Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Асанжан Сағадат 
Жетекші: Назарымбетова Айгуль 
Тəуелсіздік - бұл алаш елінің ежелден аңсаған арманы. Осы тəуелсіздік жолында ата 
бабамыз не көрмеді. Ел басынан азап та, аштық та, соғыс та өтті. 
Мұндай сұрапыл күндерді ұмытуға болмайды, болашаққа жеткізіп отыру 
əр қазақтың міндеті. Ежелгі заманға үңілсек сақтардың XV ғасырда құрылған 
қазақ хандығының 
тəуелсіздік 
үшін 
күрестерін 
XVIII 
ғасырдағы 
қанша 
батырларымыздың ұлт-азаттық күрестері, одан бертін келе “жұт” салдарынан аштықтың 
болуы, ол аздай қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргін, ұлы Отан соғысы тіпті, 1986 
жылғы желтоқсан оқиғасындағы жастар көтерілісі. Бəрі-бəрі “қазақ” атауын жою, жерін 
алу мақсатында болған оқиғалар. Алайда ержүрек, отан сүйгіш, қайсар, батыр, 
батыл халқымыздың арқасында “қазақ” атауы жойылмай, жері сақталып қалды. Осылайша, 
1991 жылы Қазақстан тəуелсіз мемлекет болды. Мемлекеттің тəуелсіздігі ең алдымен 
халқымыздың бақыты. Тəуелсіздік - қазіргі таңда барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. 
Қорыта 
айтсам, 
бүгінгі 
күні 
халқымыздың 
өткенімен 
қалған 
өнегені, 
отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, əрі қарай болашақ біздер бойымызға 
енгізіп, ата-баба аманатына қиянат жасамай, жаңа Қазақстанға үлес қосуымыз қажет. 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Мадиярхан Айару 
Жетекші: Назарымбетова Айгуль 
 
Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс. Тəуелсіздік сөзінің мағынасы қандай 
терең, астары қандай кең. Осы сөзді қаншама ата-бабамыз естімей кетті. Ендеше сол 
тəуелсіз өмірге қалай жеттік? 
Ең алдымен, осы тəуелсіз елде өмір сүруіміз, қаншама тер төгіп, жанын құрбан еткен 
ата-бабамыздың арқасы деп ойлаймын. Оған дəлел батырларымыздың ерлігі. 
Биыл біздің егемендік алғанымызға 32 жыл. Отыз екі жылда еліміз көркейіп
жандануда. Спорттан да көптеген жетістікке жеттік. Қазақстан аз ғана уақыттың ішінде 
дамушы 50 елдің қатарына кірді. Тəуелсіздік күні-біздің Қазақстанымыз үшін қастерлі 
мереке. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап тұрақты түрде аталып өтілуде. Қазақстан 
мемлекетінің тəуелсіз азаматымыз. Бізге бұл тəуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Ата-
бабаларымыз сан жылдар бойына армандап, қаншама қазақ зиялылары мен батырлары 
батыл ұл-қыздарымыз жанын пида етіп, қасық қандары қалғанша, жері, елі тəуелсіздігіміз 
үшін күрескен.


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 37 - 
Дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында тұратын жеріміз бар, қазба байлығымыз 
сан түрлі, минералды ресурстарға өте бай, əлемнің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын 
бойынша бірінші, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец бойынша үшінші, мыс 
төртінші, уран бесінші, алтын алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель сегізінші, 
көмір мен табиғи газ тоғызыншы, мұнай бойынша оныншы орында тұр. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, біз жастар тəуелсіз Қазақстанның 
болашағымыз. Ендігі біздің мақсат ата-бабамыз аңсаған еркіндікті қорғау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет