табылады. Банк моральдық шығынды және жіберіп алған пайданы өтемейді.
|
|
2.1. Стороны несут ответственность друг перед другом по настоящему Договору в соответствии с законодательством Республики Казахстан, при этом, обязательным условием наступления ответственности Банка является наличие умышленной вины, проявленной со стороны Банка и послужившей возникновению реального ущерба у Заёмщика. Моральный вред и упущенная выгода не подлежит возмещению со стороны Банка.
|
|
2.2. Қарыз қаражатын мақсатына сай пайдаланбағаны үшін Қарызалушы мақсатына сай пайдаланылмаған қарыз қаражаты сомасының 25% мөлшерінде айыппұл төлейді.
|
|
2.2. За использование заёмных средств не по целевому назначению, Заемщик уплачивает Банку штраф в размере 25 % от суммы использованных не по целевому назначению заёмных средств.
|
|
2.3. Қарызалушы:
-
осы Шарттың 3.2.6, 3.2.8.-3.2.10.-тармақшаларын орындамаған кезде қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде;
- осы Шарттың 3.2.5., 3.2.11.-тармақшасын орындамаған кезде қарыз сомасының 5% мөлшерінде Банктің пайдасына айыппұл төлейді.
|
|
2.3. Заемщик уплачивает штраф в пользу Банка:
-
в размере 0,1% от суммы займа при несоблюдении пп. 3.2.6, 3.2.8.-3.2.10. настоящего Договора;
-
в размере 5% от суммы займа при несоблюдении пп. 3.2.5., 3.2.11. настоящего Договора.
|
|
2.4. Міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, өсімпұл мен тұрықсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу Қарызалушыны осы Шарттың талаптарын тиісті дәрежеде орындаудан босатпайды, бұл кезде Банк осы Шарттың 4.1.-тармағына сәйкес іс-әрекет етуге құқылы болады.
|
|
2.4. Уплата пени, неустойки и возмещение убытков в случае неисполнения или ненадлежащего исполнения обязательств не освобождает Заемщика от надлежащего исполнения условий настоящего Договора, при этом Банк оставляет за собой право действовать согласно п. 4.1. настоящего Договора.
|
|
2.5. Осы арқылы Қарызалушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, Банкке Банктің мүддесін қорғау үшін үшінші тұлға ретінде адвокатты және/немесе өкілді тартуға келісім береді. Бұл кезде Банк Қарызалушыдан тапсырмаларды орындау барысында көтерген шығындарды төлеуді талап етуге құқылы.
|
|
2.5. Заёмщик настоящим предоставляет согласие Банку, в случае неисполнения и/или ненадлежащего исполнения обязательств по настоящему Договору, на привлечение в качестве третьих лиц адвоката и/или представителя для защиты интересов Банка. При этом Банк вправе требовать уплаты обусловленного вознаграждения и понесённых им при исполнении поручения издержек от Заёмщика.
|
|
2.6. Осы Шарттың 3.2.2.-тармағында көрсетілген мерзімде берілетін жазбаша хабарлама болмаған кезде, Банк банктік есепшотта орналастырылған ақшаны Қарызалушының берешегін мерзімінен бұрын өтеу үшін жіберуге міндетті емес. Қарызды мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі туралы Банкке хабарламау және уақтылы хабарламау жауапкершілігі Қарызалушыға жүктеледі.
|
|
2.6. При отсутствии письменного уведомления, предоставляемого в срок, указанный в п. 3.2.2 настоящего Договора, Банк не обязан направлять деньги, размещенные на Банковском счете, в счет досрочного погашения задолженности Заемщика. Ответственность за несвоевременное уведомление и не уведомление Банка о возможности досрочного погашения займа возлагается на Заемщика.
|
|
2.7. Осы Шартта көзделген барлық тұрақсыздық айыппұлдары айыптық болып табылады, яғни шығындардың толық сомасы тұрақсыздық айыппұлдарынан бөлек өндіріледі.
|
|
2.7. Все неустойки, предусмотренные настоящим Договором, являются штрафными, т.е. убытки взыскиваются в полной сумме сверх неустойки.
|
|
2.8. Банк жылжымайтын мүлікті сотсыз тәртіппен іске асырған жағдайда, осы Шартқа сәйкес қарыздың есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікті Банкке кепілге берген Кепілберуші ипотекалық шарт тіркелген органда тіркелген ипотеканы сотсыз тәртіппен іске асырудан жазбаша бас тартқан міндеттемелерді орындамау туралы Банктің арнайы жазбаша хабарламасын тапсырған немесе жөнелткен сәттен бастап жиырма бес күнтізбелік күн ішінде ұсынуға құқылы.
|
|
2.8. В случае проведения Банком внесудебной реализации недвижимого имущества, Залогодатель, представивший в залог Банку недвижимое имущество, приобретенное за счет займа согласно настоящего Договора, вправе представить в течение двадцати пяти календарных дней с момента вручения или отправки заказным письмом уведомления Банка о невыполнении обязательств письменный отказ от проведения реализации ипотеки во внесудебном порядке, зарегистрированный в органе, где был зарегистрирован ипотечный договор.
|
|
2.9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 325-бабының 1-тармағына сәйкес «Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланатынынан Тараптар хабардар.
|
|
2.9. Стороны уведомлены, что согласно п.1 ст. 325 Уголовного Кодекса Республики Казахстан: Подделка удостоверения или иного официального документа, представляющего права или освобождающего от обязанностей, наказывается до 2-х лет лишения свободы.
|
|
3. ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
|
|
3. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ ЗАЕМЩИКА.
|
|
3.1. Қарызалушының құқықтары:
|
|
3.1. Заемщик вправе:
|
|
3.1.1. Егер осы Шартқа сәйкес қарыз алу тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысты болмаса, Қарызалушы осы Шартты жасаған күннен бастап он төрт күнтізбелік күн ішінде қарыз берілген күннен бастап Банк есептеген сыйақыны төлеп, қарызды қайтаруға құқылы. Бұл кезде қарызды қайтарғаны үшін тұрықсыздық айыбы немесе басқа айыппұл санкция түрлері салынбайды.
|
|
3.1.1. в течение четырнадцати календарных дней с даты заключения настоящего Договора вернуть заем с оплатой вознаграждения, начисленного Банком с даты предоставления займа, если получение займа согласно настоящего Договора, не связанно с осуществлением предпринимательской деятельности, на приобретение товаров, работ и услуг. При этом неустойка или иные виды штрафных санкций за возврат займа не взимаются;
|
|
3.1.2. Егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мейрам күндеріне түссе, онда Қарызалушы тұрақсыздық айыбы мен басқа айыппұл санкцияларын төлемей-ақ негізгі борышты немесе сыйақыны одан кейінгі келесі жұмыс күні төлейді.
|
|
3.1.2. если дата погашения основного долга или вознаграждения выпадает на выходной либо праздничный день, то уплата вознаграждения или основного долга производится Заемщиком в следующий за ним рабочий день без уплаты неустойки и иных видов штрафных санкций;
|
|
3.1.3. Жазбаша өтініш бойынша Шарт бойынша қарызды өтеу есебіне кезекті түсетін ақшаны (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұл мен төленуге тиісті басқа сомаға) бөлу туралы ақпаратты жазбаша нысанда үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тегін, айына кемінде бір рет алу.
|
|
3.1.3. по письменному заявлению получить в срок не более трех рабочих дней, безвозмездно, не чаще одного раза в месяц в письменной форме информацию о распределении (на основной долг, вознаграждение, комиссии, неустойки, штрафы и другие подлежащие уплате суммы) очередных поступающих денег в счет погашения долга по Договору;
|
|
3.1.4. Шарт бойынша берілген ақшаны банкке ішінара немесе толық мерзімінен бұрын қайтару туралы өтініш бойынша – мерзімінен кешіктірілген төлемдерді көрсете отырып, қайтаруға тиісті соманы негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұл мен төленуге тиісті басқа сомаға бөліп, оның мөлшері туралы мәліметті үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тегін алу.
|
|
3.1.4. по заявлению о частичном или полном досрочном возврате Банку предоставленных по Договору денег – безвозмездно в срок не более трех рабочих дней получить в письменной форме сведения, о размере причитающейся к возврату суммы с разбивкой на основной долг, вознаграждение, комиссии, неустойки, штрафы и другие подлежащие уплате суммы с указанием просроченных платежей;
|
|
3.1.5. Қарызды алған күннен бастап алты ай өткеннен кейін тұрақсыздық айыбын немесе басқа айыппұл санкцияларын төлемей-ақ қарызды мерзімінен бұрын ішінара немесе толық көлемде өтеу.
|
|
3.1.5. досрочно погасить заем, частично или в полном объеме по истечении шести месяцев с даты получения займа без оплаты неустойки или иных видов штрафных санкций;
|
|
3.1.6. Көрсетілген қызметтер бойынша даулы жағдайлар туындаған жағдайда, Банкке жазбаша өтініш жасау және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өтінішін қарастыру тәртібі туралы» заңында белгіленген мерзімде жауап алу.
|
|
3.1.6. письменно обратиться в Банк при возникновении спорных ситуаций по получаемым услугам и получить ответ в сроки, установленные Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц»;
|
|
3.1.7. Осы Шарттың 3.2.2.-тармағында көрсетілген мерзімде Банкке жазбаша хабарлама бере отырып, нақты пайдаланған уақыт үшін сыйақы, сондай-ақ осы Шартта қарастырылған жағдайларда тұрақсыздық айыбын төлеу арқылы қарызды қайтару бойынша өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындау.
|
|
3.1.7. досрочно исполнить свои обязательства по возврату Займа путём предоставления в Банк письменного уведомления в срок, указанный в п.3.2.2. настоящего Договора и уплатив вознаграждение за фактическое время пользования, а также неустойку в случаях предусмотренных настоящим Договором.
|
|
3.1.8. осы Шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында банк омбудсманына жазбаша өтініш жасау.
|
|
3.1.8. письменно обратиться к банковскому омбудсману с целью урегулирования разногласий, возникающих из настоящего Договора.
|
|
3.2. Қарызалушының мiндеттерi:
3.2.1. Осы Шартта қарастырылған мерзiмдерде және мөлшерде қарызды толық өтеу және ол бойынша сыйақы төлеу;
|
|
3.2. Заемщик обязуется:
3.2.1. погасить полностью заем и выплатить вознаграждение по нему в сроки и размерах, предусмотренных настоящим Договором;
|
|
3.2.2. Несие берешегін мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеген жағдайда, Банкке бұл туралы өтеу күніне дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндеттенеді;
|
|
3.2.2 при досрочном полном/частичном погашении ссудной задолженности обязуется, письменно уведомить Банк об этом за 3 (Три) рабочих дня до даты погашения;
|
|
3.2.3. Осы Шарттың мiндеттемелерiн орындамаудың нақты немесе ықтимал жағдайлары туралы Банкке уақтылы хабарлау;
|
|
3.2.3. своевременно уведомлять Банк о реальных, либо потенциальных случаях невыполнения обязательств настоящего Договора;
|
|
3.2.4. Кепілберуші, кепілгер, кепіл болушы болатын үшінші тұлғаларға немесе Қарызалушының Банк алдындағы міндеттемелерін басқаша қамтамасыз ететін басқа да тұлғаларға негізгі міндеттеме сомасы, оны орындау мерзімі, сыйақы мөлшері туралы және Банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда осы Шартты орындамаудың салдары және Кепіл, кепілдік, кепіл болу шарттарын орындаудың салдары туралы хабарлау. Қажет болған жағдайда, Кепіл, кепілдік, кепіл болу шарттарын Қарызалушының Банк алдындағы міндеттемелерін қамсыздандыратын басқа шарттарды жасағанға дейін осы тұлғалар құпия ақпаратты жарияламайды деген талаппен осы тұлғаларды осы Шарттың мазмұнымен таныстыру.
|
|
3.2.4. известить третьих лиц, выступающих залогодателем, гарантом, поручителем либо в ином качестве, обеспечивающих тем самым обязательства Заемщика перед Банком, о сумме основного обязательства, сроке его исполнения, размере вознаграждения и последствиях неисполнения настоящего Договора и исполнения Договора залога, гарантии, поручительства в случае ненадлежащего выполнения своих обязательств в пользу Банка. В необходимых случаях ознакомить указанных лиц с содержанием настоящего Договора до заключения Договора залога, гарантии, поручительства и/ иных Договоров, выступающих обеспечением обязательств Заемщика перед Банком, на условиях не разглашения конфиденциальной информации этими лицами;
|
|
3.2.5. Осы Шарт қолданыста болатын кезеңде:
- бұл туралы Банкке жазбаша түрде хабар бермей, үшінші тұлғалармен ақша/қарыз немесе тауар, зат/тауарлық несие алуға байланысты Шарт және/немесе Келісім жасамау, қарыз, кепiлдiк, кепілдеме бермеу, сондай-ақ заңдық тұрғысынан ұқсас мәмілелер жасамау;
|
|
3.2.5. в период действия настоящего Договора:
- не заключать Договоры и/или Соглашения связанные с привлечением денег/займов либо товаров, вещей/товарный кредит с третьими лицами, не предоставлять займы, гарантии, поручительства, а также, не осуществлять сделки с аналогичной юридической природой без письменного уведомления об этом Банка;
|
|
- осы Шарт бойынша қаржылық мiндеттемелерді осы Шартқа қол қойған сәтте іс-әрекет ететін барлық басқа қаржылық міндеттемелерге қарағанда ең бiрiншi кезекте орындау.
|
|
- производить исполнение финансовых обязательств по настоящему Договору в первоочередном порядке по отношению ко всем другим финансовым обязательствам, уже существующим на дату подписания Договора;
|
|
3.2.6. Банктiң жазбаша келiсiмiнсiз кепіл заты болып табылатын өзiнiң меншiгiндегi мүлікті сенiмхатпен басқаруға бермеу, осы Шарт қолданыста болатын мерзімнен артық мерзімге жалға бермеу.
|
|
3.2.6. не передавать принадлежащее ему имущество, являющееся предметом залога в доверительное управление, не сдавать его в аренду на срок, превышающий срок действия настоящего Договора, без письменного согласования с Банком;
|
|
3.2.7. Қарызды тек мақсатына сай пайдалану немесе қарыздың белгілі мақсаты болмаған жағдайда, қарызды Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін мақсаттарда пайдалану.
|
|
3.2.7. использовать заём только в соответствии с его целевым назначением либо в случае отсутствия целевого назначения займа, использовать его на цели, не противоречащие Действующему законодательству;
|
|
3.2.8. Осы Шартты жасаған сәтте Банкке өзінің басқа банктердегі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы) барлық банктік есепшоттары туралы жазбаша түрде хабарлау, сондай-ақ осы Шарт қолданыста болатын мерзім ішінде Банкке басқа банктік есепшоттар ашқаны туралы оны ашқан сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлау.
|
|
3.2.8. письменно известить Банк обо всех своих банковских счетах в других банках (организациях, осуществляющих отдельные банковские операции) в момент заключения настоящего Договора, а также уведомлять Банк об открытии иных банковских счетов в течение срока действия настоящего Договора, не позднее 10 (десяти) календарных дней с момента их открытия;
|
|
3.2.9. пошталық деректемелері, мекенжайы, телефон нөмері мен тұратын жері өзгерген жағдайда, 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Банкке жаңа мәліметтерді хабарлау. Осы тармақта көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда, аталған талаптарды орындамаудың барлық салдары Қарызалушыға жүктеледі және осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша Қарызалушыға жіберілген барлық хат-хабарлар алынған деп есептеледі;
|
|
3.2.9. при изменении почтовых реквизитов, адреса, номера телефона и места проживания в течение 3-х (Трех) календарных дней сообщить Банку новые сведения. В случае невыполнения требований указанного пункта, на Заемщика возлагаются все последствия невыполнения данного требования и вся корреспонденция, направленная Заемщику по адресу, указанному в настоящем Договоре, считается Сторонами полученной Заемщиком;
|
|
3.2.10. Банкке осы Шартты орындау аясында Банк сұрауы мүмкiн кез келген мәлiметтердi ұсыну;
|
|
3.2.10. предоставлять Банку любую информацию, которую Банк может запросить в рамках исполнения настоящего Договора;
|
|
3.2.11. Банк көрсеткен мерзімде Қарызалушы ұсынатын қамсыздандыруды ресімдеу және үшінші тұлғалар ұсынатын қамсыздандыруды тиісті үлгіде ресімдеуді қамсыздандыру, сондай-ақ нарық төмендеу жағына қарай 10% астам тұрақсызданған жағдайда, Банктің бірінші талабы бойынша өз есебінен кепіл мүлкін бағалау туралы есеп беру.
|
|
3.2.11. в указанный Банком срок надлежащим образом оформить обеспечение, предоставляемое как Заемщиком, так и третьими лицами, а также предоставить по первому требованию Банка за свой счет отчет об оценке залогового имущества в случаях колебания рынка в сторону понижения более чем на 10%;
|
|
3.2.12. Қарыз бойынша берешекті жұмыс күні сағат 18.00-ден кешіктірмей өтеу. Төлемді сағат 18.00-ден кейін жасаған жағдайда, Қарыз төлем жасалған күннен кейінгі жұмыс күні өтелген болып есептеледі.
|
|
3.2.12.производить погашение задолженности по займу не позднее 18 часов рабочего дня. В случае проведения платежа после 18 часов, датой погашения Займа будет считаться следующий за ним рабочий день проведения платежа.
|
|
3.3. Қарызалушы:
|
|
3.3.Заемщик дает согласие:
|
|
3.3.1. Қарызды және/немесе сыйақыны және/немесе тұрақсыздық айыбын немесе осы Шартта қарастырылған жағдайлар мен талаптарда мерзімінен кешіктірілген қарызды өтеу қажет болған кезде, оған қызмет көрсететін барлық банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған кез келген банктік есепшотындағы ақшаны Банктің акцептсіз есептен шығаратынына сөзсіз келісімін береді.
|
|
3.3.1. на безакцептное списание Банком денег с любых банковских счетов открытых во всех обслуживающих его банках и организациях осуществляющих отдельные виды банковских операций, в случае необходимости погашения займа и/или вознаграждения и/или неустойки либо просроченной задолженности в случаях и на условиях предусмотренных настоящим Договором;
|
|
3.3.2. Қарызалушы осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік кепілі немесе кепілдік (кепілдіктер), Қарызалушының да, үшінші тұлғалардың да Банк алдындағы басқа міндеттемелері бойынша қамсыздандыру бола алатынына келіседі. Кепілге қойылған мүлікті Қолданыстағы заңнамасында қарастырылған соттан тыс немесе басқаша тәртіпте іске асырған жағдайда, оны іске асырудан түскен соманы Банк өз қарауы бойынша Кепіл заты қамсыздандыру болып табылатын міндеттемелерді өтеу үшін жұмсауға құқылы. Бұл кезде осы Шарттың тараптары осы тармақта көрсетілген процедураларды жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты Банк қолданатын барлық іс-әрекеттер банктік немесе коммерциялық құпияны ашу ретінде қарастырмайтынын және Қарызалушы алдағы уақытта ешқандай талап қоймайтын растайды.
|
|
3.3.2. что залог имущества либо гарантия (-и), выступающие в качестве обеспечения исполнения обязательств по настоящему Договору, могут выступать обеспечением по иным обязательствам, как самого Заемщика, так и третьих лиц перед Банком. В случае реализации заложенного имущества во внесудебном либо ином порядке, предусмотренном Действующим законодательством, сумму, вырученную от его реализации, Банк по своему усмотрению вправе направить на погашение обязательств, по которым Предмет залога является обеспечением. При этом стороны настоящего Договора подтверждают, все действия, которые будут предприняты Банком в связи с необходимостью осуществления процедур, указанных в настоящем пункте, не будут оценены Сторонами как раскрытие банковской либо коммерческой тайны и Заемщик в дальнейшем претензий иметь не будет.
|
|
3.3.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда, осы Шарт бойынша берешек сомасын өндіріп алу/қайтару мақсатында, оның ішінде осы Шарттың талаптарына сәйкес талап ету құқықтарынан бас тартқан жағдайда, берешекті қайтару бойынша қызметтер, сонымен қатар соттарда және мемлекеттік органдарда банктің мүддесіне өкілеттік ету қызметін көрсететін кез келген үшінші тұлғаларға Банктің ақпарат беруіне өзінің жазбаша келісімін береді.
|
|
3.3.3. В случае неисполнения и/или ненадлежащего исполнения обязательств по настоящему Договору, дает свое письменное согласие Банку на предоставление информации любым третьим лицам, предоставляющим услуги по возврату задолженности, а также услуги по представлению интересов Банка в судах и государственных органах в целях взыскания/возврата суммы задолженности по настоящему Договору, в том числе при переуступке прав требований в соответствии с условиями настоящего Договора.
|
|
|