Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Қанатқызы Аружан 
Жетекші: Маликова Майгуль Избасаровна 
Тəуелсіздік – ата- бабаларымыздың
жүздеген жылдармен өлшенетін арман- аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. 
Нұрсұлтан Назарбаев 
Менің ойымша, біз ата- бабамыздың «тəуелсіздік» - деп аталатын аманатын 
ұрпақтарға жеткізу міндеттіміз. Себебі, осы тəуелсіздік жолында қазақтың талай батрылары 
қыршынынан қуылды. «Тəуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні» - дегендей, тəуелсіздік 
бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең – 16 желтоқсан тəуелсіздік күні. 
Тəуелсіздік күні – Отанымыздың əрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Қазақстан 
Республикасы өзін бейбітшіл əрі жасампаз ел ретінде əлемге танытты. 
Сайып келе, тəуелсіздік – ұлы ұғым. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде 
өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?! 
Еркіндік, бостандық сөздері қоғамдағы əрбір азаматтың жанына жылулық беретін 
сөздердің бірі. «Ханның да, қараның да рухани өзегі – тəуелсіздік. Өзегінен айырылған ел 
өледі» - дегендей, елдікке қатысты селқос қарауға болмайды. Себебі «Тəуелсіздік – тəтті 
сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік». Демек, бүгінгі тəуелсіз Қазақстанда өмір сүріп 
отырған қазақ елі азаматтары өткенде де, болашақты да бір сəт есінен шығармауы қажет. 
Ойымды қорытындылай келе, тəуелсіздік алуы термен келген тəтті жеңіс, теңдесі жоқ ұлы 
бақыт! 
Тəуелсіздік – тұғырым 
Оқушы: Аманкелді Меруерт Нұржанқызы 
Жетекші: Қожаниязова Қарылғаш Ерікқызы 
Тəуелсіздік ол қасиетті ұғым. Ол ата- бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған асқақ 
шыңы. Ол азаматтың таңы, еліміздің мызғымас тұғыры. Тəуелсіздік таңбасы таста, қаны 
қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. 
Тəуелсіздік жолында талай ұлтжанды азаматтар қыршыннан қиылды. Жазықсыз 
өмірден ерте кетті. Олар елге бостандық сыйлады бірақ, өздері сол бостандық дəмін тата 
алмай кетті. Тəуелсіздік батырлары азаттық жолында құрбан болды. «Болашақ ұрпақ біздей 
күңгірт əлемде емес, күннің көзін көріп, еркін болсын» деп армандап қана қоймай соны 
мақтан тұтты. 
Еліміз тəуелсіздіктің бесігінде тербелгені міне 32 жыл болады. Осы жыл ішінде 
Қазақстан етік- жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына зайырлы мемлекет болды. 
Тəуелсіздігіміздің арқасында көптеген шет елдермен жақсы қарым- қатынас орнатып, 
жастарға Еуропа ТМД елдерінде тəжірибе алмасу, білім алу секілді көптеген мүмкіндіктер 
ұсынылып отыр. 2017 жылы елімізде «ЭКСПО – 2017 жылы көрмесі өтті, оның мақсаты 
«Жасыл энергия» болашақ жоспарын таныстыру.


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 64 - 
Біз, өскелең жастар, тəуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата- бабаларымыздың 
аңсаған арманы- тəуелсіздік бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы 
бақытты жандармыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет