Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет15/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушы: Абилова Арайлым
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы. 
Жетекші аты-жөні: Абежанова Надира
 
Тəуелсіздік-бейбітшілік пен бостандықтың басты белгісі. Тəуелсіздік сөзінің өзі 
үлкен күш-қуат пен ерік-жігер беретіндей дүние. Қазақ халқы талай қиын замандарды 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 16 - 
бастан кешірді. Біздің тыныш жəне мүмкіншілектері мол заманда өмір сүруіміздің бəрі 
тəуелсіздік үшін қасық қаны қалғанша күрескен ата-бабаларымыздың арқасы деп 
санаймын. 
Қазіргі таңда көптеген жас буындар тəуелсіздіктің маңыздылығын жəне онын қандай 
қиын жолмен келгенін біле бермейді. Дегенмен, болашақ жастар үшін байырғы ата-
бабаларымыз қандай қиын қыстау заманнан өтті десеңізші. Олардың басты мақсаты тек 
соғыста жеңіске жетіп, өздерінің өзгелерге бодандығынан құтылу емес, керісінше, сол 
тəуелділіктен мəңгі азат болу, ашық аспан астында мəңгі бірге ешкімнің тəуелділігінде 
жүрмей халқының тəуелсіз ел болуы еді. Шынында да, бұрынғы қазақ халқымыз тəуелсіздік 
жолында ештеңеге қарамастан, өздерін құрбан етті. Өйткені, тəуелсіздік ешқашан оңай 
жолмен келмеген жəне олардың бастан кешірген шайқастары ерең ерлік болып саналады. 
Тəуелсіздігімізді алған уақыттан бері ,еліміз бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Мəселен, 
бұрын өзге шет елдері біле бермейтін «Қазақстан» атауы енді төрткүл дүниеге мəлім болды. 
Аз уақыт аралығында жас Астанамыз бой көтеріп, əлемнің дамыған қалалар қатарына 
қосылды. Өз еліміздің нышандары Елтаңба енгізіліп, көгілдір Туымыз желбіреп
Əнұранымыз асқақтай шырқалып, рухымыз жігерлене түсті. Отанға деген сүйіспеншілік 
жастарымыздың арасында артып, қазақ тілі кеңінен қолданысқа ие болды. Мемлекетіміздің 
экономикасы қарқынды дамып, халықтың əл-ауқаты жақсарды. Жастарымыз білім, өнер 
жəне спорт жолдарында жүлделі орындарына ие болып, еліміздің абыройын асқақтатуда. 
Осының бəрі ата-бабаларымыз бізге қалдырған қасиетті мұрасы мен Елбасының билік 
жолындағы 
сəтті 
жоспарының 
нəтижесінде 
деп 
ойлаймын. 
Қорытындылай келе, тəуелсіздік еліміздің тұғыры деп есептеймін. Бұл біздің сонау 
ғасырлардан келе жатқан өшпес ізіміз жəне мызғымас тарихымыздың бірі. Ата-бабамыздан 
қалған құнды мұрамызды сақтап, оны жаңғырту біздің қолымызда деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет