«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 35 -
қаны қалғанша күрескен жерімізді құрметпен, қорғанымыз абзал. Қазақстан
Республикасының Тəуелсіздік күні əр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтіледі. Бұл күн
ұлттық мерекелік күн болғандықтан 16-17 желтоқсан күндері тəрбиелік іс шаралар өтіледі.
Біз жастар тəуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата- бабаларымыздың арманы
тəуелсіздік, ал біз тəуелсіз елде өмір сүреміз. Біз бақытты ұрпақпыз. Тəуелсіздік- ащы
термен келген тəтті жеңіс. Ендігі мақсатымыз осы еркіндікті баянды ету. Ел
болашағы
біздің қолымызда!
Тəуелсіздік – тұғырым
Оқушы: Əйменова Ақжан
Жетекші: Бердимуратова Айгуль
-Туған жерің қалай тəуелсіз ел болды?- деп менен əлдекім сұраса болғаны ,
менің ойыма XV ғасырдың орта шенінде қазақ тайпалары Əбілқайыр хандығынан бөлініп,
Жетісу жеріне келіп, «Қазақ хандығының» құрылғаны жайлы кезеңдері көз алдыма
келіп, осы уақыттан бастап қазақ елінің өз «тəуелсіздігін» сақтап қалу жолындағы күресі
сол кезеңнен басталып, ол ХХ ғасырдың 90-шы
жылдарына дейін жалғасын тауып,
түбінде егеменді ел атанғаны ешқашан жадымнан кетпейді.
…1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп құрған Жоңғар хандығына қарсы қазақтардың
өз «тəуелсіздігін» қорғау жолындағы күресі бір ғасырдан да артық уақыт үздіксіз
жүргізілді. Тарих бетінде қазақтар үнемі алдыңғы шептерде ғана соғысса да
олардың таңғажайып ерліктерін бағаламау, лайықты құрмет көрсетпеу де орын
алды. Мысалы, Москваны қорғау кезінде жауға қатты қарсылық көрсетіп,
оларды зор
шығынға ұшыратқан «Қазақстандық 316 атқыштар дивизиясының» «Панфилов дивизиясы»
аталуы, таңғажайып ерліктерімен аттары аңызға айналған «28 Қазақстандықтың» «28
Панфиловшылар» аталуы, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов, т.б. батырларға
лайықты құрметтің берілмеуі жəне тағы басқа деректер осының айғағы. Жауды жеңіп шығу
үшін тылда да бар күш-жігерін аямай, ерен ерліктерімен дүние жүзін тамсандырған қазақ
елінің жері полигон алаңына айналдырылып, зиялы қауымды қудалау одан əрі жалғасты.
Бұл шаралардың барлығы да «тəуелділікті» еш мойындамаған, қандай жағдайда да
«тəуелсіздік» үшін күреске дайын халықтың ерік, күш-жігерін мұқату, жасыту
мақсатында жүргізіліп жатқан істер еді. Қазақ елі еш жасымастан «тəуелсіздігі»
үшін күресті жалғастыра берді.
Бүкіл əлемді елең еткізген 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы қазақтардың «тəуелді»
болуға
ешқашан көнбейтін, «тəуелсіздігін» қалпына келтірмейінше тыншымайтын ел
екенін дəлелдей түссе, Кеңес үкіметі басшыларының жергілікті халықтың мүддесімен
санаспауынан туған 1989 жылғы Жаңаөзен көтерілісі қазақ елінің «тəуелсіздігін»
жариялауын, өз алдына «егемен» ел болуын тездетті.
Осылайша қазақ халқы 5 ғасырдан артық уақыт бойына өз «тəуелсіздігін» сақтап
қалу жолында үздіксіз күрес жүргізді жəне «тəуелділікті» ешқашан ресми мойындаған жоқ,
ал «тəуелді» етпек болғандар ақыры толық мақсаттарына жете алмады.
Заманында əлемді сұраған грек-македон, парсы патшалығы сияқты алыптарды
тоқтатқан «сақтардың» ерлік-жігері бүгінгі ұрпақтарының бойында
сақталып қалғанын
жəне мəңгі сақталып қалатынын, Еділ, Күлтегін, Қасым, Абылай, т.б. ұлы қолбасшылардың
жалғаса беруіне ешқандай зұлматтың кедергі бола алмайтынын, қазақ елі XX ғасырдың
90 жылдардың басында Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен өз «тəуелсіздігін» жариялауы
жəне «тұңғыш президентін» сайлауы арқылы дəлелдеп берді.
Қорыта келгенде, қазақ елі біреуге тəуелді
болған жоқ, жеріне түрлі себептермен
қоныс аударған өзге қарапайым халық өкілдерімен бірге өзіне тəн кең пейілділік пен
«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 36 -
татулықта өмір сүре отырып, бұдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын құрылған мемлекеттің
«тəуелсіздігін» қорғау жолында күресіп, ақыры 1991 жылы 16 желтоқсанда өз
«тəуелсіздігін» сақтап қалуға қол жеткізді. Ел тəуелсіздігін аяғынан нық тұрғызу үшін де
бүгінгі таңда елбасымыз Қ. Тоқаев атамыз көптеген жұмыстар атқарып жатыр.
Мен осындай
берекесі
мен
бірлігі
сақталған
елде
дүниеге
келгеніме
қуанамын, шаттанамын. Біздің Қазақ елі неткен бақытты десеңізші...
Достарыңызбен бөлісу: